Әлдихан Қалдыбаев


Шошала ішнінен бір кемпірдің



бет298/340
Дата06.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#48445
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   340
Шошала ішнінен бір кемпірдің: «Бұл не? Үйдің сыртында сұңқылдап тұрған».


Ақбөпе не бері, не әрі жүрерін білмей, аңтарылып тұр.


Ақбөпе. Сауыт, бар енді, бара ғой. Айырылысудан басқа амал жоқ екен бізге.
Сауытбек. (Ақбөпеге иегін бір қағып, зарлай жөнеледі):
Ақбөпеден айырылып қалғаным ба,
Көз жасына тұншықты зарлады да.
Кері заман кедейге кесір екен,
Жете алмадым жоқтықтан арманыма.
Енді сені, Ақбөпе, көремін бе,
Қорлығына – тағдырдың көнемін бе?
Сенен қалып не болар көрген күнім,
Енді маған жылаудың керегі не?
Күн бар ма екен, Ақбөпе, көретұғын,
Жан сүйерім сен едің сенетұғын.
Өкпе-бауырым езіліп, ішім күйіп,
Көрінемін қайғыдан өлетұғын.
Бұл қайғыны кім тыңдар құлақ салып,
Өлейін мен бүйткенше Шуға ағып,
Енді тірі жүріп мен кім боламын.
Керегі не өмірдің аман қалып?


Сауытбек күңіреніп кетіп барады.
Шошаладан Тантайдың шешесі Қыжым шығады.


Әсел (шошалаға қарап). Сен қаншық өліп тынарсың! Алас-алас! «Сүйдім-күйдім!» деген не пәле ол?! (Сауытбек кеткен жаққа қарап). Ана Мәжнүніңнен көрмегеніңді Тантайдан көресің.
Ақбөпе (есік көзінен көрініп). Апа, айтыңызшы, сіз өзіңіз ғашық болып көріп пе едіңіз?
Әсел (кергіп). Ол не пәле? Ноқаңмен төсіміз түйіскен сәттен бастап білгенмін мен бай керек екенін. Содан бері қырық жыл өтті, «ғашық-машық» демей-ақ ерлі-зайыпты болып, тату-тәтті өмір сүріп келеміз атаң екеуіміз.
Акбөпе. Сіз бақытты екенсіз ғашықтықтың не екенін білмеген. Ғашық болу – ішке өрт түсу. Мен Сауытбекке ғашықпын, ішім толған жалын, күйіп барамын.

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет