Әлдихан Қалдыбаев


Балқия. Сонша не болды, кеше сап-сау едің ғой. Тәттігүл



бет116/340
Дата06.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#48445
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   340
Балқия. Сонша не болды, кеше сап-сау едің ғой.
Тәттігүл. Нервтікі бәрі. Қу қыз құртты ғой мені, тәте-ау! Оның жігіті – Беріктің баласы екен!
Балқия (шоршып түседі). Не дейді, байғұс-ау! Қойшы, құрысын, рас айта ма?
Тәттігүл. Рас, тәте-ау, рас.
Балқия. Қой әрі! Оны қайдан біліп жүрсің?
Тәттігүл. Қонақ үйінде жатыр екен, барып шаңын қағып келдім.
Балқия. Берік кетпеп пе еді кететін жағына қаңғып? Баласы қайдан жүр екен мұнда?
Тәттігүл. Ит біліп пе? Әкесі сияқты қаңғыбас біреу болуы керек. Қалаға қаңғып келген жалаңаяқтардың біреуі көрінеді. (Еңіреп жылап жібереді). Не істейміз енді, тәте-ау?
Балқия. Қой, жылама, сөзге құлақ сал. Бүйтіп көзіңнің жасын қол қылғанша байың мен қызыңды Беріктің баласына жоламайтын қыл.
Тәттігүл. Кешелі бері айтпаған сөзім, қылмаған айлам қалмады, қасарысып көнбейді екеуі де. Әсіресе, Оспаннан күйдім, «Қыз сүйгеніне барады» деп бетбақтырмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет