Әлдихан Қалдыбаев


Қарғабаев. Мен сенемін оған. Мұсылманқұлов



бет234/340
Дата06.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#48445
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   340
Қарғабаев. Мен сенемін оған.
Мұсылманқұлов. Ендеше көп мұңая берме, ертең үйіңе қайтасың, бүрсігүні қызметіңе кірісесің.
Қарғабаев. Мынадай масқарадан кейін бұл жұмыста істеуім қалай болар екен?
Мұсылманқұлов. Тырп етпе. Бұдан артық болмаса, кем емес қызмет беремін өзім.
Қарғабаев. Сөйтші... «Жақсы ит өлігін көрсетпейді» деген, кетейін мен бұл жақтан. Өзіңе еріп келгенмін, өзіңе еріп кетемін.
Мұсылманқұлов. Жарайды, мен сені алып кетемін, басқалар қайтеді?
Қарғабаев. Кеуделерінде намысы барлар кетеді, ездері жүре береді.
Мұсылманқұлов. Мейлі, әркім өзі білсін, мына пәледен құтқарғаным да жетер оларға.
Қарғабаев. Жетеді. Маған да жетеді. Осыдан құтылсақ болды, тірі адам тірлігін істейді.
Мұсылманқұлов. Құрман, осымен доғаралық әңгімені. Менен бір хабар күтіңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет