Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж


Әль – Фарабидің гуманистік көзқарастары



бет4/7
Дата05.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#1193
1   2   3   4   5   6   7
Әль – Фарабидің гуманистік көзқарастары .

Әбунасыр Әль – Фараби философиялық ойлаудың обьектісі ретінде адам және адамзат қоғамы мәселесін қарастырады . Бұл мәселені Алла шешті деп , ал оның жауаптарын Құран кітабында жазылған деп есептеген , ортодоксальды дін иелеріне қарама – қарсы Әл – Фараби философиялық көзқарастарды жақтады . Әл – Фараби дәуірі кезінде философия алдында бүтін гармониялық екі абсолюттік қарам – қарсы бағытқа бөлінбейтін құдайшыл адамзат өмірінің тұрмысын құру мәселесі тұрды . Осы мәселені шешуді Әл – Фараби бар ынтасымен рациональды білімнің бүкіл қоғамға және адамға қажетті екенін дәлелдеуге тырысты .


Әл – Фарабидің адамгершілік қасиеттері ой – сана , бақыт және адамгершілік туралы өз еңбектерін байқатуға болады . Фараби дәуірінде экономика , мәдениет және ғылымның өсуі сол кездегі ойшылдардың адам санасының күшіне сенімін нығайтуға әсер етті . Адамның талантын , білімін , оның дарындылығын мойындау күшейді . Бір кедегі ертедегі грек философиясы революцияшыл болды . Сол кезде антикалық орта өзінің тілінде өз ойын айта алды . Мысалы : адамға берілген анықтамада былай деген : « Жануар екі аяқты және түксіз » .
Фараби адамның тұрмысының мақсаты одан шығатын адамның ақылдылығынан деп түсінді . Аристотель ізімен Әл – Фараби әрбір заттың табиғаты өзі қолданылатын тұрмыста алатын орнымен бағаланды деді . Ол адамның ортада өзін еркін ұстау керек екенін айтты . Фараби адамдарды дүние танымда ерекше болды . Ол « адамдарды ақылды жануар » деді .
Фарабидің айтуынша адам өзінің жетілу жолында « адамдықтың баспалдағынан » өтеді . Оның үш жолы бар :

  1. Потенциалды ақыл – ой .

  2. Игерілген ақыл - ой .

  3. Күшті аыл – ой .

Бұл адам ақылын жетілдіру идеясы Фарабидің сологиялық теориясының логикалық тұжырымы .
Фарабидің « бақыт туралы ілім адамның өмірінің мүддесі » деген теориясы оның ақыл – ой туралы ілімінде жазылды . Фараби заманында бақыт туралы оның табиғаты туралы , оған да орын алған ең маңызды мәселелердің бірі .
Бақыт ақыл – оймен , қайырымдылықпен негізгі катеогориясы және оның қоғамдық саяси сипаттағы « азаматтық саясат » , « бақытқа жету жолын көрсетілетін кітап » , « Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы» сияқты шығармаларының басты тақырыбы болды .
« Адам үйлесімді өмір сүру үшін бақыт қажет » - деді Фараби . Ол Платонның соңын ала бақыт неден тұрады , оның табиғаты қандай ? деген сұрақ бойынша жауап іздеді .
Бақыт сұлулықты ма , байлықты ма , атақ – абыройды ма деген сұраққа жауап берді .
Фараби , Сократ , Аристотель , Платонның « адамның екі өмірі болады » деген пікірімен келіспеді . Олар адмның бірінші өмірі жер бетіндегі өмірі , екіншісі өлгеннен кейінгі өмірі . « Адамның аллғашқы және соңғы қызметі болады , соңғы қызметі бұл өмірде емес , ол дүниеге сәйкес келеді . Адам бұл өмірде өзі қайырымды болмасада қайырымды істер жасайды » . Фараби бойынша адамның қайырымдылық санасы бүкіл өмірінде созылып , ал ол өлгенде аяқталады , сондықтан « Өмірді сүю қажет , өмір адамға қайырымдылық жасауға , бақытқа жетуге мүмкіндік береді » . Сондықтан адам өлімнен қорытпау қажет , ол дүниеде қайырымдылық та , зұлымдылық та жоқ .
Фараби баытқа жету заңында адамдардың теңдігін жақтады . Ол , әрбір адам туған кезден бастап бақытқа жетуге мүмкіндігі бар » - деп есептеді . Фараби феодализм заманының өкілі ретінде бақыттың мынадай түрлерін айтты : көрінісі , саны , сапасы бойынша . Бақытты бұлайша бөле отырып ең бақытты адам ақылдылар , философтар деп санады .Фараби бақыттылықты қайсы бір әлеуметтік топтың өкілі екеніне қарамастан адамның білімділігімен байланыстырады Феодалдық топтың идеологы ретінде ол қоғамның төменгі топтары бақыттан кенде деген ойда болды . Бұған біз Фарабидің бақыт туралы ілімнің тарихи шектеулігін көреміз .
Аристотельдің санын ала Фараби қайырымдылықты этикалық және рационалды деп бөлді . Этикалық қайырымдылыққа ерлік , ақкөңілділік , әділеттілік , ал рационалды қайырымдылыққа ақылдылық , интелект / жан - жақтылық /, мидың өміршеңдігі жатады .
Бірінші бұл бөлу формальды түрде болды . / Осы арқылы / яғни қайырымдылық ілімі арқылы ойшыл этикалық және рационалдық адамгершілік пен ақыл – ойдың байланысын көрсетіп оның кім танымаса сынға алды . « Ақылдылар – деп Фараби зұлымдықтан қашатын , қайырымдылық жасай алатын адамдарды » - атады .
Егер осы « ақылдылық » этикалық мәнде болса , онда этикалық қайырымдылық ақылдылықтың белгілері болады .
Қайырымдылықты үйренуге бола ма ? Бұл Фараби үшін өте маңызды мәселе болды . Оның шешілуін адамның жеке қызметінің идеясымен адамшылықтың жоғарғы шыңына - бақытқа жетуімен байланыстырады . Көне гректік философияда бұл мәселе Сократ , Аристотельді де ойландырғаны туралы бізге мәлім . Олардың бәрі де « шын және нағыз қайырымдық адамға табиғат арқылы әсер етеді » деген тұжырымдар жасаған.
Фараби жаңа туылған нәрестенің ақыл – ой , миы , таза болады , қайырымды және зұлымдықтың ешқайсысын таңдай алмайды , қайырымдылық адамның өмірінің процесінде жиналады деп есептеді . Фараби « адам ақылды немесе ақылсыз болып пайда болмайды , ол туғаннан табиғатынан тігінші немесе хатшы бомайды » - деді . Ақыл өзінің ақыл – ойы арқылы қайырымдылықпен зұлымдылықтың ара - жігін ажырата алады , ол қайырымды және зұлымдық істерді қайталай отырып нақтылы бір мінездерді меңгереді .
Фараби қайрымдылықты үйретуге тәрбиемен оқудың маңызды роль атқаратын айтып өтті . Жақсы мінез ақыл – оймен бірге қайырымдылықтың шарты болса , Фараби грек ақыл – ой иелері сияқты адамның қайырымды болуында оның сезімінінде маңызды роль атқаратынын атады . « Адам дүниеге келгенде таза мектеп тақтасындай болады , тақта бетіне әр адам өз қолжазбасын жазып қалдырғандай кішкене нәрестенінде таза санасына өсе келе әр нәрсе жазылады » - деді Фараби . Бұл оның еңбектерінде деп аталды.
Орташа іс – қимылдарды Фараби адамның денсаулығы үшін пайдалы есептеді . Ол адамнан тәртіпті талап ететін шара сақтауға оқытты. Шара / меры / сақталмаса – деді философ , адам ешқашанда бақытты бола алмайды .
Еріктің күшімен еркіндіктің байланысы туралы Фараби ойының негізгінде адамның қайырымды болуы үшін ең көректі еркіндігі туралы терең гуманистік идея жатыр . Фараби « Кул » деген ұғымды шектеулі түрде қарайды , оның әлеуметтік мазмұнын ашқысы келмейді . Фарабидің ойынша құл стоиктердің / бірде материализмді , бірде идеялизмді жақтаушылар / пікірі сияқты сыртқы жағдайда ешқандай билігі жоқ . Стоиктер адамның еркіндігін оның іішкі тәуелсіздігін сақтауда деп біледі , ал Фараби болса адамның еркіндігі адамның еркіндігі адамның қайырымды іс жасауға бағытталғанында деп қарастырды . Бұл екі жағдайда да құл туралы түсінік шектеулі болды . Оның әлеметтік өмірі ескерілмеді бұдан шығатын қорытынды құл өзін өзгертіп , еркіндіктемін деп сезінсе болғаны . « Игілікті болып табылатын әрекеттер – екі қарамам – қарсы шектіңс арасындағы ұнамды істер , ал ол екі шектің екеуі де жаман әрекеттер : біреуі – молшылық , екіншісі – тапшылық . Дәл сол сияқты қайырымдылықта екі түрлі күйдің арасындағы рухани күйлер мен қасиеттері , ол екі шеткі күйдің екеуі де теріс жағдай : біреуі - ысырапшылық , екіншісі – тапшылық . Мәселен таза ниеттілік бұл екеуінің бірі - құмарлық – ысырапшылық , екіншісі – тапшылық . Мырзалық – сараңдықпен ысырапшылықтың аралығы. Ерлік – ессіздік пен қорқақтықтың аралығы . Қарапайымдылық – қасиет , бір жағынан , ұялшақтықтың аралығындағы адамгершілік қасиет . Ізгілік – бір жағынан , мақтаншылықтың , менмендіктің , атаққұмарлықтың және екінші жағынан мүсәпіріліктің аралығы . Мейірбандық – шексіз ашу мен адамның мүлде еш нәрсеге ашуланбайтын күйінің аралығы . Ұялшақтық – бір жағынан ұятсыздықтың және , екінші жағынан , жасқаншақтық пен ұяңдықтың аралығы . Достық көңіл – жек көрушілік пен жармасақтықтың аралығы » .
Фарабидің ойынша адам құдайдың араласуынсыз белсенді түрде еңбек етіп өзін жақсы үлгіде тәрбиелей отырып қайырымды бола алады . Фараби қайырымдылықты үйренудң маңызы туралы бір жағынан ұятсыздық тың және , екінші жағынан , жасқаншақтық пен ұяңдықтың аралығы . Достық көңіл - жек көрушілік пен жарамсақтың аралығы ».
Фарабидің ойынша адам құдайдың арасуынсыз белсенді түрде еңбек етіп жақсы үлгіде тәрбиелей отырып қайырымды бола алады . Фараби қайырымдылықты үйренудің маңызы туралы жаза отырып , әрбір адам бақытты , бірақ оған жететін жолды біле алмайды . Бұл адамдар үшін мұғалім немесе басшы , яғни бақытқа жететін жолды көрсететін адам қажет . Қайырымдылар әртүрлі әдіс бойынша бөлінеді : оқуы , тәрбиесі және сенімі бойынша . Осыларды пайдалану арқылы Фараби адамдарды халық , бұқара , ғалымдар деп үшке бөлді . Ғалымдар – қайырымдылықты меңгерген адамның таңдаулы өкілдері . Бұлар білімнің қайнар көзі бұқара сияқты қоғамдық пікірді танумен анықталады .
Фараби қайырымдылық барлық адамдарға керек деп оқытты .
Ақыл – ой , бақыт , қайырымдылық Фарабидің ілімінде гуманистік принцип болып қарастырылады , оған адам өзінің жеке күші арқылы жетуге мүмкіндігі бар . Бұл мақсаттарға жетуге ұмтылатын жан ретінде адамды қарастыра отырып Фараби прогрестік даму идеясын алады . Ақыл - ой , бақыт , қайырымдылық , « бостандық » , « теңдік » сияқты Фарабидің көзқарасында адамның тұрмысына қатысты . Білімнің бұл бағалылығын : қаырымды , ақыл – ой , ерік , бақытты болу үшін білу керек және тану керек . Білім – бұл барлық қоғам мен жеке адам үшін бағалықты меңгеру құралы .
Фарабидің адам концепциясы оның әр компоненттегі орын туралы көзқарастық мәселенің шешілуімен байланысты : құдай – бейбітшілік - адам - қоғам және бұлардың арасында құдайдың мәні туралы , құдайдың бейбітшілікке қатынасы туралы , олардың адамға ықпалы туралы , адамның табиғаты туралы бір – бірімен байланысты .
Әл – Фараби жаңа мәдениет жағдайда құдай мәселесінің шешілінің шектеулігін түсінді : құдайдың ашарлық концепциясында құранның концепциясымен салыстырғанда еш қандай өзгеріс болмайды , ал құдайдың мутазилиттік концепциясы оны қанағаттандырмады . Алайда бұл құдайдың мутазилиттік концепциясы философияның талабына жауап бере алмады , сонымен бірге адам және адам қоғам арасындағы байланыстың қалай іске асырылатыны жөніндегі сұраққа да жауап бере алмады . Сөйтіп мутазалиттер құдайдың бейбіт өмірге қатынасын қарастырмады , орта ғасырлық дәуірде негізгі көзқарастық мәселені ашық қалдырды . Мұсылман ретінде өз дәуірінің ұлы ретінде Фараби бір ғана құдайды танып « Құдай бар деген мәселені қойды ». Өз дәуірінің әлеуметтік мәселесін шеше отырып Әл – Фараби құдайдың жеке адаммен және қоғаммен байланысын қалай іске асыруын көрсетуге тиіс болды .
Құдайды тану , құдай мен адамның қарама – қарсылығы туралы исламдық ілімді игерген гуманистік көзқарастың дамуына жағдай жасады .
Фараби адамның жеке бас құндылығын дәлелдеуді алдына мақсат қойды . Сондықтан оның бұл мәселені шешуі Фараби мен Плотиннің обьективтік – идеялистік құрылымына қарамастан , плотиндік шешуден өзгеше болды . Құдайды түсінудегі өзгешілік тұрмыс пен өмір сүру туралы мәселені шешуге әсер етті .
Әл – Фараби үшін екі тұрмыс бар ? Олар жоғары орта және материалдық дүние – бір - бірімен тең және бір – бірін толықтырып отырады . Материалдық дүние әдемілікке , дауыс ырғағының дұрыстығына толы . Оның өмірі тұрмыстың жоғарғы сферасына байланысты емес , ол өз заңы бойынша дамиды . Фарабидің ойынша құдай материалдық дүниеге араласпайды .
Фараби қоршаған орта екі себеп бойынша өмір сүреді : өмір сүруге , не өмір сүрмеуге мүмкіндігі бар . Фарабидің бұл тұжырымы оның алғашқы , Құдай бар , оның болмауы мүмкін емес » - деген тұжырымымен бесігі іспеттес .
Материалдық дүниенің дамуы төменнен жоғарыға қарай , төрт элементтен тұратын алғашқы материядан : от , су , жер , ауадан өсімдіктерге , жануарларға тұрмыстың сатысы адамға қарай жүреді .
Фараби төртеуінің арасуынан құралғанда элементтермен алғашқы материядан бөлінгендігін көрсетеді . Күрделі араласудан минералдар пайда болса , онда күрделі араласудан ақыл – ойдан жүрдай жануарлар пайда болады ; ол адам ең соңғы күрделі араласудан пайда болады .
Адамның денелік және рухани тұрмысы болады . Фараби бұлардың арасындағы байланыстық материя мен форма арасындағы қатынаспен салыстырады . Материямен форманың бөлек өмір сүре алмайтығыны сияқты , денеде тәнсіз өмір сүре алмайды. Материя формаға қатынасында алғашқы болса , денеде тәнге алғашқы қатынасы болып табылады . Адамның орны туралы Фарабидің ілімінде адамды табиғаттың бір бөлігі ретінде материалистік түсінудің тәсілін көреміз .
Жетілген адам туралы ілімінде Фараби , ойшылдық адамгершілік – этикалық утопиясы толығымен көрінді . Оның әділ басқарушы және қайырымды қала туралы ойы Таяу және Орта шығыстың сол кездегі халқының « әділ » « қала » және әділ басқарушы » туралы арманымен бірікті , Фараби қоғамындағы халықтар осы арманды іске асыру үшін феодалдарға қарсы көтеріліске шықты .
Әл – Фарабидің этикасының ең жоғарғы категориясы – бақыт , өйткені басқа бірдене үшін емес , тек өзі үшін қажет болатын игілік және ең жоғары игілік осы бақыттың бойына шоғырланған . Атап айтқанда этика және оның практикалық мағынасы осы шеңберде ұштасады , дүниенің жалпы үйлесімін , оның құрылысының сұлулығын ұқпайынша шын бақытқа жетуге болмайды .
Бірақ әділеттіктің о дүниеде қамтамасыз етілу мүмкіншілігі , тіпті де бұл дүниедегі өмірге мейлінше жиренішпен қарау деген мағынада түсінілуге тиісті емес . Әл – Фараби былай дейді : « Қайырымды адам өзінің өлімін зорлап жеделдетуге тиісті емес , өйткені өмірге деген сүйіспеншіліктің өзі ізгіліктің сарқылмас көзі болып табылады » ,
Жеке бастың тұрғысынан қарағанда , бақыт дегеніміз , Әл – Фарабидің пікірінше , адамның адамгершілігіне негізденеді . Ол ұғымға зеректік пен терең ақылдылықтың үстіне , жақсы мінез – құлық та кіреді . Бұл соңғы қасиет адамның іс - әрекетінен тіпті тәуелсіз жатқан әуел бастан берілетін бірднене емес Жазу өнерінде жетіле түсу шеберлікке жеткізетін сияқты , абзал іс - әрекеттерді үйрену , осыларды зорлау жолымен емес , қуанышқа кенелетін табиғи жолмен әдетке айналдыру жақсы мінез – құлықты қалыптастырады . Мінез – құлықтар іс - әрекеттер арқылы және керісінше көрінеді .
Ақыл – ой , адамгершілік этикалық – адамгершіліктен айырғысыз нәрсе : ақылды , демек , ол адамгершілігі мол , қайырымды адам . Жетілу үшін өзіңе өзін барынша адал болуың қажет , мұның , әсіресе өз бойыңда бар абзал қасиетті тани білуге , соларға ие болуға және соны дамытуға қатысы бар .
Фарабиді шығыстың Аристотелі деп танимыз. Ол ғылымның алуан түрлі саласын – философия мен логиканы , математика мен физиканы , астрономия мен ботаниканы , минерология мен лингвистиканы , медицина мен музыка зерттеумен қатар социологиямен этика , эстетиканың мәселелерін де естен шығармаған .
Этика Фараби мұрасының ішінде үлкен орын алады . Этиканы ол ең алдымен жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады .Сондықтан оның этика жөніндегі концепцияларында жақсылық , мейірбандық басты роль алады. Жақсылық өмірдің мазмұн – мағынасының бір бөлігі , сондықтан ол өмірмен біте қайнап жатыр , Ал жамандық жақсылық сияқты емес , ол болмыс жоқ жерден пайда болған дейді . Ұлы ғалымның осынау этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі , ол адам баласын жаратылыстың , бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы , сондықтанда адамды құрметтеу , қастерлеу керек деп түсінді . Бірақ жамандықты жақсылық жеңгенде ғана адам баласы ізгі мұратына жетеді деп қарайды .
Фараби бұл салада жасаған қорытындының басты түйіні – білім , мейірбандық , сұлулық үшеуінің бірлігінде Фарабидің гуманистік идеялары әлемге кең тараған . Ол ақыл – ой мен білімнің биік мәнін , халықтар арасындағы туысқандық принциптерін егіле жырлады , адамгершілік мораль мәселесін діни тұрғыдан берілетін негіздеу тар шеңбердегі тайыз далбаса екенін көрсетті . Ол өз заманындағы қоғамға тән феодалдық моральдық жағымсыз жақтарын сынады . Оның еңбектерінде берілген көптеген этикалық тұжырымдар қазіргі заман жағдайында да өзінің танымдық мәнін жойған жоқ .
Шешендік , өнер . музыка , поэтика т.б. жөніндегі еңбектерінде айтылған көркемдік – эстетикалық көзқарастары әлі күнге мәнін жоймаған . Оның ой – пікірлері принципті түрдегі аса маңызды зор эстетикалық ой- пікірлері ғасырлар белесінен асып , біздің заманғка жетті , олардың әліде мәні зор . Фараби шешендік туралы былай деді : « Шешендік - әңгіме жүргізу қабілеті , оның көмегі арқасында қолдауды немесе аулақ болуды керек қылатын жеке мүмкін заттар жөніндегі әңгімелесушіні сендіру шеберлігі қалыптасады . Алайда мұндай қабілетті игі істер үшін , пайымдағыштар игі істер үшінде , ал сұмдар пасықтық істер үшін пайдаланады ».
Ұлы ойшылдың көз тіккен эстетикалық проблемаларының ауқымы үлкен , шеңбері кең . Соны зерттеу үстінде ол өзінен бұрыңғы ұлы ойшылдардың прогресшіл дәстүрлерін бойына сіңіріп , ілгері дамыта отырып , заман талабына нақтылы тарихи байланыста Әбу – Наср әл – Фараби сан ұғымын оң нақты сан ұғымына дейін кеңейту туралы аса маңызды идея ұсынды . « Ғылымдардың шығуы » деп аталатын трактатында математиканың шығу тегі мен себептерін ашуға тырысады . « Евклидтің бірінші және бесінші кітаптарының кіріспелеріндегі қиын жерлерге түсініктеме » деп аталатын еңбегінде математиканың методология, мәселелері жөніндегі құнды – құнды пікірлер айтқан . Ол ұзақ уақыт мінсіз , мүлтіксіз саналып келген Евклид . « Негіздерін » сынауға , өңдеуге , түзетуге болатынын іс жүзінде көрсетіп , математиктерге дұрыс жол сілтеген. Әбу Наср әл – Фараби математиканың философияның іргетасын қаласумен қатар , оны табиғат құбылыстарын зерттеуге батыл , қолданудың қасиеттігін іс жүзінде танытты . Әбу Наср әл – Фарабидің пікірінше , математика анық , ақиқат білімді береді және басқа ғылымдардың дамуына күшті ықпал жасайды . « Астрологиялық болжамдарда да не дұрыс , не
теріс » деп аталатын еңбегінде ол ғылыми , астрологияны астрономиядан бөліп қарап , Аристотельдің логикалық шығармаларында айтылған қағидалар мен жаратылыстану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып , белгісіз , кездейсоқ құбылыстарды жағдайға сай өзіндік жаңалықтарды қосты . Эстетика мәселесі жөніндегі айтқан соны пікір тың идея , батыл тұжырымдар оның көптеген шығармаларында кездеседі .
Адамның бойына , халықтар мен қала тұрғындарына тән және бұл дүниеде тиесілі бақытқа жетуіне , о дүниеде асқан рахатқа кенелуіне септігін тигізетін төрт түрлі нәрсе бар : теориялық ізгіліктер , ойшылдық ізгілік , этикалық және практикалық өнерлер .
Теориялық ізгіліктер дегеніміз – түпкі мақсаты - өмірде бар нәрселерді зерттеу болып таьылатын және пайымдағы мазмұны өзінің көздеген мақсаттарын ған қамтитын білімдер .
Ойшылдық ізгілік дегеніміз - әлденедей бір ізгі мақматқа барынша көп пайда келтіретін ізгілік .
Этикалық ізгілік дегеніміз – ойшылдық ізгілікпен біріккен табиғи ізгілік .
Практикалық өнерге – екі түрлі әдіспен жетеді.
І . Иландырғыш нақыл сөз сезімге әсер ететін нақыл сөз және басқа нақыл сөздер әдісі арқылы жетеді .
2 . Өз еркімен , өз қалауы бойынша жөнге келмиейтін және сөзге құлақ аспайтын бүлікшіл , көнімсіз қала тұрғындары мен халықтарға қолданылатын күштеу әдісі арқылы жетеді .
Әйтседе оның негізгі эстетикалық – тнориялық ой пікірлерінің негізгілері : « Риторика » , « Поэзия өнерінің каноны туралы » , « Поэзия өмірі туралы » т.б. еңбектерінде жатыр .
Музыка зерттеу саласында Фараби әр алуан шығармаларда кездейсоқ құбылыстарды алдын ала болжауға болатынын немесе болмайтынын ажыратуға тырысады . Әбу Наср әл – Фарабидің бұл пікірлерінің кейіннен ықтималдар теориясының философия , логика , негіздерін қалыптастыруда маңызы зор болды. Ол математикалық , жаратылыстану саласында ірі еңбектер жазған . . Әбу Наср әл – Фараби ежелгі гректің ұлы математигі және астрономы Птолемейдің «Алмагесіне » көлемді түсініктеме жазған . Бұл еңбек « Алмаске түсініктеме » деген атаумен белгілі . Астрономия және математика тарихында үлкен маңызы болған Әбу Наср әл – Фарабидың бұл трактаты тригонометрияны дамытуға да игі ықпал жасады . Ол өзіне дейінгі және тұстас математиктердің еңбектеріне сүйене отырып , тригонометрия сызықтар жөнінде өз ілімін жасады . Мұндағы негізгі бір жаңалық Әбу Наср әл – Фараби синус , косинус , синус – ферзус , тангенс , котангенс сызықтарын бірыңғай радиусы тұрақты шеңбер ішінде қарастырады . Олардың арасындағы бірсыпара қатынастарды ашты , Әбу Наср әл – Фарабидің трактатын матем , тарихшылары осы уақытқа дейін атақты Хорасан математигі Әбу – л – Уфа теліп келгені анықталады . Әбу Наср әл – Фараби арифметиканың саласында « Теориялық арифметикаға қысқаша кіріспе » деп аталатын еңбек жазған. Музыка туралы зерттеу саласындағы еңбектерінде Фараби музыканың емдік қасиетін , жағымды әсерін , жан – жақты дәлелдеді. Оның тәрбиелік мәні зор екенін баса айтты . Адамның музыка шығару қабілеті дәрежесін көрсетті , адамның жан дүниесіне жақсы , жаман әсер ететін музыкалық жанрларға талдау жасады .
Фарабидің қоғам , этика , эстетика жөніндегі пікірлерінің қалыптасуына себеп болған жағдайлар ремсигі :
І . Фарабидің әлеуметтік – этикалық , эстетикалық ой – пікіріне көне грек заманының ұлы ойшылдары ықпал етті . Бірақ ол өзінен бұрыңғы ұлы ғұламалардың идеяларына сын көзімен қарады , олардың идеялистік , мистикалылық пікірлерін қабылдамады . Әсіресе , Платонның мұндай жақтарынан бойын аулақ салды .
ІІ . Фарабидің әлеуметтік – утопиялық идеясының , адам бойындағы ең жоғарғы моральдық қадір – қасиет туралы көркемдік , сұлулық , парасат туралы пікірлерінің қалыптасуына оның туған жері Қазақстан мен Орта Азияның бай ауыз әдебиеті , төлтума мәдениеті , халықтардың азаттық жолындағы күресі , бостандық сүйгіш ой – пығылы ықпал етті .
ІІІ . Оның әлеуметтік – этикалық және эстетикалық қөзқарастарына әсер еткен . Таяу Шығыс пен Орта Азия халықтарының ілімдеріндегі прогресшіл сарындар мен гуманистік идеялар болды .
ІV . Фарабидің ғылыми мұралары орта ғасырдағы олқылығы мен заманның жемістері . Сондықтан оның тұжырымдары мен әлеуметтік – этикалық , эстетикалық концепциялары сол дәуірдің дәстүріне , тәліміне әуендес болып келеді. Оның көптеген логикалық , еңбектерінде математиканың , логиканың элементтері де кездеседі . Әбу Наср әл – Фарабидің математика , идеяларын , мұраларын Әбу – л – Уфа , Әбу - Әли ибн Сина , Әбу Райхан Бируни , Омар Һайям , Роджер Бэкон , Леонардо да Винчи тәрізді Еуропа ғалымдары да көп пайдаланған . Физика саласындағы Әбу Наср әл – Фарабидің көрнекті еңбегі « Вакуум туралы » деп аталады . Мұнда ол вакуум жоқ екенін ежелгі гректерде сирек кездесетін тәжірибеге сүйенеген логикалық қорытындылар арқылы дәлелдеуге тырысқан .Ғұламаның ғылыми – философиялық еңбектерін байыптап қайта қарау барысында оның педагогика тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі болғандықтан көреміз . Ол – шығыс елдерінде тұңғыш сындарлы педагогикалық жүйе жасаған ағартушы оқымысты . Оның пікірінше , жас ұрпақтың сана – сезімін қалыптастыру үшін үш нәрсенің ерекшелігін жүйелеп , дәйектеп алу шарт ; 1) баланың ішкі ынта – ықыласы , құмарлығы ; 2) ұстаздың шеберлігі , ар тазалығы ; 3) сабақ процесінің алатын орны . Ғалым дене тәрбиесі мен адамгершілік тәрбиесінің ұқсастығына , оның бір – біріне тигізетін әсеріне ерекше мән берді .
Ол жалпы теориялық ой – пікірдің жетістіктерін жаңғырып , жетілдіре түсті . Халық даналығы туғызған данышпандық пікірлерге ден қойды , сөйтіп өзінің философиялық төл концепциясын жасады .Қоғам туралы ілімді , этика мен эстетиканы дамытты .Аристотельдің еңбектеріне сүйене отырып , ол антика заманының теориялық азат ой – пікірлерін сыннан өткізіп барып бойына сіңірді , өз заманының ілімін белгілі бір жүйеге салды . Аристотельдің жаратылыс танудың ғылыми және стихиялық материалистік тенденцияларын мейлінше күшейтті. Фараби Платонның идеалистік және мистикалық қателерін қабылдамайды .
Ең бастысы , Отырардан шыққан ойшылдың қоғам , этика , эстетика проблемаларына арналған ғылыми еңбектерінде Пифагорға тән цифрлық мистиканың да , Платонның « Заңдар » деп аталатын кесек еңбегінде діни мифологиялық наным – сенімдерін де әсері мүлде жоқ . Платонның діні мистикалық пікірлерін , атап айтқанда , барлық азаматтарға ортақ мінсіз мемлекет құру , оның міндетті түрдегі діні болуы қажет дейтін идеясына қарсы шықты .
Фарабидің пікірінше , дін елдің ішіндегі ізгілікті тәртіпті орнатушы күш бола алмайды . Өйткені оның негізгі бөліктері философиядан алынған . « Философия ізгілікті діннің мазмұны дәлелдеп береді . Олай болса , елді басқару ісімен айналсу діннің ішіне кіретін мәселе болғандықтан , әлі философияға бағынды » :
Әбу Насыр әл – Фарабидің өзінің « Риторика » , « Поэзия өнері
туралы » Бақытқа жол сілтеу » туралы трактаттарында этикалық , эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп , көркемдік , сұлулық , бақыт , мейірбандық туралы білім категорияларының бетін ашып , солардың негізін дәлелдеп берді . Этиканы ол , ең алдымен жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылыми деп қарады . Сондықтан оның этика жөніндегі тұжырымдамаларына жақсылық , мейірбандық категориясы басты орын алады . Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі , ол адам баласын жаратылыстың , бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы , сондықтан да оны құрметтеу , қастерлеу керек деп түсінеді . Фараби жасаған қорытындының басты түйіні – білім , мейірбандық , сұлулық үшеуінің бірлігінде . Фарабидің гуманистік идеялары әдемге кең тарады . Ол ақыл – ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді . Фараби көркемдік , сұлулық халқында былай дейді : Ол - өмір шындығының өзіне тән қасиетті , болмыстың , нақты құбылыстардың , әлеуметтік өмірдің көкейдегі елесі .Көркемдік тән мен жан қасиеттерінің сұлулығын көрсететін белгі деп санайды .
Тек шын мәніндегі ғылым ғана , теориялық философия ғана ел басқарушы әкімдердің игі істерге қарай бастайды , сөйтіп мемлекетті басқарудың ісін шыңына жеткізе жетілдіруге мүмкіндік береді , деп есептейді . Бұдан байқалатыны : Фараби діни көзқарастарға ашық қарсы шықпағанымен , ол ғылымды білімді діннен әлде қайда жоғары қояды . Оның ілімі негізінен діни идеологияның ірге тасын шайқалтуға бағытталған . Ол халықты моральдық және интелектуалдық жағынан өркендеп өсуге шақырады , бірақ адамның бақыты о дүниеде дейтін мүддесін көздеген жоқ , адам атаулының бәрі бұл дүниеде оқысын , үйренсін , еңбек етсін , жетілсін дегенді арман етті .
Фараби жан – тәнімен ақыл – ойдың қорғаушысы ақыл – ойдың қадір – қасиетін мадақтаушы , оны қорғаушы болды . Теориялық таным проблемаларын қарастырғанда , логиканы негіздегенде және оны мазмұндағанда ғана емес , адамның іс - әрекетіне , ақыл – ойына негізделген , өздігінен дамыған философияның , этиканың , эстетиканың , жалпы ғылым атаулының дінге байланыссыз – ақ дербес өмір сүре алатындығын дәледегенде оның рационалды ойшылдығы айқын көрінді . Ұлы ойшыл шындықты босқа іздеген жоқ , оны адамның игілігі , бақыты үшін қолдануды армандады . Адамның игілікке жету жолдары туралы ойларын Фараби экономиданың саясаттың , мемлекеттік құрылыстың , семьяның , тәрбиенің проблемаларын рационалды түрде ұғу қажетігі сияқты мызғымас берік негізге сүйенеді .
Мұсылман діні дәуірлеп тұрған орта ғасырда Фараби қоғамды ақылмен дұрыс асқарудың шарттары жөнінде батыл пікір айта алды . Ол бақытты болуға лайықты , сол бақытын ол табуға тиіс , оны әуел бастағы жұмысына жетуі керек , ал адам өз заманында жақсы да дұрыс басқарылатын қоғамды ғана шын мәнісінде бақытты өмір сүре алады дейді . Алайда Фараби адамның практикалық іс - әрекетіне үлкен мән бергенімен еңбектің ролі мен оның мәнін жете түсіне алмады , тек еңбек қана адамды жануарлар дүниесінен бөліп , оқшау шығарғанын ұғудан алшақ жатты . Адамзат қоғамның өмір сүру керекті ең басты жағдай оның материалдық тұтыну қажеттері дегенді бірінші орынға қоя отырып , ол осынау маңызды проблема төңірегіндегі діни , теололгиялық биологияық үзілді – кесілді теріске шығарды , сол арқылы қоғамның мән мағынасын ашуда ілгері қадам басады .
Адамдар бір - бірімен келісіп , тіл табысып отыруы керек деп есептейді . Әділеттіктің қалыптасқан жоспарлы , универсал заңдар болса оны мүлтіксіз орындау керегін заң шығарушылар талап етуін қажет деп есептейді . Ұлы ойшылдың заң күші туралы осы айтқандарында қоғамдық келісімдер туралы идеяның аллғашқы ұрығы жаққанын байқау қиын емес . Бұл идея Европа кең кейін өріс алды . Кейбір шығармаларында Фараби өз тұсындағы қоғамды астыртын ған сынап отырады , ондағы етек алған озбырлықтар мен қаталдықты ақыл смен адамгершілік принциптерінің өрескел бұрмалануы деп түсіндіреді , әділеттіліктің , шын мәнісіндегі бақыттың жоқтығын , біреудің елін , жерін жаулап алуға олжадан баюға құштарлық сезімі , айуандық , қараңғылық үстем қағам екенін айтады .
Өз заманындағы қоғамды сынай отырып , Фараби оны түбірімен қайта құруды талап етпегенімен , соны жетілдіре түсуді жақтады . Ол уағыздаған мінсіз мемлекет / « Ізгілікті қала » / оның өзі қиялдап армандаған феодалдық қоғам болды да шықты , барлық спецификалық белгілері соған тән .Бұдан оның өз заманындағы философиялық идеяның шеңберінен шыға алмағандығын , одан шығу да мүмкін емес екендігін көреміз . Ол идеялардың ауқымы сол заманның материалдық жағдайы мен қоғамдық саяси құрылысына байланысты болатын . Осыған орай Фарабидің әлеуметтік утопиясы оның феодалдық қоғам туралы түсініктерге негізделеді .




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет