Қорғау іс-шаралары
Статикалық электр зарядын сөндіру үшін тізбектер қалыптастыру жолымен қорғауды қамтамасыз етеді (металл конструкцияларды жерлендіру, оқшауланған материалдардың омдық кедергісін төмендету және т.б.).
Бақылау сұрақтары:
Ток желісіне адамның мүмкін қосылу сұлбасы.
Бір және екі фазалық жанасу.
Жанасулардың мүмкін салдарлары және қорғау іс-шаралары.
Қалдық заряд. Адамның тізбекке қосылу сұлбасы.
Бағытталған заряд. Адамның тізбекке қосылу сұлбасы.
Статикалық электрлік заряд. Адамның тізбекке қосылу сұлбасы.
Дәріс 4
Тақырыбы: АДАМ ДЕНЕСІНІҢ ЭЛЕКТРЛІК КЕДЕРГІСІ. ТҮРЛІ МӘНДЕГІ ТОКТІҢ АДАМҒА ӘСЕР ЕТУ СИПАТЫ. ТОК ЖОЛЫНЫҢ ЗАҚЫМДАНУ САЛДАРЫНА ЫҚПАЛЫ.
Адам денесінің электрлік кедергісі
Адам денесі электр тогын өткізгіш болып табылады. Бірақ, тірі ағзаның өткізгіштігінің қарапайым өткізгіштерден ерекшелігі оның физикалық ерекшеліктерімен ғана емес, сонымен қатар күрделі биохимиялық және биофизикалық үрдістермен шартталады. Адам денесінің кедергісі айнымалы шама болып табылады және көптеген факторларға (терінің күйі, электр тізбегінің көрсеткіштері, физиологиялық күйі, қоршаған орта күйі және т.б.) сызықсыз тәуелді.
Адам денесі көп мөлшерде судан тұрады (65% дейін). Сондықтан тірі ағзаны электролит ретінде қарастыруға болады, яғни ток өту кезінде химиялық ыдырайтын ерітінді.
Достарыңызбен бөлісу: |