Әлдихан Қалдыбаев


Қарғабаев. Ассалаумағалейкум, Ерік Көбенович! Мұсылманқұлов



бет232/340
Дата06.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#48445
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   340
Қарғабаев. Ассалаумағалейкум, Ерік Көбенович!
Мұсылманқұлов. Әлейкумассалам. Кел (екеуі қол алысады). Құрман-ау, бұл не сұмдық?! Не жаздыңдар Қасқабайға?
Қарғабаев. Білмейміз. Жазығымыз – сыйлағанымыз. Сыйлағанымызды «пара» деп бас салды шәкіртіңіз.
Мұсылманқұлов. Бүйтіп шәкірт болғаны бар болсын! (Генералға). Сен бізді кішкене оңаша қалдыршы.
Генерал. Оған сөз бар ма. (Шығып кетеді).
Мұсылманқұлов. Жігіттер қалай, үрейленіп жатқан жоқ па?
Қарғабаев. Құрысын, шошып отырмыз.
Мұсылманқұлов. Шошитын түк те жоқ. Қасқабай әкім болса, осы облыстың әкімі шығар. Құзыры осы облысқа ғана жүрер. Сендердің тағдырларың бір ғана Қасқабайға тіреліп қалмас, мен қазір Астанаға ұшамын, бүгін бара салып, не ертең ертемен үлкен кісіге кіремін. Ол кісі Қасқабай құсап он әкімді темір тордың арғы жағында отырғызып қоя алмас.
Қарғабаев. Иә, құдай, сәтін сала көр!
Мұсылманқұлов. Әй, Құрман, сен осындай діншіл ме едің?
Қарғабаев. Жаны қысылғанда құдайға жалынбайтын қазақ бар ма?
Мұсылманқұлов. «Сыйынғаныңнан сүйенгенің мықты болсын» деп құдайын ұмытып кететіні де бар қазақтың.
Қарғабаев. Біз қазір сондай күйдегі қазақпыз, сүйенгеніміз – сізсіз.
Мұсылманқұлов. Қайдағы, талайға айтып үлгеріпсіңдер ғой. Үкімет үйіндегілер де, Президент аппаратындағылар да естіпті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет