Әлдихан Қалдыбаев



бет318/340
Дата06.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#48445
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   340
КӨНБІСТІК КӨРІНІСІ


Мамырдың бірі облысымызда Қазақстан халықтарының бірлігі күні рстінде ерекше салтанатпен мерекеленді.
Тараздың «Достық» алаңына жиналған жұртшылық алдында облыс әкімі Б.Б.Жексембин жарқын сөз сөйледі.
– Елбасымыз осыдан он жыл бұрын өз жарлығымен 1 мамырды Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі деп жариялағаны белгілі, - деді облыс әкімі. – Бұл күн бір өзінде 130 халықтың топтары мен өкілдері тұратын тәуелсіз еліміздің тарихына орны бөлек атаулы күн болып енді. Елбасымыздың биылғы жылғы халыққа жолдауынан туындайтын міндеттерге сай бәсекеге барынша қабілетті әлемдегі дамушы 50 елдің қатарынан орын аламыз десек, бізге ұлтаралық түсіністік, қоғамдық келісім ауадай қажет. Тәуелсіздікке қолымыз жеткен күннен бастап Президентіміз ел бірлігіне ерекше ден қоюмен келеді. Бұл бағытта бірқатар батыл қадамдар жасалғанын да жақсы білесіздер. Соның бірі – Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылуы дер едім. 1995 жылғы наурыз айында алғашқы сессиясы өткен Ассамблеяның содан бергі уақыт аралығында халықтар достығын нығайтуға, жас мемлекетіміздің аяғынан нық тұруына қосқан үлесін ешкім жоққа шығара алмайды. Президентіміз үстіміздегі жылғы халыққа Жолдауында: «Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен әдебиетін арттырып, дамыта береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз», - деп атап көрсетті.
Мерекелік шеруде мәлім болғанындай, біздің облысымызда 21 ұлттық-мәдени орталық бар екен. Соның бірі – қазақ ұлттық-мәдени орталық – диаспоралық қауымдастық. Ал, диаспора өздерінің тарихи отанынан өзге жерді қоныстанған адамдар.
Біз, қазақтар, тарихи отанымызда тұрып жатқан халықпыз. Ендеше, диаспоралар құсап ұлттық-мәдени орталық ашқанымызға не жорық?!
Ұлттық-мәдени орталық белгілі бір диаспораның – тағдыр айдап Қазақстанға келіп калған белгілі халықтың аз тобының жоғын жоқтап, мұңын мұңдайды. Орталықтар атқарып отырған жұмыс мазмұны шын мәнінде де осылай болып отыр. Олар өздері өкілі болып табылатын диаспораның тілі, діні, ділі, мәдениеті тәрізді мәселелермен айналысады. Түбегейлі мақсат айқын – Қазақстан халықтарының достығын нығайту, республикамыздың дамуына үлес косу.
Ұлттық-мәдени орталықтардың құрылғалы бергі он бір жылғы тыныс-тіршілігі мұны әбден әдемі дәлелдеп отыр. Облыс көлемінде бұл орталықтар кіші ассамблеяға топтасқан, республика көлемінде Қазақстан халықтары Ассамблеясы деп аталынады.
Хош, бәрі дұрыс. Дұрыс емесі – біздің облыста қазақ ұлттық-мәдени орталығы құрылып, өзімізді диаспоралар қатарына қосқанымыз.
Ұлттық-мәдени орталықтар құрылып жатқан 1995 жылы облыстық әкімдікке қазақ зиялыларын жинап, қазақ ұлттық-мәдени орталығын құру жөнінде құрылтай сияқты бір жиын өткені есімде. Қайран біздің қойдан жуас зиялыларымыз кіші ассамблея хатшылығының меңгерушісі Күләш Әбдікешова қазақ ұлттық-мәдени орталығын құру керектігін айтқанда үндемей ғана отырды.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Көкіш Рыспаев екеуіміз қарсы шықтық. Көкіш ағай да, мен де тыңдар құлаққа әжептәуір айттық, ұзын-ырғасы мынау:
Қазақстанның иесі – қазақ халқы. Біздің жаны жомарт, құшағы кең, досқа адал халқымыз Қазақстанды мекендейтін бір де бір халықты өгейсітіп көрген емес. Кәдімгі өзіміз айтатын «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» өмір сүріп, еңбек етіп жатырмыз. Мейлі, аз ұлттар мәдени орталықтар құрсын, оған таңдаулы ұл-қыздары шоғырланып, берекелі іс атқарсын.
Ұлттық-мәдени орталықтар қандай да бір мәселенің оң шешімін мемлекеттік мекемелерден дәметеді. Аз ұлттың мейлі балаларының өз ана тілінде білім алуы, мейлі мәдениетін дамытуы, мейлі салт-дәстүрлеріне өріс беруі – бәр-бәрі – мемлекеттің қамқорлығы арқасында жүзеге асырылады.
Бұл жомарт мемлекет – қазақтың мемлекеті, тарихи отаны.
Бұл адамгершілігі мол, иманды мемлекет – өзін паналаған өзге ұлттардың екінші отаны.
Бұл мемлекеттің байырғы халқы ешуақыт диаспора бола алмайды. Қазақ халкы мемлекет қамқорлығына ешуақыт зәру болып, қол жаймайды. Мемлекеттің өзі-өзінің негізі болып табылатын халқының қамқоры, қызметшісі. Ендеше қазақ ұлттық-мәдени орталығын құру – саяси соқырлық.
Біздің осы іспетті жайлап та, қызынып та айтқан сөзіміз Күләшқа әсер етпеді. Ол кісіні қостайтын адамдар да табылды. Сөйтіп осындай оғаш орталық құрылды.
Жиын тарап, есікке беттегенімізде Күләш мені тоқтатты.
– Әлдеке, сонша қатты кеттіңіз. Дұрыс айттыңыздар. Амал жоқ, бұл – Тшановтың нұсқауы, - деп жымиды Күләш Әмедиқызы.
– Керегі жоқ құрылым. Не істейді енді? Мен әкімге айтайын, «қойыңыз» дейін, - дедім мен.
Күлекең екі ойлы қалыпта қалды.
Ал, түкке де қажеті жоқ, түкті де бітірмейтін қазақ ұлттық-мәдени орталығы санда ғана барға есептеліп жүр.
Қазақ балаларын оқыту, мәдениетті, ұлттық салт-дәстүрімізді өркендету, тілімізді, ділімізді, дінімізді қалпына келтіру мәселелерінің бәрімен облыс әкімінің департаменттері, басқармалары, бөлімдері айналысады. Бұл – олардың тікелей мемлекеттік міндеті. Сонда мәдени орталығымызға не қалады, түк те қалмайды. Ақыры құрылған екен, ең болмаса, бірдеңелерге мұрындық болғансып, түртпектеп жүрсе ғой, жоқ, түк жоқ. Басқаны қайдам, өз басым осы мәдени орталықтың бір мәдени шара өткізгенін көрген емеспін. Себебі, оның басшылары әдебиет пен мәдениетке үш қайнаса, сорпасы қосылмайтын технократтар.
Тұра тұрыңыз, қазақ ұлттық-мәдени орталығының да, әдетте, оның басшыларының да атқаратын бір ісі бар, ол – Наурыз мерекесінде ТарМУ-дың әдемі қазақ үйлерін жайнатып тігу. 1 мамыр мерекесінде ТарМУ-дың колоннасын бастап жүру. Басқа ұлттық-мәдени орталықтарының бір-бірден өз үйлері, бір-бірден өз колонналары бар. Өйткені олардың өздері де бар. Біздің мәдени орталығымыздың түкке қажеті жоқ екенін наурызда мекемелер мен ұйымдар тіккен үйлер мен 1 мамырда мәдени орталық атын жамылмай-ақ ағылып өткен қазақ колонналары да дәлелдесе керек.
Бір қуанарлығы, мұндай сүйекке таңба боларлық орталық өзге бірде-бір облыста жоқ.
Елбасымыз бір сөзінде Ассамблеяның атқарған жұмысына разылық білдіре келе, оның қызметіне жаңа серпін беріп, құрылымдық түріне өзгеріс енгізсе артық болмас еді дегенді айтып қалды. Амандық болса, көрерміз, ондай өзгерістер де болар. Бірақ бір нәрсе айқын – бұл бағыттағы қандай да құрылым нендей де өзгеріске ұшырамасын, қызметінің мәні өзгеріссіз қалады, ол – ұлтаралық және Мәдениетаралық келісімді, Қазақстан халықтарының дамуын қамтамасыз ету.
Бұл істе республика атына ие қазақ халқы көшбасшылық дәрежесінде болуы керек. Ендеше, ол халықтың – қазақ халқының біздің облыста тұратын өкілдерін – қазақтарды диаспораға теңеп, ұлттық-мәдени орталыққа біріктіру, сыпайылап айтқанда, әбестік.
Біз, қазақ халқы, көнбіспіз, мойнымызға қарғыбау іліп қойсын, кеудемізге орден тағып берсін, көне береміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет