Түрлі мәндегі токтардың адамға әсер ету сипаты
Сезілетін ток. Адам ағзасы арқылы өткенде сезілетін тітіркенуді тудыратын электр тогы сезілетін ток деп аталады. Адам өз денесі арқылы өткен аз токты сезе бастайды: орташа алғанда шамамен 1,1 мА жиілігі 50 Гц айнымал ток кезінде және 6 мА тұрақты ток кезінде.
Жібермейтін ток. Электр тогы адам денесі арқылы өткен кезде қарсылық көрсете алмайтын бұлшық еттерінің тартылуына алып келетін ток жібермейтін ток деп аталады. Тұрақты ток кезінде жібермейтін ток болмайды, бірақ ажырау сәтінде ауырсыну сезіледі.адам өздігімен қолын ажырата алатын токты жібермейтін ток шегі деп аталады және ол 50-80 мА шамасында.
Достарыңызбен бөлісу: |