Медицинадағы социологияның негізгі мақсаты: Басқа да қоғамды зерттеуші ғылымдармен қатар медициналық социология да халық денсаулығын жақсарту, физикалық дамуын көтеру, еңбекке белсенділікті көтеру, жалпы халықтар арасында орташа өмір ұзақтығын ұзарту мақсатында соц-экономикалық шараларды ұйымдастыру. Сонымен қатар социологиялық медицина денсаулыққа әсер етуші факторларды соның ішінде тұрмыстық жағдай сапасы, түрлі індеттердің алдын-алу, сақтандыру, таралуын болдырмау және адамдар арасында салауатты өмір салтын сақтау насихаттау жүйесін де кеңінен талдауда.
10.Ақпарат жинаудың әлеуметтік әдістері.Әлеуметтанулық зерттеу әдістері жиналатын ақпараттардың мазмұнына қарай сандық және сапалық болып бөлінеді. Сандық әдістерге: сауалнама, халық санағы және статистикалық зерттеулер жатқызылса сапалық әдістерге бақылау, сұхбат, контент талдау, фокус топ әдістері жатады. Сандық әдістер сапалық әдістерге қарағанда әлеуметтік ақпарат жинау және талдау кезінде әлдеқайда ертерек қолдана бастады. 19 - 20 ғасырдың басында зерттеушілер халық санағы, арнайы статистикалық зерттеулер мәліметтерін белсенді пайдаланды. Көбінесе сапалық ақпарат негізінде жасалынған және қалың бұқараның көңілін аударған ең ірі социологиялық зерттеу У.Томас пен Ф.Знанецкийдің “Еуропа және Америкадағы поляк шаруасы” атты еңбегі болды. Сапалық зерттеулер колданбалы социологияда да, қоғамдық пікірді зерделеуде де, нарықты зерттеуде де кең таралған жоқ. Барлық сапалы әдістемелер ішінен соңғы кездері ең көп таралғаны фокус-топтар болып табылады. Бұл - зерттелетін объект жөнінде ақпарат алу мақсатындағы топтық пікір алысулар. Фокус-топтар аудио немесе бейнепленкаға жазылады, жазбалар негізінде арнайы әдістемен түсіндіру , резюме мен есептер дайындалады. Бақылаушының зерттеу объектісіне қатысты жағдайына орай бақылау енгізілмеген және енгізілген (қатысушы) болуы мүмкін. Енгізілмеген бақылау кезінде зерттеуші зерттелетін объектіден тыс тұрады. Ол оқиға барысына енгізілмейді және сұрақтар қоймайды. Енгізілген бақылауда зертттеуші бақыланушылармен тікелей байланыста болады, олардың іс-әрекетіне қатысады. Енгізілген бақылау өз кезегінде жасырын (жариялы емес, құпиялы) және ашық болып бөлінеді. Қоғамдық құбылыстарды зерттеген кезде сұрау әдісін қолданғанда көбінесе анкета тарату әдісі, интервью мен тест әдістері жиі қолданылады. Алдын ала дайындалған сұрақтар жазылған анкеталар тарату әдісі жиі қолданылады. Анкета тарату жолдары түрліше болады. Анкеталарды почта арқылы жеткізуге болады немесе баспасөзде жарияланып, оқушылардың қойылған сұрақтарға жауап қайыруына өтініш білдіріледі.