Елдес 0марұлы және тіл білімі мәселелері


Физике кітабын қазақшалаудағы жетістіктері



бет13/16
Дата06.02.2022
өлшемі348,43 Kb.
#80887
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Елдес Омарұлы және тіл білімі мәселелері

Физике кітабын қазақшалаудағы жетістіктері
«Физика кітабы 1923 жылы Орынборда жарық көрген. 400 беттен тұрады.
Елдес Омарұлы аударған «Физике» кітабындағы баламалардың көпшілік бөлігі сәтті аударылған,алайда Кеңес үкіметі кезіндегі саясат әсерінен атаулы терминдер қолданысқа түспей қалған. Алайда тәуелсіздік жылдары жасалған еңбек нәтежиесінде физика терминдарінің біразы қазақшаланған болатын,әлі күнге дейін аударылып жатыр. Кейбір терминдерді салыстырып көрсетсек:

Елдес Омарұлы аудармасы

Қазіргі баламалары

Екпін заңы

Инерция заңы

Өріс

Радиус

Жермай

Мұнай

Тел күш

Қорытқы күш

Тел жылдамдық

Қорытқы жылдамдық



Физика пәніне байланысты Елдес Омарұлы жасаған аудармалардың басым көпшілігі калькалау тәсілі арқылы жасалған. Сонымен қатар, аударма үстінде а ғалымның жаңа сөздің халық танымына барынша жақын болуына мән берген. Оны келесі аудармалардан байқауға болады: тығыздық,қозғалыс,қуат,бір қалыпты қозғалыс, айнымалы қозғалыс, жылдамдық, бағытты шама, көлбеу жазықтық, бұрандағ жұмыс, газ сорабы, жарық, сәуленің сынуы, т.б. Осы орайда мән беретін нәрсе, аударма кезіндегі Е.Омарұлы ұстанған қағидалар. Қағидаларды екіге бөліп түсіндірсек болады:
1.Барынша халық санасына жақын сөздерді аудармаға қолдану, яғни халық санасына бірден сіңетін, қиындықсыз түсінетін сөздерді қолдану. Мысалы, ұршық,салмақ кіндігі,тартпа сорап секілді сөздер халық түсінігінде ертеден бар сқздерғсондықтан оларды қабылдау халыққа онша қиындық туғыза қоймайды.
2.Аударуға мүлде келмейтін сөздерді қазақ тілінің сингорманизм заңына келтіріп алу: молекула- мәлекүлә, газ-ғаз.
Елдес Омарұлы аудармаларының кейбіреулері сәтті шыққандары соншалықты, әлі күнге дейін қолданыста жүр. Оған мысал ретінде: оптика-жарық,тығыздық, сәуленің сынуы, қатты нәрсе, сұйық нәрсе, айнымалы қозғалыс, бағытты шама, қуат, бір қалыпты қозғалыс, т.б.
Бұл жасалған терминдердің басым көпшілігі тарих беттерінде сол қалпы қалып қойған болса, кейбіреулері халықпен бірге әлі күнге дейін өмір сүріп келе жатыр. Ең өкініштісі, көпшілік халық осы терминдердің авторы кім екендігін білмейтіндігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет