«Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану» пәні бойынша №1 межелік бақылау сұрақтары


Hарықтық (нарықтық) экономикалық жүйе



бет35/107
Дата29.03.2022
өлшемі165,8 Kb.
#137220
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   107
Байланысты:
СПК РК1 ГИПЕРС

Hарықтық (нарықтық) экономикалық жүйе;
1. Өндірістік өнімдер мен ресурстарға жеке меншіктін болуы.
2. Халық шаруашылығын (экономиканы) еркін бәсекеге негізделген нарықтық механизм арқылы реттеу мен басқару.
3. Қоғамда өз өнімдерін еркін сата алатын дербес өндірушілер мен өнімдерді таңдау арқылы еркін сатып ала алатын тутынушылардың болуы.
- аралас экономикалық жүйе.
Қазіргі кезде көптеген елдерде аралас экономикалық жүйелі пайдалану дұрыс деп есептейді. Оның негізгі ерекшелігі:
1. Мұндай жүйеде мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік орын алады.
2. Халық шаруашылығын ұйымдастыру мен басқару әдісі тек таза нарықтық механизмге ғана негізделіп қоймай мемлекеттік реттеу мен толықтырылады.
Қосымша:
Аралас экономикалық бірнеше үлгілері бар.
1. Американдық үлгі – нарықтық капиталистік үлгі. Мұнда жеке меншік басым, нарықтық бәсеке механизімі толық жұмыс істейді. Ірі кәсіпкерлер мен талапты жұмыскерлерді қорғайды. «Өз күшіңді өзің көр».
2. Жапондық үлгі – бұл реттелетін корпоративтік капитализм үлгісі. Мұнда капиталдық көбею (қорлану) мүмкіндігі мемлекеттің белсенді реттеу ролі мен байланысып отырады.
3. Шведтік үлгі - бұл әлеуметтік үлгі. Оған өте жоғары деңгейдегі әлеуметтік кепілдік сипаты тән. Мұнда кәсіпкерлердің бәрін қолдайды, бәріне пайда табуға жағдайлар жасайды. Кәсіпкерлерден түскен салықты бюджетке жинап, оны салықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге тегін білім алумен емделуге жұмсайды. Шведтік социализм деп айтатын себебімізде осыдан.
4. Қытайлық үлгі – бір жағынан нарық механизімімен экономиканың мемлекеттік емес секторының, екінші жағынан жоспарлау негізіндегі мемлекеттік реттеу мен әлеуметтік кепілдіктің үйлесімділігі,Қытай экономикасында социалистік үлгінің қалыптасқанын көрсетеді.
21 Дін және қоғам.
Дін адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік мәдени сала.
Діннің басты мақсаты-адамның рухани жетілуі және оның жаратушыға деген сенімі. Ислам философиясында дін дегенімізәлемді байланыстыратын күш, Алланың барына сену. Ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махабаты, қорқынышы Аллаға арналады.
Дін- бұл қоғамдық сананың бір формасы; Белгісіз, тылсым, құдіретті күштерге және құбылыстарға сенуге, табынуға негізделген рухани көзқарастардың жүйеленген жиынтығы.
Дін институты бұл - қоғамның діни сенімдерді қанағаттандыруға бағытталған құрылымдарының, мекемелерінің, салт-жоралғылары мен олар туралы ілімдердің жиынтығы.

Дін мәселелері қандай заманда болмасын қоғам мен мемлекет үшін аса маңызды, күрделі мәселелердің бірі болып келген. Кеңестік идеология қирағаннан кейін дінннің қоғамдағы орны және атқаратын қызметі түбегейлі өзгеріске ұшырады. Қазіргі кезеңде дін қоғамның әлеуметтік рухани маңызды құрамы. Дін арқылы адамдар өздерінің дәстүрлі құндылықтарын қайта жаңғыртуға талпыныс жасауда. Қазақтың дүние танымындағы дін мәселесі халқымыздың рухани мұра жүйесінде, оның ертедегі дүние танымдық ойлау элементтерінен бастап, қазіргі заманғы толысқан дүниетанымдық теориясын түгелдей қамтитын ұзақтай жемісті жолдардан өтіп, әлі де зерттеліп қарастырылуда.


Барша жаратылыстың қожасы екенін, бірақ сол үшін осы әлемнің иесі алдында жауапты екендігін сезіндіретін нәрсе – дін. Бұл кез-келген халықтың тарихи тағдырында діннің рөл атқаратындығын, оның рухани, мәдени өркендеуінің көкжиектерін айқындайтын негізгі фактор екендігін көрсетеді.
Жалпы дін туралы, оның ішінде Ислам діні туралы түсінігіміз жеткілікті деп айта аламыз ба? Өкінішке орай, қоғамдағы кейінгі кезеңде көрініс тапқан келеңсіз оқиғалар керісінше жауап беруге мәжбүрлейді. Кейбір зерттеушілердің пікірінше қазақтардың діншілдігі « үстірт », «таяз» әсіресе жастар Ислам дінінің негізгі қағидаларын білмиді. Шындығында мешітке барып намазға жығылып немесе үйінде бес уақыт намаз оқып,ораза ұстайтындардың көпшілігі өзінің Ислам дінімен байланысын ұлттық дәстүрдің құбылысы ретінде қарайтындығы шындық. Қазіргі кезеңнің ерекшелігі- дінге сенемін деушілердің көпшілігінің діни білімнің негізгі ұстанымдары, қағидаларын, тарихын жете білмейтіндігінде.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші съезінің жабылуында, Қазақстан Президенті өзінің сөзінде: «Дін атын жамылған бірлестіктер саны мен әсерінің арту проблемасына да назарларыңызды аударғым келеді. Ол барлық елдерде делік бар және негізінен әлемдегі барлық қиындықтарда арамтамақ болып отыр. Олардың көпшілігі танымал себептермен анау айтқандай қинатсыз емес идеясын насихаттайды, қайырымдылық шараларын жасағансиды, соның салдарынан тек қана азаматтық қоғамдағы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің сеніміне де селкеу түсіруі мүмкін. Біз мұндай ұйымдарға қарсы тұрып, азаматтарымызды кез келген жағымсыз ықпалдан қорғай отырып, олардың қызметіне тосқауыл қоюымыз қажет», - деген болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет