Әлдихан Қалдыбаев



бет304/340
Дата06.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#48445
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   340
Жидебай. Жүр.
Сақ. Сауытбек, мына дастаныңды айтып бар еліңе.
Сауытбек. Жоқ, аға, айта алмаймын, Ақбөпе – алай-дүлей нөсер. Жауын бір жауса, мен екі жауатын ағаш емеспін. Мен – көшкен жұртта ұлып қалған итпін. Ақбөпе жайлы әр сөзді егіліп, жылап, әнді ұлып айтамын. Бұл ит халімді жария ете беріп, неге керек, ұмытамын бәрін.
Жидебай. Ұмыта алмайсың. Әлі-ақ талай-талай еңіреп отырып айтасың.
Сақ. Айтпасын, ұмытсын. Біз айтамыз, ел айтады.
Жидебай. Сөйтеді. Бұл ән – талайдың шері.
Сақ (разы кейіппен). Сауытбек, сенікі әлаулай ән, сайқал сөз емес, жүректі жарып шыққан ащы айқай, өзекті тіліп түсер сойқан сөз. Ақбөпені қайдам, әннің ғұмыры ұзақ.
Жидебай (ағынан жарылып). Аға рас айтады, Сауытбек, мына әнің бұрынғы әндеріңнен бөлек, ерекше ерен.
Сауытбек. Әй, ағалар-ай, осы мақтау сөздеріңнен Ақбөпенің «Сауыт!» деген жалғыз сөзі артық еді-ау, шіркін! Амал қайсы, ол сөз енді естілмейді, онсыз маған ес кірмейді. Кеттік, Жидеке!


Жидебай мен Сауытбек кетеді.
Сақ (екеуінің соңынан). Бұл дүниеде сүйгеніне қосыла алмаған адамнан сорлы кім бар екен?! Ешкім жоқ!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет