Әлеуметтану


Некенің мотивтері және ажырасудың себептері



бет42/82
Дата07.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#87528
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   82
Байланысты:
ӘЛЕУМЕТТАНУ. ОҚУЛЫҚ (1) (2)

2. Некенің мотивтері және ажырасудың себептері


Некеге отырудың мотивтері некеге отыратын жар таңдаудан басталады. Некелік жүріс-тұрыс некеге деген қажеттікті қанағаттандыру мақсатындагы және некелік жұбайды таңдауға байланысты жүріс-тұрыс болып табылады. Некеге отыратын жар таңдау дегеніміз де тұтас бір процесс, оның нәтижесінде некеге отырар адамды таңдау мүмкіндіктерінің жиынтығынан қайсыбір тәсілмен бір ғана жұбай таңдап алынады да, күйеуі (әйелі) болады.
Некеге отыратын жар таңдау нақты тарихи процесс, ол коғамда бар экономикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-мәдени және басқа да жағдайларға нақты тәуелді. Некеге отыратын жар таңдау процесінің негізгі ерекшеліктері әр түрлі мәдениеттерде және тарихи дамудың әр түрлі сатысында болатын жар таңдау мүмкіндігін сақтаған кеңістікке және өзінің жеке жар таңдау еркіндігі деңгейіне байланысты. Бірінші қатынаста, яғни некелік жұбайды таңдау мүмкіндігі бар кеңістікті анықтауға орай, барлық мәдениеттер қайта некеге отыруға рұксат етумен немесе оған жол бермеумен өзгешеленеді. Егер де некеге қайта отыруға жол берілсе, некелік жұбай таңдауды жүзеге асыратын жиынтық өзіне некеге тұрмағандарды да, некеге отырғандарды да қосқандықтан мейлінше ауқымды кең болып келеді. Бұл жердегі ереже бойынша ер немесе әйел адам үшін некеде тұруына немесе тұрмауына қарамастан әрдайым олардың басы бос болады. Америка әлеуметтанушысы Б. Фарбердің пікірінше, әрбір адам теориялық тұрғыдан алғанда жынысы басқа барлық өзге адамдардың үнемі потенциалды жұбайы болып табылады. Бұл жердегі маңызды жағдай некеде тұрған адамның кейінде некеге отырып жұбай болу мүмкіндігін сақтауы. Ал, екінші рет некеге отыруға жол бермейтін мәдениеттерде дәстүрлі, қатаң моногамиялық жар таңдау мүмкіндігі сақталған кеңістікке некеде тұрған адамдарды қоспайды. Бұл кеңістікке адам салт немесе заң бекіткен некелік жасқа жеткенде ғана енеді және одан некеге отырғаннан кейін ғана шығады. Қазіргі қоғамда, яғни еуропалық, батыстық типтегі қоғамда жесір қалған адамның екінші рет некеге отыруы қиындатылған қатаң моногамиядан екінші рет некеге тұру әдеттегі іс болып саналатын сериялық моногамияға өту тарихи тенденция болып отыр. АҚШ-та 80-жылдардың орта тұсында бүкіл некеге отырғандардың 46%-і екінші рет үйленуі соған дәлел.
Екінші қатынасты, яғни жеке жар таңдау еркіндігі деңгейіне қатыстының бәрін айтар болсақ, онда әр түрлі қоғамдар арасында үлкен өзгешеліктердің барлығы байқалады. Кейбір мәдениеттерде, жас адамдар кімдердің қамқорлығында болуына орай ата-аналары немесе өзге туыстары1 ұйымдастырған некелерге отыру жаппай етек алған. Басқа мәдениетте еркін жар таңдау басым болғандықтан некеге отырушылардың өздері жар таңдаудың негізгі агенттері болып табылған. Алайда, қандай жағдайда болмасын некеге тұру, болашақ жұбайды таңдау әркімнің өз еркінше жүргізілмейді. Некеге отыру және некелік қосақты таңдау мәдени, әлеуметтік, психологиялық алғышарттарға, тіптен кейде әлеуметтік-биологиялық сипаттарға да байланысты болады.
Бұлардың арасында ең кең тарағаны және аса қуаттысы - мәдениеттанулық алғышарттар. Эндогамиялық және экзогамиялық ережелер деп аталатын алғышарттар мәдениеттанулық алғышарттардың аса маңыздысы болып саналады. Этнология ғылымында бұл ұғымдар бір тайпадағы рулар арасында некеге отыратын жар таңдаудың қалай және қандай сипатта жүретінін анықтауда қолданылады. Оның функционалдык рөлі -болашақ қосағын таңдау мүмкіндігінің шектелуі, некеге отырып, бір-біріне жұбай болуға тыйым салынғандар санаттан шығарылып тасталынуы арқылы анықталады.
Әлеуметтануда бұл ұғым қазіргі уақытта некеге отыратын жар таңдау процесін сипаттау үшін тек шартты түрде және шектеулі дәрежеде ғана қолданылады. Бұл жерде эндогамия ережесі бойынша өзіне жар болатын жұбайды өзінің этникалық тобынан таңдаумен қатар, әр түрлі қауымнан қалап алу нақты ұйғарым болып саналады. Ал экзогамия ережесі бойынша өз отбасы арасынан, яғни сол топ ішінен екі адамның некеге отыруына тыйым салынады, жақын туыстарының арасында некелік қатынастар орнатуға жол берілмейді. Эндогамия ережесін кейде эндогамиялық қысым деп те атайды. Ол әсіресе, этникалық немесе нәсілдік тегі жөнінде әңгіме қозғалғанда өте күшті және қатаң түрде қолданылады. ТМД елдерінде өзге ұлттың өкілдерімен тұрмыс кұру мысалдары аз емес. Бұл — эндогамия ережесінің әрекеті екенін аңғартады. Ал АҚШ-та эндогамия ережесі этникалық емес, керісінше, адамның нәсілдік тегін саралағанда қолданылады. Мысалы, 1990 жылы 50 млн. астам некеге отырған жұптардың тек 1,8%-і ғана нәсіларалық болған, соның қара-ақ жұптары, яғни ақтар мен афро-американдықтардың арасындағы неке жарты пайызға да жетпеген. Эндогамия ережесі әмбебап ереже емес. Оның әрекеті өз күшін жоя бастаған, қазіргі мәдениеттерде 30 жастан асып некеге отырғанда немесе екінші рет тұрмыс құрса, бұл ереже жойылады. Ірі қалаларда эндогамия ережесі жан-жақты әрі түбегейлі қолданылмайды. Оның қолданылу аясы сондай-ақ халықтың этникалық құрамы аралас қоныстанған аймақтарда өзінің ауқымын тарылта түседі. Өйткені әр түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы қарым-қатынастар жеке адамның өз шаруасы болып табылады және ол соңғы кезде кең өріс ала бастады. Экзогамия ережесіне келсек, бұл эндогамияға мүлде жанаспайды. Экзогамия ережесінің әрекеті — әмбебап әрі қатал, кейбір жағдайда туыстардың ішінен екі адамның некеге отыруына тыйым салатын құқықтық нормалармен бекітіліп тұжырымдалады. Ини есталық табуға келсек, ол әлеуметтік-мәдени тыйьшталудың айқын мысалы. Экзогамияның редуцируялық әрекет ету ережесі жақын туыстарға қолданылады және атааналары мен балаларының, аға-інілері мен әпке-қарындастарының, немере аға, іні, жиен мен немере әпке, қарындас, жиен қыздың арасында некеге отырып, отау кұруға жол бермейді.
Некелік таңдаудағы әлеуметтанудың келесі маңызды алғышарттарына гомогамия және іргелес қоныстанушылық (көршілік) жатады. Гомогамия термині, әлбетте, некеге отырар адамдардың кейбір әлеуметтік, психологиялық, физикалық, т.б. ортақ немесе ұксас сипаттары бар тенденцияны белгілеу үшін қолданылады. Бұған кері сипаттағы тенденция гетерогамия ұғымы арқылы айқындалады. Гомогамияны некелік жар таңдаудың бірден-бір негізгі алғышарты ретінде қарастыратын әлеуметтану теориялары жас мөлшерді, этникалық шығу текті, әлеуметтік статусты, білімді, интеллект деңгейін, сыртқы пішінің нәсілді, дінді, тапты және т.б. осы орайдағы ма-ңызды сипаттамаларға жатқызып отыр. Бұлардың арасында жас мөлшерінің, этникалық шығу тегінің және білімнің алатын рөлі жоғары болады. Этникалық шығу тегі жөнінде жоғарыда біршама әңгіме қозғалды. Болашақ жұбайлардың жас мөлшері бірдей болмауы ықтимал, керісінше, ер адам әйелден жас мөлшері жағынан сәл де болса егделеу келеді. Американдық зерттеушілер В. М. Кепхарта мен Д. Едличкидін пікірлерін негізге алсақ, бұл мәдениетте әйелдер өздерінен жасы үлкен еркектерді ұнатса, ал ер адамдар керісінше, өзіне қарағанда біршама жас әйелдерді басқаларға қарағанда жақсы көреді екен. Ер адамдарды жас әйелдердің жастық шағындағы сүйкімділігі еліктірсе, егде жастағы ер адамдар әйелдерге ел алдындағы жоғары беделі мен дәрежесі арқылы
1.
ұнайтын көрінеді
Білім де некелік жар таңдауда ерекше рөл атқарады. Екі адамның білімдеріне қарай некеге отыруы олардың әлеуметтік тұрғыдан деңгейлес болуының тең жартысын қамтамасыз етеді. Некеге отырғанға дейінгі және некеге отырғаннан кейінгі қарым-қатынаста білімнің бірдей болуы немесе соған орайлас келуі адамдар арасында жиі байқалады. Білім деңгейі әлеуметтік статуспен тығыз байланысатындықтан, жұбайлар бірдей немесе соған деңгейлес әлеуметтік топтарға жаткан кезде білімдік гомогамия бір мезгілде статустық гомогамияны да білдіреді. Сонымен қатар, бұл жұбайлар өздерінің бойларындағы құндылықтары, бір-біріне деген сенімдері, өмірдің әр түрлі қырларына көзқарастары, дәлірек айтқанда, ата-аналарына, табыстарына, мамандығына, т.б. келгенде бір-біріне ұксас болуы тұрғысындағы мүмкіндігі арта түседі. Жас, білім, әлеуметтік шығу тегі сипаттамаларын қарастыратьш болсақ, онда неке таңдау процесінде ер адамдардың білім деңгейлері өздерінен біршама төмен және төменгі әлеуметтік топқа жататын жас әйелдерді ұнататын тенденцияның орын алатындығы және әйелдер үшін бұған қарама-қарсы тенденцияның басым болатындығы байқалады екен. Бұл тенденция некелік градиент деп аталады. Әлеуметтік кұрылымы мейлінше жіктелген қоғамдарда егде тартқан, кемел

1 Антонов А.И. Медков В. М. Социология семьи. - М.: Изд-во МГУ, 1996. С. 154.
білімді, кәсіби мамандығы бойынша қызмет ететін, өздерінің білімі мен статусын асыра бағалайтын әйелдердің өздеріне тең болар қосағын табуға мүмкіндігінің төмендеуіне, осыдан барып, тұрмыс құрмаған әйелдер санының ерлерге қарағанда артық болуына некелік градиенттің ыкпал жасауы мүмкін.
Мұндайда жоғары білімді әйелдердің басым көпшілігі еріксізден түтін- түтете алмай, жалғыз басты болып қалады. Бұдан некесіз бала туу пайда болады, яғни күйеуге шығу үмітінен айырылған осындай әйелдер саналы түрде жалғыз басты ана болудың жолын таңдайды. Гомогамия ережесі, тұлғаның бұдан өзге де сипаттамаларына орай әрекет етеді. Бұлардың арасынан ақылдылық, физикалық жағынан алғандағы сүйкімділігі, биологиялық ритмдердің сәйкестігі, некелік статус пен саяси көзқарастарды, діни сенімдерді, т.б. біріктірген құндылықтар бағдары ерекше орын алады. Ал адамдардың бас қосуы мен түтін-түтету жағдайын әңгіме етсек, онда некеде бұрын тұрмаған адам дәл сондай некеде тұрмаған жанды, айырылысқандар — айырылысқандарды, жесірлер — жесірлерді таңдайды.
Некелік жар таңдаудың әлеуметтанулық тұрғыда қарастыратын маңызды алғышарты — отбасыларының іргелес қоныстануы (көршілік). Іргелес қоныстану деп бір төңіректегі, аумақтағы жақындықты, көршілес болуды, сонымен қатар бір мекемеде жұмыс істеуді немесе бір оқу орнында қатар жүріп, ер жетуді айтады. Бұлар болашақта өзіне жар болатын адаммен кездесудің мүмкіндігін арттырады және тұлғалық, әлеуметтік сипаттамаларының ұқсас болуы да осындай іргелестік, бірге жүріп-тұру нәтижесінде қалыптасады.
Ата-аналар өз ұрпағын сүйіспеншілікке бөлеп, үнемі ұйытып отырса, олардың балалары да өзіне лайықты қосағын ұяда көрген тәрбиесіне орай дұрыс тандайды. Жастар өздеріне тәрбие берерлік ата-аналарының мейірім, сүйіспеншіліктерін көріп өссе, содан үлгі боларлықтай тәжірибелерін, жақсы
1 қасиеттерін қабылдайды . Мұнда гомогамия бағыты үстемдікке ие болады. Өздерінің болашақ жарын тандаған кезде адамдар, әдетте, ата-аналарының кейпіне, тұрғысына, басқа да қасиеттеріне ұксас жандарды іздестіреді. Мәселен қыздар өз әкелеріне ұксас адамдарды таңдаса, жігіттер де аналарына ұксас қалындық тандауға бейім тұрады. Ата-аналар өздерінің ұлдары мен қыздарының пір тұтар үлгісіне айналады. 3. Фрейдтің теориясынан бастау алған бұл көзқарас бойынша жыныстық қатынасқа лайықты объектіні тандауда алғашқы махаббат объектісіне, яғни ата-анасына қарай адам энергиясының ауытқуы байқалады. Басқаша айтқанда, 3. Фрейдтің тұжырымына сәйкес, ер адам өзіне анасына ұқсас әйел таңдаса, ал әйел адам өзіне әкесіне ұқсас күйеу іздейді.
Әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан алғанда жар тандаудың мұндай сипаты төмендегі тұжырым бойынша түсіндіріледі. Адам ата-анасына ұқсас

1 Абсаттаров Р.Б. Демографические процессы: особенности и проблемы // Евразийское сообщество. 1996. №4. С. 35-36.
жынысты тандауы арқылы өзіне етене таныс тұлғаның бойындағы қасиеттер сипаттамасын және өзі ұнатып, ұстанатын оның құндылыктарын бағалау негізінде лайықты жар тандайды. Мұндай таңдау өзіне сүйеніш болар, жағдайын түсінерлік серікті алдын-ала болжауды, қымбат қасиеттерін сезінуді қамтамасыз етеді. Ал ортақ кұндылықтар болашақ жұбайлардың бір-бірімен оңтайлы байланыс орнатуына көмектеседі.
Өйткені адамдарға өздерімен келісетін, сырын, жан сарайын іштей ұғынатындар ұнайды. Неке таңдаудың келесі әлеуметтік-психологиялық теорияларының бірі — Р. Ф. Уинчтың комплементарлық кажеттілік теориясы. Бұл теория бойынша жар тандау кезінде адамдар кімнің психологиялық ерекшеліктерінің өзіне қарама-қарсы екендігін бағалайды және олардың өзінікіне лайықты комплементарлық болуын (қосымшалықты) қалайды. Мысалы, жасқаншақ, бойкүйез және біреуге тәуелді болуға бейім адам өмірлік серігінің күшті де доминантты болуын ұнатады. Бұл индивидтің өз қажеттілік деңгейін барынша қанағаттандыруға тырысуы. Ал осы барынша қанағаттандыру сол уақытта іске асады, егер де ер адам мен әйелдің дербес қажеттіліктері бір-біріне үйлесімді болса. Уинчтың бұл теориясын басқа зерттеушілер сынаса да, бірақ аталмыш теорияның негізінде жар таңдаудың басқа да теориялары қалыптасты.
Ерлі-зайыптылар арасындағы ажырасу санының өсуінен көрініп отырғандай, неке мен отбасының тұрақтамау көрсеткіші дүние жүзінін бүкіл дамыған елдеріне тән нәрсе. Бұл урбанизация және оның халықтың интенсивті көші-қонына тигізетін әсері, әйелдердің эмансипациясы, ғылыми-техникалық төңкерістің ықпалы, әлеуметтік-экономикалық, мәдени, этникалык, діни сипаттағы себептер арқылы түсіндіріледі. Қазіргі уақытта отбасы институты аса ауыр жағдайды басынан кешіріп отыр. Отбасын сырттан тұрақтандыратын көптеген алғышарттар, атап айтсақ, әйелінің күйеуіне экономикалық тәуелділігі, ажырасуға заң, дін, мораль тұрғысында тыйым салулар немесе әрқилы кінәлаушылықтар жойылды. Мұндай жағдайда некенің тұрақтылығын сақтаудағы отбасына тән ішкі алғышарттардың маңыздылығы артады. Әлеуметтану зерттеулері көрсеткеніндей, ажырасуға көбінесе ерлі-зайыптылардың арасында болатын әр түрлі өзара шиеленістер (жанжал) ықпал етеді. Ерлі-зайыптылардың өзара қарым-қатынастарының бірнеше деңгейлері бар. Сол деңгейлерде, яғни өзара үйлесім таппаған жағдайда олардын арасында шиеленістер бой көрсете бастайды. Оның біріншісі - психофизиологиялық деңгей. Мұндағы үйлеспеушілік жыныстық қарым-қатынастың бұзылуынан байқалады. Жалпы бұл құбылыс өте жиі кездеседі, алайда көптеген зерттеушілер оны ажырасудың негізгі себебі деп қарастырмайды. Психологиялық деңгей кезінде отбасында әрқилы жағымсыз ахуалдардың пайда болатындығы байқалады, бұл үнемі кездесіп, қайталанып тұратын отбасындағы ұрыскерістен, бір-біріне тиісуден, ашушаңдықтан құралады. Мұндайда ата-ана езінің ала алмаған ашу-ызасын балаға төгеді. Үшіншісі - әлеуметтік-рөлдік деңгей. Бұл деңгейде отбасьндағы ымырашылдық, сыйласымдық пен тұрақтылықтың бұзылуы мына белгілерден байқалады: отбасылық тұрмыстық ауыртпалықтардың кімге түсетіндігі мен міндеттерді қате түсіну, оны тең бөлмеу, қиыншылықты бірлесе отырып көтермеу, отбасылық укладтын жөн-жосықсыздығы секілді көріністер. Төртінші — әлеуметтікмәдени деңгей. Мұнда шиеленістер ерлі-зайыптылардың бірін-бірі түсінуден қалуы, сыйламауы, қызығушылықтың жойылуы немесе қарым-қатынасқа қанағаттанбау, оның өмірлік кұндылыктарын, идеалдарын қабылдамау сипатында орын алады.
Қай денгейде болмасын шиеленісті тудыратын себептер аса мол, әрі оның түрлері мен сипаттары да аз емес. Десек те, сол себептердің мезгілге орай пайда болуына байланысты оларды екі үлкен топқа бөлуге болады. Оның алғашқысы — отбасын құрғанға дейінгі объективті түрде қалыптасқан өзара қарым-қатынастардың, некеге тұрғаннан кейін, бірлесіп өмір сүрген кездегі және ортақ шаруашылықты жүргізу тұсында пайда болған себептер. Екінші топтағы себептерді тәуекел етудің алғышарттары деп атайды. Өйткені некеге отырғанға дейінгі қыз бен жігіттін танысуы кезінде қалыптасқан іңкәрлік сезім мен сыйластық ажырасуды біршама тежейді. Тәуекелдің алғышарттары адамның кемел тұлғалылығына, оның шыққан тегіне, алған тәрбиесіне, некеге отыру кезіндегі шарттарына тікелей байланысты. Тәуекелдік алғышарттарға: ерлі-зайыптылардың білімі мен жас мөлшеріндегі айырмашылықтар; ерлі-зайыптылардың бірінің маскүнемдікке салынуы; некеге, жалпы отбасына немқұрайлы, жеңіл-желпі қарауы; некеге аса жас кезінде тұрудын себептері, бір-бірін жете танып-білудін ұзаққа созылмауы; некеге отыруға ата-аналардың қатаң қарсы болуы; өзара келісімсіз, қысыммен некеге отырулар жатады. Бұл алғышарттардың қалай жүзеге асып жатқаны бірлесіп өткізген ғұмырларының алғашқы жылында-ақ өзін байқата бастайды. Зерттеулердің қорытындыларын сараласақ, жас адамдардың біраз бөлігі некеге отырғанда отбасына жат әрекеттерді басшылыққа алып, соларға сүйенген. Мысалы, ата-анасының жанынан, сол өзі өскен отбасынан кетуге, өз бетінше жеке-дара жауапты қадам жасауға, біреуден кек алуға немесе тандап алған досына серік болуға ниеттенеді. Әлбетте, некеге бұлайша атүсті, жауапкершіліксіз қарау, бірігіп түтін түтетуге сай келетін мақсат-мүдделердің болмауы, түптеп келгенде, ерлізайыптылардың алдына біршама қиыншылықтарды тосады. Олар - отбасының өзін-өзі билеуі, ерлі-зайыптылық рөлдерді анықтау, әрқайсысының отбасының ішіндегі статусын, өздерінің ортақ, мақсаттарын белгілеу жөніндегі міндеттері 20 жастан аспай үйленгендер арасында некеге отырудың психологиялық дайындығының болмайтыны анықталған. Жас отбасы әдетте ата-анасынан бөлініп кетпейді және бастапқы кезде материалдық жағынан әке-шешесіне тұтастай тәуелді болады. Мұндай жағдайда жаңадан отау көтерген жастар арасында өз тіршіліктерін өз беттерінше қамтамасыз ету, ондағы отабасылық билік, үйлі болған жастар арасындағы және олармен бірге тұратын ата-аналарымен өзара дұрыс қарым-қатынас орнату проблемалары туындайды, Бұл проблемалар ерлізайыптыларды қалай болған күнде де әрқилы шиеленістерге әкеліп соқтырады.
Ерлі-зайыптылардың ажырасу себептерінің арасында олардың бірбірінен көңілдерінің сууы және осының негізінде алғашқы махаббат сезімінің жойылуы да жиі кездеседі. Бұл көбінесе үш айдан алты айға дейін ғана таныс болып, бірін-бірі жете білмей үйлене салғандар арасында ұшырасады. Демек, некенің беріктігіне, босағаның солқылдамауына теріс әсер ететін бірнеше алғышарттардың отбасын құрмай тұрып қалыптасуы да ықтимал. Десек те, екі жастың бірлесіп өмір сүру кезінде қалыптасатын бірқатар себептер ерлізайыптылардың ажырасуына ықпал етеді. 25-30 жастағы ерлі-зайыптылар арасында некенің бұзылуы көптеп кездеседі. Осы жастағы ерлізайыптылардың тұрмыс-жағдайлары жақсы болғанымен, оның үстіне бірбірін түсінісіп, кемшіліктерін де біршама тәуір біліп қалғанына қарамастан, әлдебір себептердің түрткі болуы арқылы олар бірге тұрудың мүмкін еместігіне көз жеткізеді де, ажырасып тынады. Сонымен бірге айта кететін бір жай, бұлар толыққанды жаңа отбасын құрудың жөн-жосығын біле бермейді және де балалы болып, оны тәрбиелеуге де тәжірибелі емес. Ажырасудың үлкен бөлігі 40 жастың мөлшеріне тура келеді. Бұл кезде олардың балалары ер жетеді де, енді солар үшін ғана отбасын ажырасудан сақтап қалудың қажеттілігі болмайды, оның үстіне ерлі-зайыптылардың кез келгені басқа бір адаммен көңіл жарастырып, екінші отбасын кұрауы мүмкін. Екеуара бас қосып, түтін түтеткен алғашқы бес жыл ішінде ерлізайыптылардың ажырасуы жиі кездеседі. Отбасында балалардың болуы некенің бұзылмауына тікелей ықпал етеді. Көп балалы отбасыларда, яғни 3-4 балалары барларда ажырасу пайызы басқаларға қарағанда әлдеқайда төмен болады.
Ажырасуға әкеліп соқтыратын себептерді негізінен үш топқа біріктіруге болады. Оның бірінші тобында - тұрмыстык ахуал, яғни баспана жағдайы, ерлі-зайыптылар арасында біреуінің үй шаруашылығын жүргізуге икемінің жоқтығы, немесе соған ықыласының болмауы, материалдық жағынан қамтамасыз етілмеуі, содан барып екеуінің еріксіз бөлек тұруы себепкер болса, екінші топта тұлғалар, яғни ерлі-зайыптылар арасындағы кикілжіндер мен содан туындайтын шиеленістер ықпал етеді. Дәлірек айтсақ, бұған махаббат сезімінің жойылуын, отбасындағы өрескелдікті, өмірге көзқарастың әр түрлі болуын, ерлі-зайыптылардың бірінің ауруға шалдығуын, қызғаншақтықты, күмәншылдықты жатқызуға болады. Осы топтағы ең басты алғышарттардың бірі — ерлі-зайыптылардың бір-біріне өрескелдігі мен өзара сыйласпаушылығы. Күйеулері маскүнемдікке салынған, өздеріне өрескел қылық көрсеткен, ұрып-соғып қорлаған, қорқытқан және т.б. әрекеттерге барған ер адамдардың әйелдері осы себептерге орай ажырасады. Ер адамдар үшін, әдетте, әйелдер өрескелдік танытса, онда бұл басқаша мазмұнға ие болады. Бұл дегеніміз — ең алдымен күйеуін сыйламау, оның қабілетіне сенбеу, оның не нәрсеге қызығатындығымен есептеспеу, өндірістегі немесе кәсіби қызметіндегі табыстары мен сәтсіздіктеріне немқұрайлы қарау, сөгіпмұқату, ұсақ-түйек қамқорлық жасағансу, күйеуінің достарына құрметтің көрсетілмеуі және т.б. Екеуінің өмірге деген көзқарастарының әр түрлі болуы, мінез-құлықтың сәйкеспеуі деп аталатын алғышарттар, міне, тікелей осындай көріністермен ұштасып жатыр. Бұл әйелдерге қарағанда ер адамдар үшін аса маңызды. Үшінші топтағы себептерге сыртқы алғышарттарды, яғни ерлі-зайыптылардың теріс жолға түсіп, көзге шөп салуын, ажырасуға бірденбір себепкер болған жаңа отбасын құруға ниеттерінің ауғандығын немесе жаңа сезімнің пайда болуын, бұған ата-аналарының және өзге де адамдардың араласуын жатқызуға болады.
Үшінші топтағы алғышарттардын бәрі де, әлбетте, бір-бірімен тығыз ұштасып жатады. Айталық көзге шөп салу біреуіне екіншісінің көңіл аудармауының кесірінен туындаса, ал өрескелді үй шаруасындағы келіспеушілік содан өрбіген ырын-жырындық және т.б. жағдайларға орай өріс алады.
Адамдар өз табиғатына орай отбасыларының ыдырауына әр түрлі тұрғыда қарайды. Зерттеушілердің жасаған тұжырымдары мен берген бағасына қарағанда еңбек белсенділігінің төмендеуі, жүйке стресінің жоғарылау мүмкіндігі, психологиялық өзгеріске түсуі ажырасудың кеңінен тараған негізгі себептері болып табылады.
Демек, некенің тұрақсыздығы отбасын құрамын деушілер үшін де және отбасы ыдырағандар үшін де аса өткір проблемаларды алға тартады. Сонымен бірге ажырасуды тек жағымсыз кұбылыс деп қарауға болмайды. Өйткені некені бұзу жөніндегі әркімнің еркіндігі отбасы-неке қатынастарыңдағы әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етудің бірден-бір құралы, олардың моральдық негіздерін сақтаудың тұғыры болып саналады. Әрине, ажырасу жөнінде берілген еркіндікті асыра пайдалану да жақсы емес. Себебі адамдардың әр жағдайға байланысты ажырасуының орын алуы табиғи кұбылыс дейтін болсақ, онда ажырасуды негізсіз қаралай беруге де жол бермеу қажет.
Әлбетте, әр адам отбасы проблемасын жеке өзі шешеді. Іргетасым мықты болсын десең, оның негізінде, бұрынғы бабаларымыз айтқандай, шынайы махаббат, түсіністік, төзімділік жатуы керек. Кесе-шәйнек сылдырлады екен деп бақан ала жүгіріскенше, ерлі-зайыптылардың бір-бірінің қабағын баға
-бірін айтқызбай-ақ қабақтан түсінгені жақсы22. білгені, бір
Ойымызды тұжырымдасақ, қазіргі отбасы-неке қатынастарында негізгі үш мәселенің басын ашып, бөлежара қарауға болады. Оның біріншісі — отбасының тұрақтылығы проблемасы, екіншісі — бала туу мәселесі және үшіншісі — тұрмыс саласындағы проблемалар. Алайда, ажырасудың жоғары деңгейге жетуінің өзі некенің институт ретіндегі ыдырауы немесе жалпы отбасының дағдарысы да емес. Бұл жерде әңгіме отбасылық қатынастардың сапасы туралы ғана болып отыр. Отбасы қатынастарының сапасы оның типтері, онда қалыптасқан мінез-кұлық, жүріс-тұрыс түрлері арқылы да анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет