Әлеуметтану Кредит№1 Әлеуметтанудың және басқа ғылымдардың байланысы



бет4/28
Дата09.09.2023
өлшемі82,78 Kb.
#180592
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Эссе Аяш[1]

4.Отбасының әлеуметтік қызметтері.Отбасы некеге қарағанда күрделі жүйе болып табылады, себебі ол жұбайларды ғана емес, олардың балаларын, басқа да туыстарын біріктіреді. Отбасының әлеуметтік қызметтері, респродуктивті, тәрбиелік, әлеуметтену, экономикалық, шаруашылық тұрмыстық, әлеуметтік мәртебелік, демалыс, жыныстық. Сондықтан отбасының тұрақтылығы әр кезде өзгеріп отырады. Демек, отбасы қазіргі мен кейінгі ұрпаққа жас жұбайлардың некелік өмірін қалыптастырудың, дүниеге бала әкеліп тәрбиеленуі мен мәдени құндылықтардың, адамгершіліктің материалдық қажеттіліктің ұрпақтан-ұрпаққа берілу ортасы болып табылады. Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтар әсерімен бүгінгі отбасының дағдарысқа ұшырап отырғаны белгілі. Жас жұбайлар арасындағы тұрмыстық шаруашылықтың міндеттерінің тең бөлінбеуі өзара қарым-қатынастың бұзылуына әкеледі. Соның ішінде бала тәрбиесі, бұрын біз үйренгендей балаға тек анасы қарауы. Қазіргі таңда қоғам мен заман, бала тәрбиесіне ата анасы тең тәрбиеленуін қажет етеді. Баланың тұрақты дамуы үшін отбасы ішінің тұрақтылығы, ата анасының екі жақ тарапынан тең тәрбиесіне араласуы қажет. Себебі оның болашақта тұлға болып қалыптасуы мен психикалық денсаулығына оң әсерін тигізеді.
5.Ауытқу және әлеуметтік бақылау.
Девиантты мінез-құлық - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын əлеуметтік іс-əрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен əлеуметтік топтардың қылықтары ;қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы. Девиантты мінез-құлықтың жағымды жағы:Ұлттық батырлар, Дарынды адамдар, Атақты суретшілер, Атақты ғалымдар және т.б. Жағымсыз; Алкоголиктер ,Нашақорлық,Суицид,Терроризм, Вандализм, Қылмыс жасау. Девиация 3 типтен тұрады:Девиантты мінез-құлық, Делинквентті мінез-құлық,криминалды мінез-құлық. Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлық. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, суицид т.б. жатады. Делинквентті мінез-құлық- заңға қайшы әрекет жасау.Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оған мыналар кіреді: жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту,наша сату және тарату. Криминалды мінез-құлық- заң бұзушылық болып табылады. Оған қылмыс және оның түрлері жатады. Ол сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.Әлеуметтік бақылау дегеніміз – жеке адам мен қоғамның, мемлекеттің өзара қатынастарын реттейтін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін құрал. Адамдар, егер әлеуметтік бақылау болмаса ойларына келгенін, өздеріне ұнаған қылықтарын жасар еді. Ондай жағдайда қақтығыстар, ұрыс-керіс, тәртіпсіздік болар еді. Әлеуметтік бақылау – қоғамдағы тұрақтылықтың негізі. Оның болмауы тәртіпсіздікке, бейберекетсіздікке, дағдарысқа әкеліп соқтырар еді. Сондықтан да, әлеусеттік бақылау мынадай қызмет атқарады:Тәртіп сақтау,Тұрақтылықты қамтамасыз ету.
6. Жаһандану мәселелері және Қазақстан.
Жаһандану ұғымы жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық,мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі.Терминді
ғылыми айналымға алғаш рет енгізген(1983 жылы) америкалық экономист Теодор Левитт. Жаһандану түрлері:
“Менталдық” немесе мәдени жаһандану —дәстүрлердің, діндердің,мәдениеттер мен идеологиялардың “ұқсастануының” кешендік үрдісі. Қазіргі таңда бүкіл әлем, негізінен, 6 жаҺандық діни жүйеге (христиандық, ислам,иудаизм, индуизм, буддизм, конфуцийшілдік) бөлінеді.Аумақтық жаһандану — мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі.Мемлекетаралық экономикалық және әскери-саяси одақтар Жаһанданудың барынша жоғары деңгейдегі мәнін көрсетеді. Бұл ретте Жаһанданунәтижесінде болашақта ұлттық мемлекеттерге немесе басқа да аумақтыққұрылымдарға бөлінбейтін біртұтас өркениет құрылуы мүмкін деген болжам айтылад.Ақпараттық-коммуникациялық жаһандану — қазіргізаманғы интеграциялық үрдістердің ішінде аса ықпалдысы.Оған: коммуникациялық мүмкіндіктерді дамыту және ғарыштық кеңістіктіақпарат беру үшін пайдалану; жаhандық ақпарат желілерінің пайда болуыжәне тез дамуы; адамзат тұрмысындағы көптеген үрдістердіңкомпьютрлендірілуі жатады.Жаһандану нәтижесінде ұлттық экономикалардың жақындасуы байқалады, ол сыртқы сауда мен қаржы ағымы нәтижесінде жүреді.Сонымен қатар шекарадан жұмыс күшінің, білімнің, технологияның жаппай ағымы. Ол әлемді біріктіреді және өзара тәуелді етеді, мысалы: соңғы қаржы дағдарысы мен СПИД және жаһандық жылыну мәселелері осының көрінісі болып отыр. Технологиялардың тез дамуы біздің өміріміздің сапасын өзгерткені рас. Жеке сектордың бұрын соңды болмаған өркендеуі байқалуда, жеке капитал ағымы байқалуда. Осыған байланысты «дамушы мемлекеттерге қазіргі кезде батыстан келетін қаржыландыру көздері бес есеге ұлғайған. Кедей мемлекеттерде қарқынды урбанизация байқалуда, азаматтық қоғам қалыптасуда, демократия дамып, билік орталық биліктен жергілікті деңгейге өтуде. Осы үрдісті дұрыс пайдаланған мемлекеттер үлкен секіріс жасап отыр. Интеграциядан шет қалған мемлекеттер деградацияға ұшырап отыр. Олардың артта қалуы тереңдей түсіп, тең құқықсыздық жағдайы күшейе түседі.
7) Қазіргі әлемдегі білім
Қазіргі таңда адамның руханилығының, оның өзін-өзі құруында, жеке тұлға ретінде қалыптасуында «білім беру = оқыту» парадигмасы «білім беру = қалыптасу» парадигмасына өзгергені жайлы айту қажет.
Білімі жоғары адам кез келген саланың маманы бола алады, сондықтан жаңартылған білім беру жүйесі жекелей тұлға мен мемлекет үшін де стратегиялық жоспарда ең тиімді нвестициялық сала ретінде қарастырылуы керек.
 Білім беру саласы мәдениетті тарату мен кәсіптік білім, білік және дағдылардың белгілі бір жиынтығы болудан қалса, онда білім беру қызметінің кез-келген формасына тән, оқу үрдісінің аясындағы оқу пәні оның мақсаты бола алмайды.
  Жаңа білім беру жүйесі «қалыптасып келе жатқан» субъектіде даралық пен кәсібилікті дамытуға бағыттайды. Адамдардың санасында ұжымдық түсінігі әліде сақталуда.
Қазіргі таңдағы білім берудің негізгі үрдісі
 Қоғамда білім саласының рөлі адамдардың білімі, дағдысы, жеке және кәсіби қабілеттерінің дамуымен анықталады. Бұндай жағдай 20 ғасырдың екінші жартысынан бастап көрініс алған. Ақпараттық революция мен ақпараттық қоғамның қалыптасуы, әлеуметтік және экономикалық дамудан гөрі ақпарат пен білімді алдыңғы жоспарға қойып отыр. Қазіргі таңда табыстың көздері білімде, сонымен қатар инновация және оны тиімді қолдану әдістері екенін байқауға болады.
 Постиндустриалды экономикадағы жұмысшы жаңа білімді, ақпаратты, білікті, дағдыланған сипатқа ие болады. Экономикасы дамыған ақпараттық қоғамда жұмысшылар өздерінің мамандықтарын бір неше рет ауыстыра алады және үнемі біліктілік санаттарын жоғарлатады.
Жаңа білім беру жүйесі компьютерлік және телекоммуникациялық технологиялардың жоғары әлеуетін іске асыруға бағытталған. Атап айтқанда жаңа білім беру жүйесінің басты артықшылықтарының бірі жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылатын мүмкіндіктердің бірі - қашықтықтан оқыту.
 Қазіргі мектептің түлегіне білім мен біліктің жиынтығы ғана емес, оны игеру қабілеті қажет, сонымен қатар еңбекқорлық қана емес, бастамашылдық пен тәуелсіздік қасиеттері керек.
 Сонымен, қазіргі әлемдегі білім беруді дамытудың келесі негізгі тенденцияларын бөліп көрсетуге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет