Сәлім. Иә, бала емессің, азаматсың.
Владимир.Қазақ елінің азаматымын! Папа, айтыңызшы, қазақ болуды неден бастасам екен?
Сәлім. Қазақ тілін үйренуден баста. Содан соң айтарым: осы бүгін Астанаға жүріп кет. Қорғаныс министрлігіне жет. Ондағылар Қазақстан Қарулы Күштерінде қызмет етемін деген қандастарымызды құшақ жая қарсы алады. Келген жағыңмен азын-аулақ келіспеушілігің болса, солар өздері сөйлесіп шешеді. Ондайың бар ма еді?
Владимир.Бар. Жібермей қойған, демалыс алып кетіп едім, біржолата босану керек.
Сәлім. Меніңше, бұл министрліктегілер үшін онша күрделі мәселе емес. Өйткені Қазақстан әскеріне қазақ офицері ауадай қажет. Соның бірі сен болсаң, арман жоқ менде. Өмірім босқа өтпеген екен. Қазақ халқына бір офицер өсіріп, тәрбиелеп берген әке бақытты емей, кім бақытты?