Әлеуметтану Кредит№1 Әлеуметтанудың және басқа ғылымдардың байланысы


Элиталардың классикалық теориясы. ( Г.Моска, В.Парето, Р.Михелс)



бет11/28
Дата09.09.2023
өлшемі82,78 Kb.
#180592
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
Байланысты:
Эссе Аяш[1]

5. Элиталардың классикалық теориясы. ( Г.Моска, В.Парето, Р.Михелс).“Элита” термині фр. сөзі сұрыпталған, іріктелген деген мағынаны білдіреді. XVIII ғасырда бұл терминмен жоғары сапалы тауарларды атаса, ал ХХ ғасырдан бастап саясаттануда білімі, билігі, беделі, байлығы жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдірді.
Элитаның классикалық теориялары:
Гаэтано Моска (1854 -1941) элита теориясын “ Саяси ғылым негіздері” еңбегінде негіздеді. Оның ойынша адамға элита қатарына кіруге әскери ерлік, байлық, діни дәреже мүмкіндік береді.
Вальфрэдо Парето (1848-1923) элита терминін ғылыми айналымға енгізген. Еңбегі: “Жалпыға бірдей социология (1916). трактаты” Оның “элиталардың айналу теориясы” бойынша, бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды дамытып отырады. Алмасудың негізі алдыңғы қатарлы идея.
Роберт Михельс (1876-1936). Еңбегі: “Саяси партиялар, демократияның олигархиялық үрдістері туралы очерк” (1911) Оның “олигархияның темірдей заңы “ теориясы бойынша бұқара халықтың өзін-өзі басқаруға қабілеті жетпейді, билік ат төбеліндей байлардың қолдарында болады. Басқару аппараты дайындалған кәсіби адамдарға тиесілі,-деді.

6. Саяси көшбасшылық- бұл белгілі бір адамның немесе адамдар тобының бүкіл қоғамға, саяси ұйымға немесе үлкен әлеуметтік топқа басым әсері болып табылатын билік түрі. Көшбасшылық – бұл қоғамдағы позиция, ол оны иеленетін адамның өз мүшелерінің ұжымдық мінез- құлқын бағыттау және ұйымдастыру қабілетімен сипатталады. Саяси көшбасшылық-бұл көшбасшы мен бұқараның өзара әрекеттесу тәсілі, оның барысында көшбасшы қоғамға айтарлықтай әсер етеді.Саяси көшбасшылықтың жіктелуі - Неміс ойшылы М.Вебер саяси көш бастаушыларды топтастыруға алғаш қадам жасады. Ол саяси серкелерді "бедел" ұғымына негіздеп былай жіктеуді ұсынды:1) билік əкеден балаға мирас ретінде қалатын əдет-ғұрып жетекшілігі;2) ерекше қадір-қасиеті, қабілетіне (ақылдылығына, батырлығына, т.б.) байланысты билік басына келген харизматикалық топ бастар;3) Конституция негізінде сайлау арқылы басшылық орынға келген саяси серкелер.Қазіргі ғылымда көшбасшылықтың типалогиясының кейбіреулерін құрастыруға жəне кейбір типтерін бөлуге көп деген мүмкіндіктер бар. Алғашында ХХ ғасырдың бірінші жартысының типалогияларының қысқаша қарастырайық, өйткені дəл солар қазіргі көсбасшылар болсын, көсбасшылық стильдедері үшін де негіз қалап, жалпы алғанда, көшбасшылық фенаменінің де негізін құрады, ал сосын саяси-психологиялық типалогияларға тоқталайық.
Е. С. Богордус ең алғашқы болып келесі типтерді бөлді:
1) автократиялық (күшті ұйымда);
2) демократиялық (топ мүдделерін таныстыратын өкіл);
3) орындаушылық (кейбір жұмысты атқаруға шамасы келетін;
4) рефлексивті-интелектуалды (үлкен топпен басқаруға қабілетті жеттпейтін). Кейінірек, Ф. С. Бортт көшбасшыларды біраз басқаша классификациялады: 1) институционалды тип (алып отырған орнының құрметтілігіне баланысты); 2) басым (өз орнын күш пен əсер нəтижесінде);
3) көндіретін (бағыныштыларының көңіл-күйлеріне əсер тигізіп, оларды əрекетке бағыттайды).
Дж. В. Гетуель жəне Е. Г. Губа осылай бөлген:
1) «заң шығарушы (nomotyheric) көшбасшылық», мұнда рөлдер жəне жəне күтуді қоғамдық жүйелердегі əрекеттің талаптық өзгерістері анықтайды;
2) «идеологиялық көшбасшылық», мұнда жеке тұлғалардың қажеттіліктері мен ынталарын топтық əрекеттің тұлғалық өзгерістері анықтайды;
3)«синетикалық көшбасшылық», ол қақтығыс жақтарды татуластырады.
В. Белл, Р. Дж .Хилл жəне С. В. Миллз көшбасшылылардың келесі типтерін қарастырды: 1) «формальді» (ресми орындағы);
2) «танымал» (қоғамда дəрежесі жоғары деп саналады);
3) «жер етуші» (шынымен əсер тигізетін);
4) «қоғамдық» (өздігінен əрекет ететін ұйымдарда белсенді қатысады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет