Әлеуметтану


ОНЫНШЫ ТАҚЫРЫП ТҰЛҒА ӘЛЕУМЕТТАНУЫ



бет45/82
Дата07.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#87528
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   82
Байланысты:
ӘЛЕУМЕТТАНУ. ОҚУЛЫҚ (1) (2)

ОНЫНШЫ ТАҚЫРЫП ТҰЛҒА ӘЛЕУМЕТТАНУЫ


Әлеуметтану ғылымының адамдардың пікірлері, іс-әрекеттерінің уәждері, өмірлік жоспарлары, құнды бағыт-бағдарлары, қызметтің мақсаттары және т.б. қазіргі адамның тұлғалығын бейнелейтін мәселелер болып саналады. Тұлғаны танып-білу бұрыннан келе жатқан нәрсе.
Әлеуметтендіру туралы айтқанда біз мәдени нормаларды игеру мен әлеуметтік рөлдерді меңгеру процесін әңгіме етеміз. Бұл процесс адамның индивидке және тұлғаға айналуын білдіреді. Әлеуметтендіру процесі сатылардан өтеді, оларды негізгі өмірлік циклдар деп те атайды. Бұл балалық шақ, жасөспірімдік, ер жету, және қарттық шақтар. Әлеуметтендіру процесінің нәтижеге жету деңгейіне орай немесе аяқталуына сәйкес оны бастапқы немесе ерте әлеуметтендіру деп бөліп көрсету ғылымда орын алған, бұл балалық пен жасөспірімдік кезеңді қамтиды және жалғастырушы немесе толығып жеткен есейген әлеуметтендіру деп те бөлуге болады, бұл қалған екі кезеңді қамтиды.
Әлеуметтік «Меннің» қалыптасуымен, әлеуметтенудің эволюциялық кезеңдерімен және хронологиялық шеңберімен байланысқан бірнеше ауқымды мәселелерді қарастырамыз. Соның ішінде, біздер әлеуметтендірудің агенттері мен институттары қалай әсер ететініне тоқталамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет