«Қадамдық» кернеу аймағында орын ауыстыру ережесі
Табандарды жер беттігінен ажыратуға және алшақ қадамдар жасауға болмайды.
Электр сымымен түйіскен жерден 8 м радиуста «қадамдық» кернеуге түсу мүмкіндігі ықтимал.
«Қадамдық» кернеу аймағында диэлектрлік аяқ киімдермен қаз қадамдап жүру қажет.
Жерде жатқан сымға жүгіріп келуге болмайды.
Электр тогымен зақымдану кезіндегі әрекет ету сұлбасы
Егер жарақат алушы есінен танған және күре тамырында соғыс болмаса:
Жарақан алушыны ток көзінен адырату.
Көз жанарының жарыққа реакциясының болмауына көз жеткізу.
Күре тамырында соққының болмауына көз жеткізу.
Көкірегінен жұдырықпен соққы жасау.
Жүрекке қиялай массаж жасау.
Жасанды тыныс жасау.
Аяқтарын көтеру.
Басына салқын басу.
Жансақтау әрекетін жалғастыру.
«Жедел жәрдем» шақыру.
Егер жарақат алушы есінен танған және күре тамырында соғыс болса:
Тамыр соққысының болуына көз жеткізу.
Ет бетінен жатқызып, ауыз қуыстарын тазалау.
Басына салқын басу.
Жарақаттарын таңу.
«Шина» тағу.
«Жедел жәрдем» шақыру.
Рұқсат етілмейді: - алдын ала ток көзінен ажыратылмаған жарақат алушыға жанасуға;
- биологиялық өлімнің нышандарына дейін жансақтау әрекеттерін тоқтатуға.
Достарыңызбен бөлісу: |