Сәлім.Осының бәрін о баста білуің керек екен де.
Сәлима. Менің өкінішім де сол. Алғаш алдандым. Содан соң қызметімнен, беделімнен айырылып қалмайын деп қорқып, Базарбаевтың айтқанына көніп, айдауына жүрдім.
Сәлім. Кеңес адамы – қорқумен күн кешкен бейшара. Қорқыныш біздің бала күнімізден қатал әміршіміз болды. Кішкентай кезімізде бірдеңені бүлдірсем, әке-шешем ұрады, тамақ бермей қатырады, ойынға жібермей қояды деп қорықтық. Бізді есейген сайын жағымпаздарға талатты. Қорқыныш – адамды құл ететін зұлмат. Біздің замандастарымыз қорқа-қорқа адамдық қасиеттің бәрінен айырылып біткен.
Сәлима. Мен де солмын. Партиядан қорқып, қарғы баулы қаншығы болдым. Қызметімнен айырылып қаламын деп қорқып, жар құшу, бөпе әлдилеуден мақұрым қалған бейшарамын мен.
Сәлім.Бөпені қайдам, жар құшу мүмкіндігің бар әлі. Сәлима. Қалайша?