ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫ ӘЛЕУМЕТТАНУ - Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.
- Әлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы ретінде біршама кеш қалыптасты. Оның негізін 19 ғасырдың екінші жартысында Огюст Конт пен Герберт Спенсер қалады. «Әлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы О.Контпен қолданылды. Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде түсіндірілді. Әлеуметтану пәнінің қалыптасауы мен дамуы әлеуметтік қатынастардың өз аспектісінде қарастыратын, көптеген жаңа әлеуметтік концепциялардың пайда болуы арқылы жүзеге асты. Жалпы бұл теориялар өзінің теоретикалық-әдістемелік мағынасы бойынша бір-біріне қайшы келді, бірақ әлеуметтанудың ғылым ретінде тарихи қалыптасуына әр теориялардың ролі айрықша келеді. Әлеуметтануды қоғамдағы әлеметтік қауымдар, қатынас, құрылым, жүйе мен ұйымдардың дамуы жөнінде зерттейтін ғылымы деп белгілейді.
- Әлеуметтік қатынастарды зерттеу негізіне байланысқа түскен объективті қалыптасқан әлеуметтік байланыстар мен фактілер құрылымын зерттеу жатады. Қоғамда шексіз көп әртүрлі әлеуметтік жүйелер бар. Осындай байланыстардың елеулі бөлігі уақытша және кезекті сипатқа ие болады. Әлеуметтанудың ғылым ретінде ерекшелігінің мәні, әлеуметтік қатынастар және байланыстар әлеуметтік заңдар мен зандылықтар деңгейінде зерттеледі.
- Әлеуметтік заң – бұл әлеуметтік заңдар мен құбылыстардың, ең алдымен, адамдардың әлеуметтік әрекетінің байланысы немесе олардың өзіндік әлеуметтік әрекеттерінің жалпы және қажетті байланыстарын айқындауы.
- Әлеуметтік заңдар тек үлкен адам бұқарасы қамтылған жағдайда ғана айқындалады және статистикалық сипатқа ие болады.
ТАРИХЫ - "Әлеуметтану" сөзін тұңғыш рет Огюст Конт озінің "Позитивтік философия курсында" позитивті философияның бір бөлігін құрайтын ауқымды әлеуметтік ғылымның атауы ретінде пайдаланды. Конт бірінші болып осы ғылым элементтерін көлденең материалдар, идеялар мен әдістер атаулыдан тазарту қажеттігін айқын көре біліп, бірінші болып барлық шынында да қажетті элементтерді бір ұғымға біріктірді. Платон мен Аристотель саясатты этикадан немесе саясат ғылымын саясат өнерінен ешқашан ажыратқан емес. XVIII ғасырда саясат ғылымы революциялық рухпен біржола біріктіріліп жіберілді. Гоббс та, Монтескье де, экономистер де қоғамды оның барлық түрлерінде зерттеген жоқ, және, Конт: барынша қарыздар Юмның ықпалына қарамастан, оның себептілік ұғымындағы ақиқат атаулы әлеуметтік түсіндірмелері әлі едәуір дәрежеде теологиялық және метафизикалық болып қала берді.
Әлеуметтану жеке білім саласы ретінде келесі негізгі қызметтерді орындайды: - 1) теоретико-танымдық функциясы, әлеуметтік дамудың заңдылықтарымен, әртүрлі әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің өзгеру тенденцияларымен, зерттеулермен байланысты. Бұл қағида қазіргі уақыттың көкейтесті мәселелеріне ғылыми жауап беріп, жетілдіруге жол ұсынады;
- 2) әдістемелік, әлеуметтанудың концептуальды аппаратын құрастыруға, жаңа заңдылықтарды мен тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді;
- 3) басқару функциясы, әлеуметтанумен ұсынылған шешімдер мен нұсқаулар қоғам, аумақ, кәсіпорын, ұйым аумағында шешім қабылдауға негіз болуына байланысты;
- 4) тәжірибелік функция, тәжірибелік маңызы бар ұсыныстарды құрастыруға мүмкіндік береді;
- 5) болжамдық функция, келешекте әлеуметтік үрдістердің тенденциясы жөнінде ғылыми негізделген болжамдарды құрастыру. Қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларының дамуын жоспарлау үшін, социологиялық зерттеулерді қоғам өмірінде қолданудың маңызы зор. Әлеуметтік жоспарлау бөлек аумақ пен елдердің, әлемдік қауымдастығының өмір әрекетінің белгілі үрдістерінен бастап, қала, ауыл, бөлек кәсіпорын мен ұжымдардың өмірін әлеуметтік жоспарлаумен аяқтап, кең аумақтарды қамтиды.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Достарыңызбен бөлісу: |