Әлеуметтану Кредит№1 Әлеуметтанудың және басқа ғылымдардың байланысы


) Мәдениет негізінде екі үлкен түрде болады: материалдық және рухани



бет16/28
Дата09.09.2023
өлшемі82,78 Kb.
#180592
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28
Байланысты:
Эссе Аяш[1]

4) Мәдениет негізінде екі үлкен түрде болады: материалдық және рухани.1. Материалдық - бұл өндірістегі құрал-саймандар техника, құрылымдар және тағы басқалар. Бұл адамның табиғатты өзгерту, қайта құру процесімен байланысты;
2. Рухани — бұл ғылым, өнер, әдебиет тағы басқалар. Бұл адамның рухани дүниесін және оның әлеуметтік өмірін өзгертумен байланысты болады. Мәдениеттің бұлай бөлінуі белгілі шартқа байланысты Олардың арасында тығыз байланыс, қатынастар бар. Материалдық мәдениет құрамына еңбек құралдарымен бірге барлық қолмен, ақылмен өңделген еңбек заттары жатады. Олардың мазмұны мен түрі мәдениеттің даму сатысын көрсетеді.
5) Мәдениеттегі мифтің дін философия өнер саясаттың өзара даму үйлесімділігі.Мәдениет - адамдардың іс әрекеті белгілі бір саланың жетілуі деңгейі сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті т.б. Миф – 1) көне аңыз, әңгіме; 2) тарихи-мәдени сананың ерекше күйі. Ежелгі мифтер мен аңыздар алғашқы адамдар тіршілігінің маңызды бөлігі. Алғаш рет Миф философиясын Дж.Вико (1668 – 1744) ұсынды. Ол Миф қиял ойыны ретінде қалыптасады деген пікірде болды. Кейін 19 ғасырдың ортасынан бастап Миф этнографиялық материал ретінде зерттеле бастады. Дін дегеніміз сенушілерінің әрекеті мен нанымын, моралы мен дүниетанымын белгілейтін, қадірлейтін және тауап ететін қасиетті орыны бар, киелі кітабы, қастерлі кісілері (пайғамбары) бар, түрлі культтардан тұратын, табиғаттан тысқары немесе трансценденталді құдіретке, рухани белгі-түсініктерге сиынатын дүниетаным формасы, о дүние секілді басқа тылсым өмірді бар деп есептейтін мистикалық түсінік жүйесі. Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Саяси мәдениет – белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы. Өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді. Философия субъектінің объектіге теориялық-рефлексивті және рухани-практикалық қатынасына негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет