Жаңа замандағы саяси ойлар. 17 ғасырдың көрнекті ағылшын ойшылы – Томас Гоббс (1588-1679ж.ж.) еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде, жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім бойынша патшаға (не мемлекет ұйымдарына) жеке адамдардың құқы тапсырылады.Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке
береді. Ол монархиялық мемлекетті ұнатты. Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шарль Луи Монтескье (16889-1775ж.ж.) болған. Ол əр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортаға Оның ойынша бостандық – бұл заң неге ерік берсе, соны істеу. Бостандықты баянды ету мақсатында жəне төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығаратын, атқарушы жəне сот билігі етіп бөлу керек деді. 4. Қазіргі кездегі саяси ілім XX ғ бас кезінде Батыс елдерінде 1."Солидаризм" ілімі кең өріс алды.Оның негізін салушы француз ғалымы Л.Дюги. Бұл ілім бойынша әрбір тап өмірде өз міндетін атқарып, қоғамның ынтымақтастығы мен үйлесімділігін қамтамасыз етуі керек.
Бұдан соң 2. "Элитаризм" теориясы дүниеге келді. "Элита" - яғни француз тілінде "ең жақсы" "іріктелген", "сұрыпталған" "таңдаулы" дегенді білдіреді. Бұл ілімнің өкілдері -Г.Моска, В.Парето.
3. "Фашизм" - еңбекшілерді басып-жаншу зорлық-зомбылықтың шектен тыс түрлерін пайдалану, қоғам және адам өмірін қатан қадағалау.
4. "Геосаясат" теориясы. Негізін салушы Ф.Ратцель. Бұл теория бойынша мемлекеттің, өмірі қауіпсіз сенімді болу үшін оған жеткілікті географиялық кеңістік қажет. Ал ондай мүмкіндік болмаса қарудың күшімен қамтамасыз ету керек.
5. "Тоталитаризм" - бұл мемлекет тарапынан қоғамның
және әр адамзаттың өмірін катаң бағалауға алатын мемлекеттік саяси құрылыс.
6. Либерализм - мемлекетті реттеу, "Аралас экономиканы", саяси әділеттілікті, пікір алуандығын алға тартады.
7. "Консервативтік" –мемлекеттік реттеуге қарсы. Керісінше, ол ештеңеге араласпауы керек, шексіз бәсеке бостандығын берген дұрыс деп санайды.