Электр сұлбалар


Сұлбаларда қолданылатын шартты графикалық белгілеулер



бет2/8
Дата26.09.2023
өлшемі7,32 Mb.
#182585
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
электр с лбалар

Сұлбаларда қолданылатын шартты графикалық белгілеулер


Сұлбаны түсініп оқу үшін, оны орындау кезінде қолданылған шартты белгілеулерді білу қажет. Шартты белгілеулер мемлекеттік стандарттың талаптарына толығынан сәйкес болуы керек, сондықтан сұлбаларда белгілеулердің қандайда болмасын түсініктемесін бермейді.


Қазіргі кезеңде электр сұлбаларды орындау кезінде КҚБЖ құрамына кіретін МЕСТ 2.721-74, 2.791-74, 2.701-84, 2.730-73, 2.747-68, 2.755-87,
2.756-76 және тағы басқа стандарттар қолданылады.
Аталған мемлекеттік стандарттарда қарастырылған шартты графикалық белгілеулер және таңбалар электротехниканың, радиоэлектрониканың, электр байланысының түрлі саласында қолданылатын электр сұлбаларын, сонымен бірге автоматтандырылған құрылғылардың, есептеуіш техниканың және тағы басқа электр сұлбаларын жасауға арналған.
Шартты графикалық белгілеулерді жасағанда, әдетте кескіндерін салу қиынға түспейтін, қарапайым геометриялық фигуралар негізге алынған. Электр қондырғылардың жекеленген элементтерінің шартты белгілеулерін еске сақтауды жеңілдету үшін оларды ішінара өңіне тән символдармен кескіндейді. Шартты белгілеулер жайында түсінік алу үшін А қосымшасында электр сұлбаларына арналған негізгі элементтердің стандартталған графикалық шартты белгілеулері келтірілген. «Шартты белгілеу» термині, осы
берілген белгіні тек элементтің жалпы сипаттамасын, оның қандай да болмасын өзіне тән ерекшеліктерін көрсетпей графикалық әдіспен беру қажеттілігін білдіреді.
Шартты графикалық белгілеулер жиынтығы көптеген мемлекеттерді қамтитын белгілі жүйе болып табылады. Базалық белгілеулердің негізінде өзіндік ерекшелігін көрсететін қосымша таңбаларды енгізу арқылы әр ел өз стандарттарын жасайды.


    1. Сұлбаларда қолданылатын әріпті–санды белгілеулер


Электр сұлбаларына әріпті-санды белгілеулер МЕСТ 2.710-81 стандартында қарастырылған және бұйымға кіретін әрбір элементтің, құрылғы мен функционалдық топтың шартты әріпті-санды белгілеулері болуы тиіс.


Әріпті-санды белгілеулер мыналарға арналған:

  1. конструкторлық құжаттарда графикалық түрде көрсетілген бұйымның элементтері, құрылғысы мен функционалдық топтары туралы мағлұматтарды қысқаша түрде жазу үшін;

  2. мәтінді конструкторлық құжаттардағы сәйкес элементтерге, құрылғылар мен функционалдық топтарға сілтеме үшін;

  3. егер бұйым құрылысында алдын ала ескеру болса, тікелей түсіру

үшін.
Берілетін ақпараттың міндеті мен түріне байланысты шартты әріпті-
санды белгілеулердің төмендегі типтері тағайындалады:
а) жоғары деңгейлі белгілеу - сұлба мен элементтер тізімі бар затқа берілген шартты белгілеу;
б) функционалдық топты белгілеу. Функционалдық топқа берілген шартты белгілеу, қағида бойынша, топтың функционалдық міндеті туралы ақпарат береді;
в) конструкциялық белгілеу - бұйымдағы элемент немесе құрылғының тұрған жерін көрсететін шартты белгілеу;
г) позициялық белгілеу. Бұйымның құрамына кіретін әрбір элементке (құрылғыға, функционалдық топқа) берілген шартты белгілеу қойылады, сонымен қатар элементтің түрі туралы ақпарат, оның элементтер арасындағы рет нөмері және қажет болған жағдайда бұйымдағы элементтің орындайтын қызметі туралы нұсқаулар болады;
д) электр контактысын (шығарылған өткізгіш) белгілеу - электр байланысын немесе бақылауын іске асыруға арналған элементтің электр контактысына берілген шартты белгілеу;
е) адрестік белгілеу - сәйкес элементтің (құрылғының, функционалдық топтың) сұлбада немесе сызбада болатын конструкторлық құжаттағы орынды көрсететін шартты белгілеу;
ж) құрамдық белгілеу. Екі, не одан көп жоғарыда аталған әртүрлі типтік шартты белгілеуінен тұратын және оның құрамына кіретін әрбір шартты белгілеуде болатын мағлұматтар жинағын беретін шартты белгілеулер.
Құрамдық белгілеуге шартты белгілеулердің барлық көрсетілген типтері кіруі мүмкін. Жоғары деңгейлі және адрестік белгілеулер тек қана құрамдық белгілеуде қолданылады.
Шартты әріпті-санды белгілеулерге латын мен орыс алфавитының бас
әріптері және араб сандары қолданылады. Бір шартты белгілеуде әріптер мен сандардың биіктігі бірдей етіп алынады. Шартты әріпті-санды белгілеу таңбалар тізбегі түрінде үзіліссіз бір жолға жазылады.
Позициалық белгілеудің принциптік сұлбада міндеті мен түрін толығырақ қарастырайық. Сұлбадағы позициялық белгілеуде элементтің (құрылғының, функционалдық топтың) түрі туралы ақпарат және оның берілген түр ішіндегі рет нөмірі болады. Рет нөмірлері элементтерге жоғарыдан төмен және солдан оңға қарай есептегендегі орналасуына сәйкес беріледі. Позициялық белгілеулерді элементтердің шартты графикалық белгілеулерінің үстіне не оң жағына орындайды. Жалпы жағдайда алғанда позициялық белгілеулер дербес мағыналық мәні бар үш бөліктен тұрады. Оларды өлшемі бірдей қарыппен бөлусіз және үздіксіз түрде жазады. Позициялық белгілеу ережелері МЕСТ 2.710-81 стандартында қарастырылған. Бірінші бөлікте элемент түрін, бір немесе бірнеше әріптермен көрсетеді, мысалы, R - резистор, С - конденсатор, ВС - дыбыс түсіргіш. Екінші бөлікте элементтің рет номері болады. Мысалы R1, R2, … , R10, C1, C2, … , C12. Үшінші бөлікке элементтің функционалдық міндетін көрсетуге рұқсат етіледі. Мысалы С4J - интегралдаушы конденсатор.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет