Әлдихан Қалдыбаев


Әсел. Сорлы қар, бұл күйіңді тіс жарып, ешкімге айтпа! Ақбөпе



бет299/340
Дата06.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#48445
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   340
Әсел. Сорлы қар, бұл күйіңді тіс жарып, ешкімге айтпа!
Ақбөпе. Балаңыз біледі.
Әсел. Онда жетіскен екенсің! Болыстың тұқымы мұндайды кешпейді.
Ақбөпе (өткірленіп). Маған енді бәрібір. Бүйтіп тірі жүргенімнен өлгенім артық.
Әсел (аянышпен). Не болар екен көрген күнің, бейшара!
Ақбөпе (тайсалмай). Мен бәріне дайынмын! (Сауытбек кеткен жаққа қарап тұрып):
Сауытбек, мен байбақты кінәлама,
Еркелеп жүруші едім кіл анама.
Міне, енді еркім болмай кетіп барам,
Бұл дүлей, қатыгез жұрт тіл ала ма.
Мына көш тыныш жатыр, түнеп болар,
Бұл халімді білген соң күлед те олар.
Тантай тісін қайраумен келе жатыр,
Көрген күнім ендігі түнек болар.
Өзіңді сенуші едік ер десе, біз,
Ұзадық, енді қашан шендесерміз?
Жолың болсын, Сауытжан, бара бергін,
Біз енді о дүниеде кездесерміз.
Жылау шығар ендігі менің еншім,
Сауытбек, бір сүйейін, бері келші.
Алыстап барасың сен арманды алып,
Дерт қалдырдың жаза алмас ешбір емші.
Не қылайын,
Жылайын,
Қайғыдан өлейін.
Аман жүргін,
Сауытбек, сен лайым.


Оныншы көрініс
Қыр басында Сақ қарт пен түрі бұзылып кеткен Сауытбек тұр.


Сақ (Сауытбектің түрінен шошып). Сауытбек, бармысың? Біліп қойса, аналар не істер екен деп көз жазбай қараумен тұрмын. Олар саған жамандық жасамақ болса, Итжеккенге тағы бір айдалып кетсем де бәрін жайратып салайын деп бекініп едім, шүкір, аман екенсің.
Сауытбек (ауыр күрсініп). Аға, аман келген тек тәнім, жанымды да, әнімді де Ақбөпеге тастап кеттім. Бірақ оның ешқайсысы да Ақбөпенің ажалына арашашы бола алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет