Әлдихан Қалдыбаев


Сауытбек (елең ете қалып). Сонда сіз кімсіз? Сақ



бет291/340
Дата06.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#48445
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   340
Сауытбек (елең ете қалып). Сонда сіз кімсіз?
Сақ. Күнту Балқыбектің баласы Сақ деген ағаң мен боламын.
Сауытбек (қуанып). О-о, Сақ аға, мен сіздің есіміңізге сыртыңыздан әбден қанықпын. Сіздің сүйгеніңізді алмақ болған байды жайратып салып, он бес жыл Сібірде болып келгеніңізді де білемін. Мен сіздің сөзіңізді жаттап, әніңізді айтып өскен ініңізбін. Сіздің абақтыда жатқанда әкеңіз бен шешеңізге, сүйгеніңізге жолдаған өлеңдеріңізді әнімен талай-талай айтқанмын.
Сақ. Сауытбек қарағым, мен жасым алпыстан асқан, жетпіске қадам басқан, әнім баяу, көңілім қаяу тарланмын, кезінде талай бәйге алғанмын, бұл күнде аяқтан қалғанмын. Сауытбек, сені көріп, жастығым еске түсіп, екі құлағым елеңдеп, арқам қозып отырмын. Бір-екі ауыз өлеңді әнге қосып айтып көрейін, тыңдағын.
Сынап көрші, Сауытбек, тарлан бозды,
Аяғы кем, тұралап қалған бозды.
Естен шығып, елеусіз қалған едім,
Дүбіріңе, Сауытбек, арқам қозды.
Құрдасың қайда, Жамал-ау,
Таппадым іздеп амал-ау,
Кетпейсің естен,
А-а, аһ-аһ, Дәмелі-ау.
Балқыбектің баласы Сақ едім,
Қыз сүйетін жасымда кісі-ақ едім.
Дәмеліден айырылып, алас ұрып,
Тура саған, Сауытжан, құсап едім.
Құрдасың қайда, Жамал-ау,
Таппадым іздеп амал-ау,
Кетпейсің естен,
А-а, аһ-аһ, Дәмелі-ау.


Сауытбек (сергіп). Аға, нағыз тарлан боздың өзі екенсіз.
Сақ (бір көтеріліп отырып). Солай ма?! Сауытбек, мені қой, бүгінгі әңгіме сен туралы. (Келініне). Шырағым, естіп отырсың ғой, ана Батырбектің ауылында қонып жатқан көш мына Сауытбек ағаңның сүйген қызының ұзатылған көші екен. Сауытбек пен қызының арасына дәнекер болғын, сауабы тиеді.

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет