Әлеуметтану


Отбасы кұрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері



бет43/82
Дата07.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#87528
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   82
Байланысты:
ӘЛЕУМЕТТАНУ. ОҚУЛЫҚ (1) (2)
ӘЛЕУМЕТТАНУ. ОҚУЛЫҚ (1) (2), Силлабус 22-23 А1каз 2

2. Отбасы кұрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері


Отбасының құрылымдық типтері - ерлі-зайыптылық, тұрмыстық және ата-аналық сипаттарға сәйкес пайда болып қалыптасқан кұбылыс. Сондықтан отбасы кұрылымын оның мүшелері арасындағы өзара қарымқатынастар, рөлдерді бөлісу мен ішкі билікті жүргізу анықтайды. Бұл тұрғыдан алғанда оның ең кең тараған түрі - нуклеарлык немесе ерлізайыптылық отбасы. Оның негізін ерлі-зайыптылар мен олардың балалары құрайды, яғни мұндай отбасында екі ұрпақтың өкілдері өмір сүреді. Отбасының бұл түрінің аса көлемді етек алуына әлемдегі қазіргі таңда кеңінен жүріп жатқан индустрияландыру мен урбанизация процестері себепші болып отыр. Қазіргі кезде отбасының осы түрі Қазақстанда 67% құраған. (жалпы 4 млн. отбасы бар)23 Қазіргі кезде отбасының осы түрі Қазақстанда 67% құраған. (жалпы 4 млн. Отбасы бар) Туыстық жағынан алғанда бүгінгі таңдағы отбасының тағы бір түрі — кеңейген немесе туыстық тұрғыдан жақын отбасылар. Мұнда ерлі-зайыптылар өз балаларымен, атааналарымен, бауырларымен бірге тұрады, онда бірнеше ұрпақ өмір сүреді. Отбасының кұрамы мен кұрылымының осылай өзгеруі отбасылық-туыстық байланыстардың әлсірегені емес пе деген қорытынды жасауға да итермелейді. Конттың пікірі бойынша, отбасындағы адамдардың жас ерекшеліктеріне қарап балаларды ата-аналарына және әйелдерді жыныстық белгісі бойынша еркектерге бағындыру тиіс. Бүгінгі таңда осы екі параметрлер де түбегейлі түрде өзгеруде. Жастар өз беттерінше өмір сүрулері үшін ата-аналарының отбасынан ерте кетеді, әке-шешесінің мамандығына сәйкес келмейтін басқа кәсіпті тандайды. Әйелдердің эмансипациясы отбасының ирархиялық тұрғыда ұйымдасуына, ыдырауына өз әсерін тигізді. Осыған байланысты отбасындағы билікті бөлу, яғни билікке, лидерлікке ие болу және ондағы міндеттерді бөлу сипатына қарай отбасының екі типі сақталған. Оның біріншісі - дәстүрлі немесе авторитарлық отбасы. Мұндай отбасында кем дегенде үш ұрпақтың өкілдері тұрады, билікті, яғни лидерлікті жасы үлкен ер адам өз қолына алады. Дәстүрлі отбасына мынандай сипаттар тән: — ер адам негізгі мәселелер бойынша шешім қабылдаушы болып саналады, оның қожайындығы басым;

  • әйелдің ер адамға экономикалық жағынан тәуелділігі;

  • отбасындағы міндеттерді бөліп, ер адамның және әйелдің міндеттерінің бекітілуі (ер адам асыраушы, әйел отанасы)- Мұнда үй шаруасы мен бала тәрбиесі негізінен әйелдің иығына түседі.

Қазіргі кезде осындай отбасылардың құрылымын демократияландыру процесі жүріп жатыр, әсіресе ер адамның отбасындағы авторитарлық билігі жойылуда. Алайда, тұрмыста әлеуметтік теңсіздік әлі де сақталып, ол бірденбір өткір мәселе болып отыр. Отбасындағы билікті, т.б. бөлуге орай қалыптасқан отбасының екінші түрі — эгалитарлық немесе демократиялық отбасы. Бұл отбасына:
— үй шаруасына қатысты міндеттердің отбасы мүшелері арасында тең, әділ бөлінуі;
— ерлі-зайыптылардың тұрмыстық мәселелер бойынша бірлесіп шешім қабылдауы;
— демалыстарын бірге өткізуі, балалар тәрбиесіне бірдей қатысуы тән.
Отбасыларының өтпелі типтері де бар. Онда ер адамның өз рөлін атқарудағы алға қойған мақсаты оның нақты тәртібіне қарағанда дәстүрлі сипатта болады, демократиялық мақсатта рөл аткаратын ер адам керісінше үй шаруашылығымен айналысуға аз қатысады.
Сайып келгенде, қазіргі отбасында әйелдердің кәсіби қызметпен жаппай айналысуына байланысты әйелдердің дәстүрлі рөлдерінің өзгеруімен бірге ер адамдардың рөлдері де басқа сипатқа ие болады. Бұған Батыс Еуропа елдеріндегі ер адамдардың баланы күтіп-бағу үшін демалысқа шығуы дәлел бола алады. Сондықтан ерлі-зайыптылардың жаңа осы жағдайды қалай қабылдайтының, отбасындағы лидерлікті шешетін отбасылық міндеттерді қайта бөлуге дайындығын анықтаудың маңызы да зор. Ата-ана — ерлізайыптылар туыстық өлшемдермен анықталатын отбасы құрылымының типтері алуан түрлі болуымен қатар, оның әкенің немесе шешенің қайсыбір қасиеттеріне байланысты екендігін де атап көрсетеді. Осыған байланысты этноәлеуметтануда, отбасы және туыстық әлеуметтануында әлеуметтік әкелік және физиологиялық әкелік және дәл сондай дәрежеде шешелік деп бөлу қабылданған. Отбасы топтарын патри немесе матри локалдандыру принциптері негізінде фамилияны, мүлік-дүниені, әлеуметтік жағдайды әкесі немесе шешесі жағынан мұралану патрилиниялық және матрилиниялық отбасылар деп екіге бөлінеді.
Ерлі-зайыптылардың немесе олардың ата-аналарының, туыстарының алатын орнына қарай отбасылар гомогамды және гетерогамді болады. Гомогамды отбасында ерлі-зайыптылар бірдей әлеуметтік жіктен шыққан- дар болса, ал гетерогамды отбасыңда олар әр түрлі әлеуметтік топтардан, касталардан, таптардан тарайтындар. Отбасы мен некені әлеуметтік және демографиялық белгілерінің ерекшеліктеріне қарап гомогамдық отбасы және гетерогамдық отбасы деп бөлу әдісі де қолданылады. Гомогамдық отбасы мүшелерінің ұлты, жас мөлшері, кәсібі, білімі, т.б. біртектес болады. Мұндайда адамның өзіне ұқсас адаммен қарым қатынас орнатуы жеңілдейді. Оның бірнеше себептері бар: 1) әлеуметтенудің нәтижесінде ортақ құндылықтар мен мақсаттардың ұқсастығы, ал бұл келіспеушілік, түсінбеушілік, мүмкіндігін азайтады, 2) адамдарды, бізбен келіскен, біздер қолдаймыз, өйткені ол біздің сесіміміздің дұрыстығын күшейтеді, 3) отбасымен достарымыздың кереңсіз реакциясынан қашқақтаймыз.24 Гетерогамдық отбасында бұл көрсеткіштер керісінше әр түрлі болып келеді.
Отбасы кеңістік-аумақтық, яғни тұрған мекен-жайына қарап патрилокалды және матрилокалды болып бөлінеді. Патрилокалды отбасында жас жұбайлар күйеуінің әкесінің үйінде тұрады, матрилокалды отбасында келіншек пен күйеу жігіт әйелдің ата-анасының үйін бірге мекендейді. Эванклюлелокалдық отбасы ерлі-зайыптылардың ағасының немесе әпкесінің отбасымен бірге тұруымен сипатталады. Жас жұбайлар ата-аналарынан мүлдем бөлек тұратын болса, онда оны неолокалды отбасы дейді.
Әр қоғамдағы некенің түрлері де әр түрлі болады. Алайда, кез келген коғамда адамдар бас қосып, шаңырак көтерердің алдында әр түрлі кедергілерге тап болады, олар бір-бірін сынап, байқайды және некеге отырар алдында соған дайындалады, осы шаралар барысында болашақ жұбайлар өз таңдауының дұрыс-бұрыстығын тексеріп, онын көңілге қонымды, онды екендігіне көз жеткізеді. Өйткені некеге тұрған адамдар енді бірлесіп шаруашылық жүргізуге және балаларды тәрбиелеуге ден қоя бастайды, соған бел буады. Некені әлеуметтік тұрғыда мойындалған тәртіптің үлгісі ретінде анықтауға болады, себебі соның көмегімен екі немесе бірнеше адам отбасын құрайды. Некеге отыру ерлі-зайыптылардың балаларды дүниеге әкелу және оларды тәрбиелеу деңгейімен ғана шектеліп қалмайды, ол басқада көптеген құкықтар мен міндеттерді белгілеп, бекітеді. Неке арқылы сол қоғам олардың ерлі-зайыптылық, ата-аналық қарым-қатынастарын да реттеп отырады. Десек те, әр қоғам отбасындағы тәртіп үлгілерінін өз құрылымы мен қағидаларына сай жүйесін дамытады, бұл үлгілер тарихи себептерге байланысты болады әрі нақты экономикалық негіздерге арқа сүйейді.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, некенің байланыс үлгілері қоғамдағы басқа да мәдени үлгілерге қарағанда этноцентризмге карай біршама бой алдырған. Осыған дәлел ретінде мынандай мысал келтірелік. Қазіргі таңдағы кейбір қоғамда болашақ жұбайлар алдын ала бірін-бірі көрмей, кездеспей-ақ құда түсу арқылы да некеге отыра береді. Олар бірін-бірі ұната ма, жоқ па, бұл мәселені қоғам қалай біліп, бағалайды, олардың сезімі ешкімді неге қызықтырмайды деген сұрақтардың туындауы әбден мүмкін. Біз осылай деп ойласақ, басқа мәдениеттегі адамдар дәл біздей тұжырым жасайды және дәл осылай сезінеді деп санасақ, ол этноцентризмнің әдеттегі қателігі болып табылады. Біздің қоғамда жұбайлардың түтінін түтету қарсаңындағы қадамына алғашқы кезде жастардың арман-қиялынан туған сезім көрінісі ретінде қарайды, үйренісе келе адамдар махаббатқа кенеледі деп түсінеді. Алайда, ертедегі классикалық Қытай мен олардың қазіргі отбасыларында қыз, мысалы, ата-анасы таңдамаған адамға тұрмыска шығуды оғаш, ақылға қонбайтын нәрсе деп қарайды. Этноцентризм бағытын ұстайтын біздер басқа қоғамда қалыптаскан тәртіпке, болашақ жарын таңдауға еркі жоқ жастарға жаңашырлық, аяушылық білдірсек, олар, керісінше, ата-анасының қамқорлығынан, билігінен шығып кеткендер деп біздің жастардың өзін сөгеді. Алайда, екі жақтың да жастары мұндай аяушылықтарды өздеріне қажет деп санамайды.
Әрбір қоғам некеге отырар жастарға таңдау берерде отау тігушілердің өздеріне қандас шағын топқа жатпайтын, бөтен жердегі адамға үйленуіне ғана рұқсат етеді. Бұл құбылысты экзогамия деп атайды. Біздің қоғамда жақын адамдардың қандарының араласып кетуінен сақтандыру үшін осындай шектеулер қойылады. Біздің адамгершілік нормаларымыз өзіміздің қандас қарындастарымызға және өзге де жақын туыстарымызға үйленуге тыйым салады. Қазақта жеті атаға толмай қыз алысып, қыз берісуге тыйым салынған норма әлі күнге дейін сақталып келеді. Көптеген қоғамдарда өз ағайынының, руының, тіпті тайпасының, ауылының ішінен жұбай таңдауға тыйым салынған.
Өмірде осыған кереғар келетін талаптар да кездеседі. Некеге отырар кезде тек өз тобының ішінен ғана жұбай таңдауды талап ететіндер де бар. Мұндай мәдени үлгі эндогамия деп аталады. Ағайындык, ауылдық немесе тайпалық эндогамия көбіне-көп қарапайым қоғамдарда кездеседі. Қазіргі қоғамға, ондағы бірқатар талаптарға келсек, нәсілдік эндогамия немесе қоғамның төменгі жігінен жұбай таңдауға тыйым салатын сословиелік эндогамия кеңінен тараған. Эндогамия — таза түрінде касталық типтегі жабық топтарға тән. Эндогамда некемен байланыстыру арқылы олардың өз ішіндегі жабықтығы сақталады. Экзогамиялык және эндогамиялык некелермен қатар некенің моногамия және полигамия деген түрлері де бар. Моногамияда бір ер адам бір ғана әйелмен некеде тұрады. Бұл форма ағылшын, т.б. халықтар үшін ерлі-зайыптылықтың ең өркениетті түрі болып саналады. Алайда, көптеген қоғамдардын, дамуында некенің полигамиялық түрі де орын алды. Полигамия — бұл жұбайлардың бірінің яғни бір әйелдің бірнеше ер адамдармен немесе бір ер адамның бірнеше әйелмен некеде болуы. Теориялық жағынан алғанда полигамияның үш формасы болуы мүмкін. Оның біріншісіне топтық неке жатады. Мұнда бірнеше еркек және бірнеше әйел бір мезгілде өзара некелік қатынаста болады. Кейінгі уақытқа дейін некенің бұл формасы кеңінен тараған еді, ол, мысалы, Маркиз аралдарында қазір де кездеседі. Полиандрия полигамиялық некенің өте сирек кездесетін түрі болып табылады. Бұл некеде бірнеше еркекпен бір ғана әйел тұрмыс құрады. Бұған Тибет пен Оңтүстік Үндістандағы отбасылардың әдетғұрыптары мысал бола алады. Мұнда күйеуге шыққан әйел автоматты түрде күйеуінің аға-інілеріне де әйел болып, бәрі бірге тұрады. Онтүстік Үндістандағы отбасындағы полиандрияның сақталуы демографиялық жағдайға талдау жасағанда анықталды. Ер адамдар санының әйелдерге қарағанда әлдеқайда басым болуы осы аймақта полиандрияның сақталуына себепші болып отыр.
Полигиния немесе бір еркектің көп әйелге үйленушілігі полигамдық некенің кеңінен тараған соңғы, үшінші түріне жатады. Бүгінгі Еуропа мен Солтүстік Америка өкілдерінін көп әйел алушылық жөніндегі пікірлерінде этноцентризм басым. Бүгінгі қоғамдағы көптеген адамдардың пікір-таластарына ден қойсақ, некенің мұндай формасын дәріптеу әйелдердің адам санатына қосылмауына, олардың күңге айналуына әкеліп соқтырады. Сөйтіп, бұл бұрын-соңды болмаған қаталдык, пен ашу-ызаның бір көрінісі іспетті қарастырылады. Алайда, фактілер кері дәлелдерді алға тартады. Әйел қай қоғамда жоғары мәртебеге (статуска) жетеді — полигамиялық па, әлде моногамиялық неке формасы қалыптаскан қоғамда ма, ол жағын ашып айту қиын. Өйткені, біріншіден, полигамиялық отбасы кеңінен тараған қоғамның өзінде некелер әдетте моногамдық болып табылады. Жоғары статусқа ие болған, мүмкіндігі бар адамдар ғана бірнеше әйел ала алады. Екіншіден, әйелдердің арасында атқаратын міндеттер нақты бөлінген, бірінші әйелдің, яғни бәйбішенің күйеуіне, оның тыныс тіршілігі мен тәртібіне елеулі түрде ықпал жасауы жиі кездеседі. Барлық әйелдерінің күнделікті тұрмыс-тіршілігі барынша қамтамасыз етілген, сондықтан да олар өздеріне бұдан өзге артық үлесті тілемейді де. Отбасының бұлардан басқада типтері бар25.
Алғаш түтін түтеткен сәттен бастап, ерлі-зайыптылардың ақтық демдері біткен кезге дейінгі отбасындағы өзгерістерді есепке алар болсақ, оның құрылымында көптеген айырмашылықтар болып тұрады. Отбасының бүкіл өмірінде болатын өзгерістер мен оның қаншаға созылатынын анықтайтын параметрлерді енгізу «отбасының циклдік өмірі» немесе «отбасының өмірлік циклдары» тұжырымдамасын біртіндеп қалыптастырды. Отбасының циклдік өмірі әр түрлі критерийлерге байланысты құрылады. Оларды таңдап алғанда оның тек циклдылығын, яғни отбасылық окиғалардың үнемі қайталануын көрсететіндерді ғана ескеру керек. Бұл жерде отбасында күнделікті болатын миллиондаған жағдайлар оқиғалар ретінде түсіндірілмейді, керісінше, отбасы құрылымын өзгертуге мәнді ықпал жасайтын ең манызды ситуациялар ғана ұғындырылады. Отбасында нәрестенің дүниеге келуі және отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, біреулерінің отбасында болуы немесе болмауы ең қажетті және маңызды оқиғалар қатарына жатады. Сөйтіп, отбасы оқиғаларының жиынтығы отбасының циклдік өмірінің негізгі кезендерін кұрайды. Әлеуметтік институт тұрғысында бірнеше фазаларды қамтитын өмірлік циклдары мыналардан тұрады:

  1. Қалыптасу фазасы. Бұл фазаны некеге алғаш рет отыру мен бірінші баланың дуниеге келуі төңірегіндегі оқиғалар сипаттайды;

  2. Өсіп-өну (көбею) фазасы. Бұны бірінші баланың дүниеге келуі мен соңғы баланың тууы сипаттайды;

  3. Өсіп-өну фазасынын аяқталуы. Бұл фазаны соңғы кенже баланың дүниеге келуі мен тұңғыш баланың ата-анасының шаңырағынан бөлініп, жеке отау құруы сипаттайды;

  4. Азаю фазасы. Тұңғыш баланын ата-анасының үйінен бөлініп, жеке түтін түтетуі және соңғы баланың ата-анасының үйінен бөлініп кетуі сипаттайды;

  5. Азаюдың аяқталу фазасы. Соңғы кенже баланың ата-ана үйінен бөлек шығуы және бірінші жұбайдың қайтыс болуы окиғасымен сипатталады;

  6. Отбасынын ыдырау фазасы. Бірінші жұбайдың қайтыс болуы және одан ұзағырак өмір сүрген екінші жұбайдың да кайтыс болу окиғасы

1. сипаттайды
Сексуалдық мінез-құлық және ұрпақ жаю ұғымы биологияда қолданылады және оны синоним ретінде пайдаланады. Биологтар жыныстық қажеттікті қанағаттандыруға бағытталған, сонын нәтижесінде репродукция процесі жүзеге асатын жануарлардың физиологиялык және тәртіптік реакциясын анықтау үшін осы ұғымдарды қолданды.
Әлеуметтануда бұл ұғымдардың мазмұны өзгерген. Аталмыш ұғымдар синоним болудан қалды, бір-бірінен бөлінді. Шындығында, сексуалдық және ұрпак жаю тәртіптері әр түрлі кұбылыстар, бұлар әлеуметтік тәртіптің дербес типтері. Өйткені олардың мақсаттары мен қисындары да бөлек. Сонымен, сексуалдық тәртіп дегеніміз не? Қазіргі түсінік тұрғысында сексуалдық тәртіп — бұл жыныстық қажеттікті қанағаттандыратын әрекеттермен қатынастардың жүйесі. Сексуалды тәртіп - бұл әлеуметтік, адами тәртіп, мұнда биологиялық тетіктерді қолдану негізінде адам алдына белгілі бір мақсаттар қояды, белгілі бір мүдделерін жүзеге асыруға тырысады.
Сексуалдық тәртіпке физиологиялық психологиялық және социомәдени процестер кіреді, бұлардын алғашқы екеуі соңғысына бағындырылған, кұрамына енген. Көптеген әр түрлі мақсаттар сексуалдық қатынасқа түсу арқылы болатын адамның сексуалдық тәртібінін сипатты белгілері болып табылады. Сексуалдық тәртіп жыныстық қажеттіліктен басқа да көптеген қажеттіліктерді қанағаттандыра алады.
Алайда, сексуалдық тәртіптің осы көптеген мақсаттарынан бала туу мақсатын бөліп алу оның ауытқыған формаларына әкеп соқтыратының естен шығармау керек, бұл аталған мақсаттарда қауіптің жасырынуы дегуманизация, сексуалдық мінез-құлықтың ауытқуы, гомосексуализм, топтық жыныстық қатынастар, порнография, т.б. формаларда көрінеді. Қазіргі жағдайда оның ауқымы кеңейіп, сексуалдық тәртіптің аномиялық формасына ұқсас форманы қабылдады және олардың кейбіреулерінің квазинормалық мәртебеге ие болуы отбасында дағдарысты жағдайды қалыптасқанын көрсетеді, әрі ол сол шаңырақтың келешекте күйреуінің алғышарты болып табылады.

1 Антонгов А.И., Медков А.И., Нетрусов М.А. Демография семьи – проблемы моделирования семейного цикла жизни // Вестник МГУ. Стр.18. Социология и политология. 1997. №2. С. 105.
Бүгінгі түсінікке сәйкес сексуалдық тәртіптің мақсаттары мыналар болып табылады: релаксациялык, жыныстық кіріптарлықтан құтылу; бала туу, яғни жүкті болу және туу қажеттігін қанағаттандыру; сезімдік құмарлықты мақсат ету (гедонизм); танымдық, жыныстық әуестікті қанағаттандыру. Бұл мақсат жыныстық қатынас өмірін жаңа бастағандар үшін, әсіресе, жасөспірімдер (бозбала) үшін ерекше маңызды; коммуникация, психологиялық тұрғыдан тұлғалық сезіміне қол жеткізіп, өзге адаммен толық бірігуі; өзін сезімдік тұрғыда тануы, өзінің сексуалдық әрекетінің дұрыстығына нақты және сенімді дәлелінің болуы. Бұл мақсат жасөспірімдер үшін де, өзгелер үшін де аса маңызды болып табылады. Сезімдік тұрғыда өзін танытуға деген қисын күші аса жоғары; сексуалдықтан шыққан мақсаттар, яғни өзінің сексуалдық тәртібіне сырттай қатысы бар мақсаттар. Бұған қайсы бір материалдық игіліктермен пайдалар, сондай-ақ адамның иеленуге ұмтылатын кез келген әлеуметтік құндылықтарын айтуға болады. Сонымен қатар, бұған белгілі бір салт-жоралар немесе әдет-ғұрыптар жатады. Мысалы, некеге қатысты сексуалдық қатынас бір мезгілде ерлі-зайыптылардың өзара қарымқатынасының тұрақты және оның қастерлі болуын көздейді, сексуалдық тәртіптің көп түрлі максаттары мен қисындары оның күрделілігін және әмбебап сипатын, өзіне индивидуалдық пен әлеуметтік, биологиялық негіздерді және әлеуметтік мәселелерді қамтитының көрсетеді. Бұларды индивидуалдық сексуалдық тәртіпке әлеуметтік жүйе, қоғам енгізіп отыр.
Социомәдени құбылыс ретіндегі сексуалдық тәртіптің мазмұнын ашатын маңызды ұғымдар бар. Солардың бірі — сексуалдық мәдениет. Сексуалдық мәдениет адамның сексуалды тәртібін реттейді, әлеуметтендіру процесінде баянды болған тәртіп үлгілерін, сонымен қатар құндылықтарды, тыйым салу дағдысын және ұстанымдар жүйесін қалыптастырады, жеке адамның сексуалдық күйін, оның серігімен өзара қарым-қатынас таңдауын анықтайды, жыныстық өмірді коғамның, отбасының, некенің игілігі үшін әлеуметтік қолданыс шеңберіне енгізеді. Десек те, қоғамның сексуалды мәдениетін индивидтің игеру деңгейі тіптен әртүрлі болуы мүмкін, бұл адамның жеке басының сексуалдық мәдениетінің сипатымен байланысты.
Аталмыш ұғым жыныстық қатынас рөлі деген ұғыммен тығыз байланысты. Жыныстық рөлі, әдетте, социомәдени нормалардың жиынтығын білдіріп түсіндіреді, ол еркектердің немесе әйелдердің қандай болуы немесе болмауы керектігін, олар өздерін қалай ұстауы керектігін немесе керек еместігін анықтайды. Сексуалдық рөл деп сексуалдык қарым-қатынаска катысы бар және индивидтен өзгелердің қоғамның жыныстық өмір саласындағы талаптары мен күтілістерін сипаттайтын жыныстық қатынас рөлінің мәселесін айтады.
Сексуалдық сценарий ұғымы индивидтің меңгеріп, өзінің тұлғалық болмысына айналған сексуалдық мәдениеттің бөлігі болып саналады, сон дықтан да осы сценарий оның сексуалдық тәртібін «іштей» басқарады. Сексуалдық сценарий когнитивтік, эмоциялық және қоздырушы элементтерінен тұрады. Бұлардың біріккен әрекеті индивидуалды сексуалдық тәртіптің ерекшеліктерін, яғни оның мақсаттарын, жыныстық өмірдің басталу уакытын, жыныстық қатынастың жиілігін, т.б. анықтайды.
Қазіргі дүниеде сексуалдық тәртіптің қандай негізгі бағыттары мен қайшылықтары бар? Әлеуметтану ғылымы сексуалдық тәртіпті қалайша зерттейді және түсіндіреді?
Бұл мәселенің алғашқы проблемасын айтқанда, көңіл аударатын мәселе некеге дейінгі сексуалдық тәртіп, оның ішінде жасөспірімдердің сексуалды тәртібі туралы сөз болуға тиіс. Соңғы жиырма, отыз жыл ішінде бүкіл дүние жүзінде аталмыш мәселеге қатты қызығушылык байқалады. Өйткені некеге дейінгі жыныстық байланыстын басым бөлігі және оның артуы жасөспірімдердің үлесіне тиіп, олардың сексуалдық байланысы экономикалық, әлеуметтік, медициналық және т.б. проблемаларды туғызды. Дегенмен, бұл жаңа проблема емес. Некеге дейінгі жыныстық байланыстардың өсу тенденциясы соңғы 2—3 ғасырдан келе жатыр. Америка отбасын зерттеген тарихшы Э. Шортер, ағылшын тарихшысы Питер Ласлетт және т.б. зерттеулері осы көзқарастын дұрыстығын аңғартады. Бұлар дүниеге нәресте әкелу тәртібі динамикасының себептерін әр түрлі түсіндіреді. Мысалы, жасанды түсіктін аз болуы, қолдан жасалған сақтанулардың төмен болуы, антисексуалдық репрессияның күшеюі, индустрияландырумен байланысты сексуалдықтың төмендеуі, т.б.
Әлеуметтану тұрғысынан және әлеуметтік институт ретінде отбасы дағдарысы теориясы тұрғысынан алып қарағанда, некеге дейінгі жыныстық байланыстардың етек алуына отбасында береке мен бірліктін болмауы, жастардың тәртібіне отбасы тарапынаң бақылаудың азаюы, отбасынан тыс кұрылымдардың — көршілер қауымы, шіркеу, т.б. тарапынан қадағалаудың жоқтығы, әлеуметтік нормалар мен құндылықтар жүйесінің интеграциялануы себепші болған. Отбасы неғұрлым берік, ондағы ұрпақтардын өзара қарымқатынасы неғұрлым дұрыс болатын болса, неғұрлым әлеуметтік бақылау қатаң және бәрін қамтитын болса, соғұрлым некеге дейінгі жыныстық ұстамдылық жоғары болады. Дегенмен, соған қарамастан некеге дейінгі сексуалдық байланыстар, әсіресе жас адамдар мен жас өспірімдер арасында кеңінен тараған.
Бұл тенденция XX ғасырда және XXI ғасырдың басында орын алып отыр. Оған статистикалық мәліметтер мен әр түрлі елдерде жүргізілген әлеуметтану саласындағы зерттеулердің қорытындылары дәлел. Соғыстан кейінгі жылдары кәмелетке жетпеген қыздардың босанып қалу жағдайы көбейді. Мұнда бір-бірінен өзгеше екі кезең анық байқалады. Оның 70-жылға дейінгі бірінші кезеңі бүкіл дамыған елдерде жасөспірім қыздардың тұрмыска шықпай туып қалуларының өсуімен сипатталады Осыған қарамастан бұл елдерде жалпы туу саны күрт төмендеді. Бірақ жасөспірім қыздардың тууы Норвегия мен Ұлыбританияда 2 есе, тіпті одан да тез 1 есе болған. Мұндай өсудің себебі
өскен , ал өзге жеті елде бұл көрсеткіш 1,5 жыныстық пісіп-жетілу жасының төмендеуінен, жасөспірімдердің еркіндігі мен дербестігінің артуымен, дәстүрлі моральдык ұстанымдардың әлсіреуімен байланысты, сайып келгенде, бұл жағдайлардың жиынтығы некеге дейінгі сексуалдық белсенділік деңгейінің көтерілуіне әкеп соғып отыр.
Бірақ кейін жағдай өзгерді. Жасөспірім қыздардың туу динамикасы оның өзгеруі үш нұсқадан көрінді. Оның бірінші моделін 20 жасқа дейін 100 әйелге 100—200 туудың келуі, яғни бұл жас қыздардың туу деңгейінің төмендеуін сипаттайды, бұл көрсеткіш 70-жылдардың аяғына дейін одан әрі төмендеген. Осы нұска бойынша кәмелет жасына жетпей туу бірнеше Батыс Еуропалық елдер мен Жапонияда өзгерді. Екінші нұсқада, бірінші нұсқаға қарағанда, жасөспірім қыздардың тууы әлдеқайда жоғары болған. Осы модель бойынша жасөспірімдердің тууы Батыс және Солтүстік Еуропаның кейбір елдерінде, Австралияда, Канадада өзгерген. Үшінші нұсканың ерекшелігі жасөспірім кыздардың тууы деңгейінің өзге деңгейлермен салыстырғанда төмендеу болуы. Бұл нұсқадағы өзгеріс Шығыс және Оңтүстік Еуропада байқалады.
Неке жағдайындағы сексуалдық тәртіп те әлеуметтануда маңызды мәселе болып саналады. Мұнда сексуалдық тәртіптің некеде алатын рөліне баса назар аударылады. Некелестер арасындағы сексуалдык қатынастардың рөлі ғана некелік сексуалдык тәртіптің негізгі мәселелеріне талдау жасауды кажет етеді. Бұл жерде басты мәселе — сексуалдык тәртіп динамикасы некенің ұзақтығына және т.б. алғышарттарға байланысты болады. Неке баянды болған сайын, сексуалдық қатынас жиілігі азаяды, бүл некелік сексуалдык тәртіптің өзіндік ерекшелігі болып табылады. Осы тенденцияға А. Кенизи аса көңіл аударған еді. Оның зерттеу деректеріне сәйкес, жыныстық қатынастардың жиілігі ерлі-зайыптылардың жас мөлшеріне қарай өзгеріп отырады. Мысалы, 16-25 жастағы ерлі-зайып-тылардың жыныстық қатынастарының орташа жиілігі жетісіне 2,45 рет; 26-35 жастағыларда жетісіне — 26,95 рет; 36-45 жастағыларда жетісіне — 1,40 рет; 46-55 жастағы ерлі-зайыптыларда жетісіне — 0,85 рет; ал 56 жастан асқан жұбайларда жетісіне 0,50 рет болған. А. Кенизидін бұл көзқарасын 25 жылдан кейін, яғни 1972 жылы ағылшын зерттеушісі М. Хант бекіте түсті. М. Хант жүргізген сауалнама бойынша ер адамдар арасында жыныстық қатынастар жетісіне жоғарыдағы жас мөлшеріне сәйкес: 3,25; 2,55; 2,00; 1,00; 1,00 реттен келген. Сексуалдық тәртіптін неке стажына тәуелді екендігі өзге де зерттеулерде дәлелденген. Американдық К. С. Гринбалттың зерттеулері бойынша бес жылдан кейін отбасында қалыптасатын жағдайлар балалардың дүниеге келуі, жұмыс мәселесі, отбасы міндеттері, қаражат проблемалары некелік жыныс қатынасының жиілігін төмендетеді. Мұндай әлеуметтану саласындағы оқшау зерттеулердің қорытындысын 80-жылдардың соңы, 90-жылдардың басында бүкіл дүниежүзілік демография және денсаулық бойынша (ДН5) жүргізген зерттеу нәтижелері де нықтады. Әлемнің барлық елдерінде неке стажының артуына байланысты жыныстық қатынастар жиілігінін төмендеуі байқалды. Мұның себептеріне орай зерттеушілер бірнеше алғышарттарды алға тарта келіп, олардың ішінде бірінші орынға, әдетте, кәсіби жұмыстын қауырттылығын және осыған байланысты шаршапшалдығудың пайда болуын, балалардың тууын, сонымен қатар ерлізайыптылардың қанағат тұтуларын кояды.
Некелік сексуалдык тәртіптін келесі манызды ерекшелігі — оның ұрпақ жаю тәртібі екені рас. Қазіргі коғамда сексуалдық пен репродуктивтік тәртіптердің арасындағы өзара байланыс ең алдымен балалы болу ниетінен туындайтын жыныстық қатынастар жиілігіне тәуелді болады және содан көрініс табады. Отбасына қажетті бала санының болуына ықылас неғұрлым күшті болса, қажет еткен бала саны мен оның нақты балаларының арасында неғұрлым үлкен алшақтық болса, некедегі жыныстық қатынастар жиілігі соғүрлым жоғары болуға тиіс. ДН5-тың мәліметтеріне қарағанда, әйелдер болашақ балаларының санына қарай жыныстық қатынас жиілігін реттеп отырады. Барлық елдерде көп балалы болғысы келетін әйелдер көп балалы болғысы келмеген әйелдерге карағанда жиі жыныстық қатынаска түседі.
ДНS-тың мәліметтері бойынша, некелік сексуалдық және ұрпақ жаю тәртіптерінің өзара байланысы жыныстық қатынас жиілігін сақтау шараларын қолдану түрлеріне байланысты болады. Жүкті болудан сақтанудың дәрі-дәрмек ішу, спираль салу сияқты әдістерін қолданған некелі әйелдердің жыныстық қатынастары жиілейді. Мұндай әйелдер өзінін балаға деген қажетін қанағаттандырса да, көп балалы болғысы келген аналар сияқты тым жиі жыныстық катынасқа түседі.
Әлеуметтану тұрғысынан жоғарыда аталған некелік сексуалдық тәртіптің ерекшеліктерін қалай бағалауға болады? Әдетте аса тиімді контра-; цепция қолдану арқылы жиі жыныстық қатынасқа түсу мүмкіндігіне ие болатын сексуалдық тәртіптің ұрпақ жаю тәртібімен байланысты болмауын жағымды құбылыс ретінде қарастырады. Себебі ол индивидтің кез-келген тәртіп нұсқасы мен үлгісін таңдауға мол мүмкіндік пен еркіндіктің пайда болғанын көрсетеді, әйел еркіндігі және оның ер адаммен барған сайын тең бола түсуі қазіргі неке-отбасы қатынастары қалыптасуының айғағы ретінде көрінеді. Сонымен қатар, бұл отбасының ғаламдык дағдарысын да көрсетеді, оның әлеуметтік, әсіресе ұрпақ жаю қызметтерінің жойылуын немесе басқа жағдайға ауысуын байқатады.
Отбасының ұрпак жаю қызметі ұрпак жаю тәртібі арқылы жүзеге асады. Ұрпақ жаю тәртібі отбасында балалардың белгілі бір туылу санын белгілейтін жанама әрекеттер мен қатынастар жүйесі болып табылады. Адамның кез-келген тәртібі сияқты ұрпақ жаю тәртібі оның әрекет етуінің белгілі бір төменгі және жоғарғы шеңберімен, яғни адамның дүниеге бала келтіруінің табиғи циклына кіруімен шектелген. Бұл шектеулер, бір жағынан, бала туу әлуетінін нақты тарихи жағдайын сипаттайды, әйелдің бүкіл өмірінде болатын жағдаяттар, айталық демографиялық құрылысы, денсаулық жағдайы, балалардың шетінеу деңгейі, т.б. балалардың туылу санының физиологиялық мүмкіндігін білдіреді. Екінші жағынан, бұл шектеулерді әлеуметтік бақылау жүйесі қалыптастырады. Ол баланың туылуының нақты қандай әлеуметтік-биологиялық деңгейде жүзеге асатынын әйелдің нақты неше бала туу мүмкіндігін анықтайды27.
Ұрпақ жаю тәртібі кұрылымның негізгі элементтері бар. Балалы болуға деген қажеттілік ұрпак жаю тәртібінің ең басты қозғаушы күші. Балаларға деген қажеттілік бұл биологиялық нәрсе емес, керісінше, ол әлеуметтікпсихологиялық және әлеуметтік категория. Баласы жоқтық және қажет еткен бала санының болмауы индивидтің өзін тұлға ретінде көрсетуіне нұқсан келтіреді, бұл — әлеуметтік сипатқа ие болған жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасиеті.
Мұндай қиыншылықтар күнделікті өмірде тұлғаның отбасындағы мәртебесін анықтау кезінде де алдан шығады. Мысалы, көптен көрмеген таныстар кездескенде бір-бірінің балалары жөнінде сұрап жатады, осылайша тұлғаның ұрпак жаю нормасына өзінен-өзі еріксіз баға беріледі.
Балаға қажеттіліктің мәнін түсінуде ұрпақ жаю нормалары ұғымы үлкен рөл атқарады. Ұрпақ нормалары — бұл белгілі бір бала санының тууына қатысты қоғамдық болмыс детерминдірген және индивид жататын әлеуметтік топтар қабылданған тиісті тәртіп принциптері мен үлгілері.
Тұлға кез-келген социомәдени нормаларды меңгергені сияқты, ұрпақ жаю нормаларын да тәртіп бағдарының құралы ретінде меңгереді және белгілі бір балалардың тууына қатысы бар әр түрлі әрекеттер мен іс-қимылдардың үйлесімін қамтамасыз ететін ішкі бақылаудың негізін құрайды. Меңгерілгеннен кейін, тұлғаның ішкі әлеуметтік-психологиялық құрылымына айналатын ұрпак жаю нормалары өздерінің мазмұнына сәйкес балаға деген қажеттіліктің мәнін анықтайды.
Балаға сандық және сапалық тұрғыдан қажеттілік болады. Бұлардың мазмұның ұрпақ жаю қисындары ашады. Ұрпақ жаюға қатысты байламдар — әр түрлі әрекеттердің өзара үйлесімділігін қамтамасыз ететін, белгілі бір бала санының дүниеге келуін оң немесе теріс деп білетін тұлғаның психологиялық күйі. Ұрпақ жаю белгілеулері екі класқа бөлінеді: 1) балалардың белгілі бір санға жетуін реттейтін белгілеулер; 2) жүкті болуға қарсы шараларды қолдануға және жүктілікті әдейі тоқтатуға бағытталған белгілеулер. Осы белгілеу түрлері нақты жағдайда балаға деген қажеттіктің уакыты мен орнын және оның күшін байқатады, сондықтан да олар өзара байланысты болады. Неғұрлым кезекті баланы тууға дайындық күшті болған сайын, контрацепция мен әдейі түсік жасаудан арылып, ұрпақ жаюға таңдау жасау соғұрлым жоғары болады.
Егерде репродуктивтік белгілеулер қажетті бала санына қатысты болса, онда репродуктивті қисындар оның сапалық жағын, мазмұнын ашады. Репродуктивтік қисындар индивид белгілі бір бала санының тууы арқылы өзінің алдына қойған әр түрлі мақсаттарын жүзеге асыруға итермелейтін оның ерекше психологиялық күйін білдіреді. Репродуктивтік қисындар балалардың кез келген кезекпен дүниеге келуіне тұлғалық мән беруімен сипатталады. Солай болғанмен де бала қайсыбір мақсаттарға жетудің құралы болып қалады.
Ұрпақ жаюға немесе балалы болуға қатысты қисындар экономикалық, әлеуметтік және психологиялык болып бөлінеді. Бала туудың экономиқалық қисындары — бұл қайсыбір бала санының туылуына итермелейтін, сол арқылы белгілі бір экономикалық мақсатқа қол жеткізуге, яғни материалдық пайда табуға немесе экономикалық мәртебесін көтеруге негіз болатын қисындар. Әлеуметтік қисындар — бұл балалы болудың қалыптасқан социомәдени нормалары шегінде белгілі бір бала санының дүниеге келуіне итермелейтін кисындар және олар осы нормаларға индивидуалдық көзқарас та болып табылады. Әлеуметтік қисындар ынталандыру бар жерде өмір сүреді, мысалы, бұл әлеуметтік мәртебені, беделді арттыру және жұртшылық алдында қадір-қасиетін баянды етуден немесе асырудан көрінеді. Керісінше мұндай ынталандырулар, жеңілдіктер мен «пайдалар» болмаған ретте, белгілі бала санының туылуына әлеуметтік қисындар да болмайды. Мәселен, қазіргі 1-2 балалы отбасына негізделген қалалық ортада үш немесе одан да көп балалы ата-аналар келенсіз әлеуметтік-психологиялық кедергілерге ұшырайды. Оларды көбіне әжуа-күлкі етеді, моральдық тұрғдан сынапмінейді және т.б. жағымсыз қоғамдық пікірлерге желеу етеді. Психологиялық қисындар бұл белгілі бір бала санының туылуына түрткі болатын қисындар, сол арқылы тұлғаның жеке басының кейбір әлеуметтікпсихологиялық тіптен ішкі мақсаттары орындалады. Бұл қисындар баланың туылуына деген қоғамдық мүддені жоққа шығарып, жекебастын мүддесін көрсетеді. Психологиялық қисындар ата-аналардың субъект немесе объект ретінде қарым-қатынас жасауына карай екі класқа бөлінеді: бірінші класс қисындарында ата-аналар субъекті ретінде көрінеді, бұл олардың балаға деген сезімдері мен талаптарына, балаға қамқорлық жасауға деген ықыласынтасына, махаббатына, баланың өсіп-жетілуіне бағыт-бағдар жасауға, т.б. байланысты. Ата-аналар объекті больш табылатын келесі класс қисындары барлығын біріктіреді, баламен қарым-қатынас жасау арқылы ата-ана бала тарапынан туындайтын сезім объектісі болу қажетін қанағаттандырады. Айталық, баладан ата-ананың сүйіспеншілік пен құрмет күтуі, бала арқылы өзінің ұрпақ сабақтастығын жалғастыруға ұмтылу немесе солар арқылы өзіндегі қайсыбір қасиеттерінің жалғастығын көру, т.б.
Ұрпақ жаю қисындары құрылымында экономикалық, әлеуметтік және психологиялық қисындардың ара қатынасы тұрақты болмайды. Бұл ұрпақ жаю мәселесі уакыт өткен сайын өзгеріп, ғаламдық процесте көп балалықтың тарихи тұрғыдан өрісі тарылып бара жатқанын көрсетеді. Бұл жердегі жалпы тенденция отбасында бірнеше баланың дүниеге келуінің экономикалық және әлеуметтік қисындарын біртіндеп әлсіретіп немесе мүлде «жоқ» етіп, алдыңғы қатарға психологиялық, ішкі қисындарды шығарады.
Отбасы әлеуметтік институт ретінде бірнеше міндеттер атқаратының жоғарыда айттық. Солардың маңыздыларының бірі тұлғаны қалыптастыру. Келесі тақырыпта жалпы тұлға мәселесі жан-жақты қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет