Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж


ІІ – тарау . Әл – Фарабидің қоғамдық – саяси көзқарастары



бет3/7
Дата05.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#1193
1   2   3   4   5   6   7
ІІ – тарау . Әл – Фарабидің қоғамдық – саяси көзқарастары.

Фарабидің философиялық еңбектерінде ең негізгі орындардың бірін қоғамдық өмір туралы ілімі алады. Қоғамның шиеленістеріне Фараби арнайы еңбектер жазды .


Фараби қоғамдық өмірдің шиеленісін зерттеуде көптеген сұрақтарды көтереді . Олардың негізгілері мыналар :
1 / Қоғамдық өмір туралы ғылымның мақсатын анықтау .
2 / Қоғамның шығу тегі , құрамы , құрылысы және қоғамдық ұйымдардың түрлері және Фараби көзқарасы бойынша бұл сұрақтарда сынаудың дұрыс еместік теориясы .
3 / Қала – мемлекет , қалалық / мемлекеттік / , ұйымдардың өмірі мен өзгешелігі , мемлекет және оны басқарудың түрлері .
4 / Қоғамдағы адамның орны мен міндеттері , оның қоғамдық қызметі , тәрбие және адамгершілік сұрақтары .
5 / Мемлекеттік ұжымның түпкі мақсаты , бақытқа жету әдісі және жолдары .
Фараби өзінің қоғамдық - саяси трактаттарында Аристотель мен Платонның саяси және этикалық идеяларын кең түрде қолданғанын атап көрсету керек .
Фарабидің ғылымдық мақсаты қоғамдық өмір ғылымның мақсаты мен пәнін анықтаумен аяқталады . Қоғамдық өмір мәселелерін қарайтын ғылымға ол мыналарды жатқызады : илм аль – мадапия / қалалық немесе мемлекеттік ұйымдар туралы ғылым / фикх / юриспруденцияны / және калам / құдайға сыйыну / :
Фараби өзінің негізгі уақытын азаматтық ғылымға / илм аль – мадапия / арнады . Қоғамдық өмір мен мемлекет проблемасына ол өзінің « Азаматтық саясат » , « Бақытқа жету туралы », « Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат » , « Мемлекеттік қайраткерлердің афоризмі » және т.б. еңбектерін арнады .
Фараби қоғамдық өмірдегі ғылымның пәні және мақсатын былайша анықтайды : илм – аль мадапия – азаматтық ғылымды зерттейді .
А) өмірдің әдістері мен сана қимылының түрлерін дәстүр , адамгершілік , әдетімен табиғи бейімділігі .
Б) мақсаты
В) адамдарда көрініс беру .
Г) адам үшін олардың сақталу және басқару әдістері .
Саяси ғылым өмірдің әдісімен қимылдарына ажырата отырып , осы өмірдің әдісімен қимылы арқылы нағыз бақытқа жететіндігін көрсетті : қайырымдылық , ақылдылық , бұған қарама – қарсы зұлымдық .
Азаматтық ғылымның міндеттеріне нағыз бақытқа жеткізетіндігін қайырымдылық қимылдары мен адамгершілік қимылдар жатады . Саяси ұйым басшының міндеті осындай адамгершілік қимылмен оның сақталуын қамтамасыз ету болып табылады . Бұл міндеттің орындалуы басшыдан мемлекетті басқару талап етеді , сонымен бірге басқару өнерінің білімділігін талап етеді .
Басқарудың екі типі болады .
І . Нағыз бақытқа жеткізетін моральдық белгілер мен өмірдің әдістерімен орнатуға бағытталған ; мұндай басқарудағы мемлекет қайырымды мемлекет және мұндай басқарудағы қала да , оның халқы да қайырымды болады .
ІІ . Басқару бойынша білімі жағынан кенжелеу мемлекет болады ; бұл мемлекеттің қала тұрғындары да мәдениетсіз , білімсіз болады .
Фараби қоғам мен индивид гармониясының идеясын дамыта отырып , мынадай қортынды жасады : мемлекетке адам пайда келтіргенде ғана күшті , дамыған мемлекет болады . Үлгілі мемлекет қандай болу керек ? Ондай мемлекет жетілдірілген , дамыған иерархиялық құрылыстағы мемлекет болу керек . Мұндай мемлекетте « Әрбір адам » бір өнермен шұғылдануы керек , немесе сол өнердің болашақ басшысы сол өнерді игеруі керек : Фараби Платон сияқты өзінің идеалдық мемлкетінде адамдарды сословиесіне байланысты кәсіптік белгісіне қарай бөлді . Жоғары сословиені « бақытты адамдар » құрады , яғни философтар – дейді Фараби басқа адамға бақытқа жететін жолды көрсете алады . Яғни қаланың басшысы ретінде қоғамға керек . Мемлекет бақытқа кенелетін екінші сословиелер дін қызметкерлері , шешендер , ақын – музыканттар , хат шеберлері , өлшегіштер . Үшінші сословиені Фараби « өлшегіштер » деп атады . Оларға : математиктер , геометриктер , дәрігер , астрономдар жатты . Төртінші « әскери адамдар » , бесінші қаланы байлыққа кеңелтетін « байлар » деп атап көрсетті .
Бұндай идеялық мемлекетте адамның қоғамдық жағдайы байлығына байланысты емес , оның біліміне байлаысты болады . Осы пікір арқылы Фараби ақша ауқатты қаланың басты шарты дегендерді айыптады .
Платонның идеялық мемлекетінде азаматтардың қызметтері бөлінді : философтар мемлекетті басқарса әскерлер оны қорғадығ, жер өндеушілер қол өнершілер тұтыну өнімдерін шығарады . Бірақ Платонның міндеттері мен праволарды иерархиялық бөлуі мемлекетте касталық бөлісті жандырады . Ол Фараби сияқты адам туылғаннан бақытты деген идеяны жақтады . Платон бойынша философтардың білімі философтардың сословиесі үшін керек , қолөнершілердің білімі қолөнешілер сословиесі үшін керек деді . Сондықтан бұл Платондық иерархияда бір сословиеден екінші сословиеге өтетін мүмкіндікте , қозғалыста жоқ , ал мемлекеттің игілігі үшін ешқашан бұзылмақ емес . Бұған қарама – қарсы Фараби білімі тәрбиеге байланысты , сыртқы жағдайға байланысты беріледі деді .
« Әр адам өзінің табиғаты , - деп жазды Фараби , - өзінің өмір сүруі және жетістіктерге жетуі үшін көптеген қажеттіктерді зәру етеді , оған өзінің күші , жағдайы жетпейді , ал өзінің мұқтаждығын өтеу үшін жұрттардың бірлестігінің , қоғамдастығының әрқайсысының әр түрлі көмектерін қажет етеді , бірлестіктің барлық мүшесінің қызметі әркімге өзінің өмір сүруі және жетістіктерге жетуі үшін барлық жағдайды жасайды » .
Осындай негізде Фараби адам қоғамы пайда болуының табиғи теориясын ұсынды . Тек басқа адамдармен қарым – қатынаста ғана , әлеуметтік топта ғана адам өмір сүруі мүмкін . Адамдардың бірігуінің себебі олардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандырудағы мұқтаждығы болып табылады .
Фараби адам қоғамының пайда болуында еңбектің маңызы мен ролін түсінбеді . Ол қоғамның пайда болуында материалдық қажеттілікті бірінші орынға қоя отырып , биологиялық көзқарасты жоққа шығарып қоғамның мәнін ашуда алға қарай елеулі қадам жасады .
Фараби қоғамды ұлы , ортақ , кіші қоғам деп үшке бөлді . Ұлы қоғамда жерде тұратын барлық адам біріккен ; Орта қоғамда жеке халықтар біріккен ; ал кіші қоғам тек қана халқын ғана құрайды . Қала осы қоғамның алғашқы сатысы болып табылады . Халық қалалық бірігуге қарай бөлінеді . Ал адамзат қоғамы халықтарға қарай бөлінеді . Халықтар бір – бірінен үш белгісі арқылы ажыратылады : табиғи әдеттерімен дәстүрі бойынша мінезі , тілі бойынша .
« Бір халық екінші халықтан үш белгісі бойынша : табиғи әдеттері , табиғи мінезі , үшінші ойды білдіретін құралы тілі арқылы ажыратылады ».
Мемлекет туралы ілімінде Фараби мемлекеттің ішкі және сыртқы міндеттерін анықтап көрсетеді . Мемлекеттің сыртқы міндетіне қайырымды қала тұрғындарын қорғау немесе елді сыртқы жаулардан қорғау , яғни қорғаныс ұйымдастыруды аттайды . Соғысты Фараби әділетті , әділетсіз деп бөлді . Әділетті соғыс игілікті мақсаттарға жету үшін жүргізіледі және де онда қылмысты айыптау болады . Ал әділетсіз соғыстар қайырымды қала тұрғындарының мүддесіне бағытталады , яғни ол жеке басшылардың мүддесінен туындайды .
Мемлекеттің ішкі міндеті бұл тұрғындардың бақытқа жеткі жолын қараастырады : әділеттілік орнату , халыққа білім беру , тұрмыс туралы ілімге оқыту оларды адамгершілікке тәрбиелеу , бақытқа жеткізетін әдеттерді тарату болып табылады . Экономикалық мәселемен шектелетін мемлекет Фарабидің есептеуінше мәдениетсіз мемлекет .
Фараби дін бақытқа жетудің құралы деп түсінді. « Әр түрлі қайырымды қалалар мен халықта әр түрлі дін болуы мүмкін , бұлардың бәрі дінге сеніп мақсатына жетуге ұмтылады » .
Фараби өз трактаттарында қоғамдық саяси мәселе бойынша халық билігімен демократия жайлы айтады. Мәдениетсіз қалалардың барлық түріне қарама – қарсы қайырымды қалаға ең жақыны коллективті қала дейді . Бұл қаланың тұрғындары барлық іс – қимылды тең құқылы , бұл жерде бағыныштылар мен билік етушілер жоқ . Ал қаланың басшылары құрметке иеленгендер ғана бола алады . Фараби бостандықпен тең құқылыққа ықыласпен қарайды , бірақ басшысыз , оның өкіметінсіз жалпыға ортақ бақытқа жету мүмкін емес деп есептейді .
Фарабидің дәуірінде мемлекеттік басқарудың билік етуші түрі феодалдық монархия болды. Онда бұқараны қатал қанау , елдердің арасында санысз тонаушылық соғыстар болды. Сондықтанда Фарабидің басқарудың коллективік , топтың үлгісі туралы идеясы , демократиялық әділетті , ақылды басшы туралы идеясы , ол заманда утопия - қиял еді .
Фарабидің ойы бойынша қоғамның жетілген алғашқы үлгісі болып
« қала » есептелді , ол одан төмен тұратын бірлестік мысалы ауыл тұрғындарының қоғамы , « толық емес » қоғам болып есептелді . Село немесе ауыл қаланы барлық қажетті азық – түлікпен қамтамасыз етеді . Фараби ауыл , селоның ролін толық бағаламады . Мұның себебі оның уақытында көзге түсерін өзгерістердің ең күштісіде , үлкеніде қалада болып жататын еді. Фараби қоғамында қоғам өмірінде қаланың ролі сауданың , мәдениеттің бастаған көзі еді .
Өзінің « қайырымды » және « қайырымсыз » қалалардың әр түрлі мінездемелерімен классификацияларында Фараби қоғамның жетілдірілген әлеуметтік құрылымы қайта жасады . Ол қала – мемлекеттің қоғамдық өмірінің толық мінездемесін береді . Фараби « адамның жануарлар әлемімен бөлініп тұратыны ақыл ойы және тәнінің жетілдірілгендігімен , бірақта адам одан әрі жетіле түсу үшін ол тіл және әр түрлі өнерге зәру » - деді .
Фараби өз қоғамындағы дамып танылған өнердің әрқилы түрлеріне көңіл бөледі . Олар жер шаруащылығы , малшылық , балық аулау , тігіншілік , бишілік өнері , дәрігерлік , шешендік , заңгерлік .
Фараби мемлекеттің міндетін және оның ішкі және сыртқы міндеттерін толық анықтап береді .
Сыртқы міндеті мемлекеттің қайрымды қала тұрғындарын немесе мемлекетті сыртқы жануардан қорғау , яғни күшті қорғаныс ұйымдастырумен жүктеледі .
Ішкі міндеті мемлекеттің өз халқының бақытқа жетуі үшін көрнекті шараларды іске асыру керек : Әділеттілікті орнату , халықты оқыту , оларды керекті ғылыммен толықтыру оны адамгершілікке тәрбиелеу , қайырымдылықты тарату және ең жақсы бақытқа жеткізілетін әдеттерді бойға сіңіру . Қалған мәселелердің бәрі – экономикалық және саяси мәселелер – негізгі міндетке бағынады , яғни адамдардың бақытқа жетуі олардың рухани жетілуіне тәуелді . Экономика мен саясатты басты міндет етіп қойған мемлекеттерді Фараби қайырымсыз , мәдениетсіз деп аталады .
Фарабидің дінге қатысында қызықтыратын мәселелердің бірі . Фарабидің есебінше дін бақытқа жету үшін қызмет ету керек . « Әрқилы қайырымды қалалар мен халықтардың әр түрлі діні болуы мүмкін , олар бәріде бір бақытқа сенеді және де бірі мақсатқа ұмтылады ».
Фарабидің діни ілімдерге мұндай қатынасы , адамның бақытын діннің алғышарттарымен міндеттерінен жоғары қоюы оның жалпы философиялық концепцияларымен туындайды . Дін мен мемлекеттің барлық шараларын , қызметін және адам бірлестіктерін барлық адамдардың бақытқа жету жолына бағындыруы Фарабидің орта ғасырдың ұлы гуманисі екендігін көрсетеді .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет