Оқиға орнында алғашқы көмек көрсетудің әмбебап сұлбасы
Егер есінен танған және күре тамырында пульс жоқ болса – жансақтауға кәрәсу қажет.
Егер есінен танған және күре тамырында пульс бар болса – етбетімен жатқызып, ауыз қуыстарын тазалау керек.
Күре тамырынан қан кетсе – резеңке тарту керек.
Жарақаттарбар болса – таңу қажет.
Егре сүйек сыну нышандары бар болса – тасымалдауыш шина салу керек.
Электр тогымен зақымдану кезіндегі алғашқы көмек
Электр тогының әсерінен ажырату ережелері.
Кернеуі 1000 В жоғары кезінде:
- диэлектрлік қолғаптар, резеңке аяқ киім киу керек;
- оқшаулауыш штанга қолдану қажет;
- арнайы ережеге сәйкес лақтыру әдісімен сымдарды тұйықтау;
- оқшаулауыш штанганың көмегімен жарақат алушыдан сымды алып тастау;
- токқа түсу орнынан жарақат алушыны кем дегенде 8 м қашықтыққа киімінен ұстап, аластату керек.
Жарақат алушыны ток көзінен ажыратпай тұрып алғашқы медициналық көмек көрсетуге болмайды.
Негізгі мақсат – жарақат алушыны мүмкіндігінше жылдам жоғарыдан түсіру керек, бұл алғашқы медициналық көмекті ыңғайлы және қауіпсіз жерде орындау үшін қажет.
Биіктікте көмек көрсету үшін ешқандай да уақыт жоғалтпау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |