К. Маркс (1818-1883) және Ф. Энгельс (1820-1895) әлеуметтану ғылымының үлкен бір ғылыми ілімдерінің арнасын қалыптастырды. Оларға дейінгі және қазіргі көптеген әлеуметтанулық теориялар адамзат қоғамының дамуын, түптеп келгенде, белгілі бір рухани бастаулардың - құдайдың, әлемдік еріктің, сонымен қатар адамдар санасының ықпалымен болады деп түсіндірді.
1 Григорьев С.И., Растов Ю.Е. Начала современной социологии. Учебное пособие. М.: Изд-во Магистр, 1999. С. 50-51.
Адамдар құдайдың немесе ғарыштық ақыл-парасаттың еркін жүзеге асыраушысы ретінде сипатталады, сонымен қатар адамдар мәдениетті жасаушы, оны олар өздерінің мүдделерінен, мақсаттарынан және идеяларынан шығара отырып жасайды. Оларды анықтаушы - сана, ал оның туындысы - адам болмысы, мәдениеті және өмір салты.
Әлеуметтануды қоғамдық ғылым деп танитын бұл ғылымның көптеген өкілдері қоршаған ортада өз түсінігіне орай, өз мақсаттарына және қызметқабілеттеріне қарай әрекет ететін жеке индивидтерді (жеке адамды) тарихи процестің негізгі субъектілері етіп алды. Маркстік әлеуметтану одан басқа тұрғыдан қарады. Маркс пен Энгельс тарихи процесті зерттеуді өмірдегі адамдарды, олардың қажеттіліктері мен мүдделерін, адамдардың өзара қарымқатынастарын және өзара әрекеттерін алғышарттар етіп қарастырудан бастады. Бүкіл әлемдік субъектілердің қоғамдық байланыстары мен қатынастарының жиынтығы қайсыбір қоғамды құрайды. Қоғам өзіне тән қоғамдық қатынастар жүйесі, материалдық өндіріс, саясат және езге де әлеуметтік институттар арқылы адамдар қызметінің мазмұнын дұрыс арнаға бағыттайды, белгілі дәрежеде оны анықтайды, әрбір адамның қалыптасуы мен дамуына ықпал жасайды. Индивидуалдықты әлеуметікке жеткізу маркстік әлеуметтанудың маңызды принципіне айналды, сейтіп, ол адамдардың қызметі мен мінезқұлқының объективтік әлеуметтік негіздерін анықтаудың және пайымдаудың алғашқы маңызды қадамына айналды. Бұдан тарихты материалистік тұрғыда түсіну келіп шыкты.
Осы бағытта жасалған келесі қадам - ол адамдар қызметіндегі материалдықтың рөлін дәлелдеу болды. Әділін айту керек, Маркс пен Энгельс өндірісте, саяси және басқа да қызмет түрлерінде болатын саналы мотивтердің рөлін ешқашан жоққа шығарған емес. Керісінше, олар бұл мотивтердің мазмұны мен бағытталуына үлкен маңыз берді. Қоғам тарихында белгілі бір
1.
мақсатқа ұмтылған адамдар санамен, оймен әрекет етеді
Бұл жерде бірде-бір іс санадан, ниеттен тыс, мақсатсыз жасалмайды. Бірақ марксизм тұрғысынан алып қарағанда адамдардың ниеттері жене мақсаттары, экономика, саяси және басқа да қызмет салаларындағы ішкімотивтерінің бүкіл жүйесі, түптеп келгенде, объективті әлеуметтік заңдардың әрекетінен жинақталып, көрініс табатын тарихи процесті объективті факторлары арқылы делелденеді. Бұдан шығатын қорытынды - адамдар қызметінің ішкі мотиві тарихи оқиғалардың соңғы себептері бола алмайды.
Материалдық қажеттілік (мұқтаждық.) пен мүдделер адамдардың мінезқұлқына, қызметіне, олардың ниетіне, психологиялық көңіл-күйіне, идеялар мен теорияларға себепші болады. Маркс өзінің тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіруге субъектілердің әлеуметтік өмір (мен қызметші - деп материалдық мүдденің рөлі мен маңыздылығын пайымдау арқылы жеткеніне жазды. Бұл жерде әңгіме олардың жеке басына қатысты және жалпы материалдық
1 Маркс К., Энгельс Ф. Сочинения. 2 изд. М.: Политиздат, 1961.Т. 21. С. 306.
мүдделер жөнінде болып отыр. Мұның соңғысы үлкенді-кішілі әлеуметтік топтардың мүддесі бола отырып, Маркстік сөзімен айтқанда, еңбек бөлінісіндегі
2.
индивидтердің өзара тәуелділігін көрсетеді
Басқаша айтсақ, қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі әлеуметтік топтардың түрлі жағдайы олардың әр алуан материалдық мүдделеріне себепші болады, сөйтіп, ол өндірістік және басқа да қызметтің, қуаты есебінде байқалады.
Тарихты материалистік тұрғыдан түсінуге сәйкес материалдық игіліктерді ендірудің маңызы да арта түсті. Сол арқылы адамдар өздерінің алуан түрлі материалдық, және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандырады. Сайып келгенде, материалдық өмірдің өндіріс тәсілдері өмірдің жалпы, әлеуметтік, саяси және рухани
3 процестерін қамтамсыз етеді . Ол әр түрлі дәрежеде қоғам омірінінің аталмыш салаларының дамуына ықпал етеді. Бұл тұрғыдан алғанда өндіріс тәсілі қоғамның өмір сүруі мен дамуының материалдық негізі болады.
Өндіріс тәсілі өзінің негізі жағынан өндіргіш күштер мен өндіруші қатынастарын біріктіруші ретінде көрінеді. Өндіргіш күштерге ең алдымен білімі, дағдысы және өнеркәсіптік қызмет тәжірибесі бар адамдар, сонымен қатар олардың өндірісте қолданатын еңбек құралдары мен заттары, өндірістік гимарат, энергия көздері, транспорт және т.б. жатады. Өндірістік қатынастар - бұл адамдардың өндірістік қызмет процесі барысында қалыптасатын, ең алдымен олардың өндіріс кұралдарымен қатынастары. Өндіріс кұралдарының кімнің меншігінде болуына байланысты, өндіріс процесінде әрқилы адамдар әр түрлі орындарға ие болады, айталық, біреулер өндірістің иелері болса, басқалары - жалдамалы еңбеккерлер. Өндірістік қатынастар сондай-ақ, еңбек бөлінісі мен өндіріс кұралдарына меншіктік қатынастардың негізінде болатын адамдардың қызметтерін өзгертулерінен де көрінеді, жүзеге асады. Тұжырымдай айтар болсақ, өндірістік қатынастар - бұл өндірілген қоғамдық шешімдерді бөлу, оларды айырбастау және тұтыну арқылы жүзеге асатын адамдардың қатынастары. Бұл қатынастардың мазмұнын, түптеп келгенде, өндіріс құралдарына меншіктік қатынастар анықтайды.
Маркстік әлеуметтану өндіргіш күштер мен өндіру қатынастарының өзара диалектикалық әрекетте болатынын жан-жақты дәлелдеді. Адамдар саналы түрде және алдына белгілі бір мақсат қойып, өндірістік қатынастарға түскеніне қарамастан бұл қатынастар өндірістік қызметтен объективтік жағдайларының шешуші ықпал етуі арқылы қалыптасады. Мұның соңғысына адамдардың және объективтік қажеттіліктері, сонымен қатар өндіргіш күштердің даму деңгейі мен сипаты жатады. Қоғамның өндіргіш күштермен, тікелей өндірістік қатынастардың мазмұнын анықтайтыны сөзсіз. Олар алдарына өндіргіш күштердің дамуына барынша ықпал жасайтын, оларды оңтайлы қолдануға жене сонымен бірге өндірістің экономикалық тиімділігін арттыруға септігін тигізетін, адамдардың қажетілігін мейлінше толық қанағаттандыратын өндірістік қатынастарды орнататын объективті талаптар қояды.
2 Маркс К., Энгельс Ф. Сочинения. 2 изд. М.: Политиздат, 1955.Т. 3. С. 31. 3 Сонда. 7-б.
Осы талаптарға қалыптаса бастаған өндірістік қатынастар сәйкес келуі тиіс. Егер өндірістік қатынастар өндіргіш күштердің дамуына және тиімді пайдаланылуына ықпал етсе, онда қоғам тығырыққа тіреледі, экономикалық дағдарыстық жағдай пайда болады, өндірістің құлдырауы басталады. Осының бәрі қоғам алдына ескі өндіріс қатынастарын жаңамен, прогрессивтілерімен алмастыру талабын қояды. Сонда ғана ол өндіргіш күштердің қазіргі дамуының талаптарына сай келетін болады. Осы объективті қажеттілікті адамдар ерте ме, кеш пе түсінеді де, оны практикада жүзеге асырады. Бұл неғұрлым ерте басталса - қоғам үшін соғұрлым тиімді. Егер басқаша болса, өндірістік қатынастарды жаңалау процесс ұзаққа созылып кетсе, немесе оны тиімді іске асыра алмаса, онда қоғам үлкен экономикалық және әлеуметтік шығындарға ұрынады, ал оның, азаматтарының көпшілігі ауыр халге түседі және қайыршылықты басынан кешіруге мәжбүр болады.
Өндірістің өсуіне нақты ықпал ететін, сөйтіп халықтың өмір деңгейінің артуына жағдай тудыратын өмірлік қатынастардың формаларын енгізуге ықпал жасау кажет. Әрине, әлеуметтану үшін адамдардың өмірлік қызметінің неғұрлым күшті мотивтерді анықтау, сонымен қатар сол аталмыш жүйелерді бүкіл еңбекшілерде құнды бағдарларды қалыптастыру маңызды міндеттер болып калады.
Қоғам өміріндегі материалдық өндірістің рөлі мен маңыздыларын көрсете отырып, маркстік әлеуметтану тарихи прогреске ғылыми сараптама жасауға, оның объективті зандарын талдауға көп мүмкіңдік берді. Әңгіме материалдық өндірістің объективті даму заңдары және оның қоғамдық өмірдің басқа жақтарына, жалпы қоғамға ықпалы жөнінде болып отыр. Бұл заңдарды ашу және талдау тарихты идеалистік тұрғыда түсінуден материалистік ұғынуға өтуді мейлінше тездетті.
Маркстік әлеуметтану бойынша коғам ең алдымен қоғамдық қатынастар жүйесі болып табылады. Бұл жүйе экономикалық, саяси, құқықтық, діни және басқа да қатынастардан құралады. Бұл жерде олардың әлеуметтік мазмұны — қоғамдық қатынастарды сұрыптаудың негізі етіп алынған. Егер де оның субъектілерден бастайтын болсақ, онда әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастарды айтуға болады, сонымен қатар таптық және ұлттық қатынастарды, қала мен ауыл адамдарының арасындағы, ой еңбегі мен дене еңбегі арасындағы қатынастарды, отбасылық қатынастарды, тұлға мен қоғам, тұлға мен әлеуметтік топ, ұжым арасындағы қатынастарды, тұлға аралық қатынастарды айтуға болады.
Барлық қоғамдық қатынастар өзара органикалық байланыста және бірбірімен тікелей немесе жанама қарым-қатынаста болатын адамдардың өзара тәуелділігі мен өзара әрекетін көрсетеді. Бұл қатынастардың және олардың өзара байланысының объективтік негізі - ең алдымен қоғамдық еңбек бөлінісі және адамдар қызметінің әр түрінің дамуы. Өйткені марксизм қоғамды зерттеудің бастауы етіп тек индивидтерді ғана алып қоймайды, олардың түрлі қызметтен туындайтын әлеуметтік байланыстар мен қатынастарды алады. Маркстің сөзімен айтқанда, қоғам индивидтердің бір-бірімен болатын 1 байланыстары мен қатынастарының жиынтығын көрсетеді . Қоғамның құрылымы өзіне тән қоғамдық қатынастардың кұрылымы ретінде көзге түседі.
Барлық қоғамдық қатынастар, марксизм бойынша, материалдық және идеологиялық болып болінеді. Материалдық қатынастар адамдардың санасы мен еркінен тыс қалыптасып, көрінеді. Бұл олардың ең алдымен экономикалық, өндірістік-технологиялық қатынастары, сондай-ақ олардың табиғатқа деген материалдық қатынастары, идеологиялық қатынастар, бұлар осылай болып қалыптасқанға дейін адамдардың санасы арқылы өтеді, яғни саналы түрде пайда болады. Оған адамдар арасындағы саяси, құқықтық, эстетикалық, адамгершілік, діни қатынастар жатады. Әрине, бұл қатынастардың да объективтік негізі бар және адамдардың оған деген объективтік қажетінен пайда болады. Бірақ олар әуел бастан-ақ адамдардың санасымен, айталық, қайсыбір идеологтардың, саяси немесе діни қайраткерлердің жене т. б. саналы түрде қалыптастыруы арқылы саяси бағдарламалар, құқықтық және адамгершілік нормалары, діни идеялар негізінде кұрылады.
Идеологиялық катынастардың қалыптасуының объективтік негізіне келсек, онда оның өзінен тікелей көрінетін саясат, құқық, мораль, т. б. салаларымен қоса, қоғамдық өмірдің материалдық саласын да аңғарамыз.
Оның объективті негізі болғандықтан, ол адамдар санасының тікелей әсерімен, олардың экономикалық қатынастарының ықпалымен қалыптаскан әлеуметтік шындықты (ақиқатты) маңызды түрде құрушы ретінде өмір сүруге мүмкіндік алады. Олардың өмір сүруі саяси, құқықтық, діни және басқа да ұйымдар мен институттар арқылы жүзеге асады. Олардың рөлі мен маңыздылары зор және әрдайым артып отырады.
Қоғамдық қатынастардың мазмұнын негізге ала отырып, қазіргі марксшіл әлеуметтанушылар коғамдық өмірді экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани деп бірнеше салаларға бөледі.
Қоғамдық өмірдің экономикалық саласы - материалдық игіліктерді өндіретін толық көлемдеп өндірісті, өнімді, айырбастауды және тұтынуды қамтиды. Бұл - өндіріс тәсілдерінің өмір сүруі, қазіргі ғылыми техникалық прогресті өмірге тікелей енгізу, тауар-ақша қатынастары, адамдардың материалдық қажетіліктерін (мұқтаждықтарын) және мүдделерін қанағаттандыру саласы болып есептеледі. Дәл осы жерден экономикалық, қоғамдық сананың шындыққа тікелей айналуы және экономиканы басқару институттарының қызметі жүзеге асады. Экономиканың аталмыш объективтік және субъективтік факторларының тұтастықта өмір сүруін зерттеу қажеттілік туады. Бұл оны қоғамдық өмірдің ерекше саласы етіп бөліп көрсетеді. Қазіргі көптеген әлеуметтанушылар өздерінің ғылыми бағыттағы еңбектерін қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық процестерді зерттеуге бағыттап отыр.
Әлеуметтік сала - бұл қоғамда бар үлкенді кішілі әлеуметтік топтардың және ұлттық қауымдастықтардың өмірлік қызмет әлеуметтік жағдайынан туындайтын
1 Маркс К., Энгельс Ф. Сочинения. 2 изд. М.: Политиздат, 1965.Т. 46. С. 214.
өзара әрекет саласы. Мұнда: адамдардың өндірістік қызметі үшін керекті жағдайлар жасау; қоғамда жасалған материалдық және рухани игіліктерді тұтынуда әлеуметтік әділдікті сақтау: қоғамның әлеуметтік жіктелуден келіп шығатын қарама-қайшылықтарды шешу; әлеуметтік-таптық және ұлттық қатынастарды реттеу; түптеп келгенде, жоғарыда аталған субъектілердің әлеуметтік мүдделерінің өзара әрекет етуін реттеп отыру мәселелеріне кем болу негізгі тақырыпқа айналуда. Бұл осы саланы зерттеуші әлеуметтанушылардың негізгі объектісіне және мемлекетттің әлеуметтік саясаттағы басты объектісіне айналып отыр.
Саяси салаға ең алдымен қоғамда өмір сүрін отырған саяси қатынастардың бүкіл жиынтыты енеді. Оның шеңберінде әр түрлі саяси партиялар, ұйымдар, мемлекет және өзге де саяси институттар әрекет етеді. Олардың қызметі әр түрлі субъектілердің, яғни әлеуметтік топтар мен жіктердің, ұлттардың, тұлғалардың, саяси мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған. Олардың, бұл мүдделері өкімет билігінің іске асуымен, сонымен қатар саяси құқық пен еркіндіктің жүзеге асуымен байланысқан. Саяси сала - шын мәнінде қоғамдық саяси жүйені өмір сүру саласы. Соның арқасында әр түрлі әлеуметтік субъектілер өздерінщ саяси көзқарастары мен мақсаттарын өмірге енгізеді. Қазір жүріп жаткан әлеуметтік процестер адамдардың қоғамдық санасын мейлінше саясаттандыруда, олардың, саяси белсенділігін арттыруда. Соның нәтижесінде қазіргі қоғам өмірінде саяси саланың рөлі мен маңыздылығы артып отыр.
Қоғамдық өмірдің рухани саласын ғылым, білім, тәрбие, мораль, өнер, дін құрайды. Бұлар әрбір адамның мінез-құлқы мен қызметі деп рухани бастауларды нығайтады.
Бұл мақсатка қол жеткізу үшін осынын бәрі белгілі бір дәрежеде жастарға және өзге де қоғамдық жіктерге білім мен тәрбие беру міндеттерін, сонымен қатар ғылым мен мәдениетің даму міндеттерін шешетін көптеген әлеуметтік институттардың қызметіне, кұзырына бағындырылған. Қазіргі жағдайда адамдардың рухани дүниесі қалайша сақтап қалуга және байытуға болады дегенге келсек, әрбір адам өзінің мүддесімен бірге басқа адамдардың мүддесін қорғауы үшін олардың бойындағы жоғары және игі идеалдарды ояту керек. Негізгі проблема, меніңше, осы болып отыр. Сонда ғана қоғамдық өмірдің небір күрделі міндеттерін шешуге көмектесе алатындай қабілетті, әрбір тұлғаның, абыройын жоғары ұстауды нығайтуга ықпал ететін, осы арқылы бүкіл халықтың, қоғамның және мемлекеттің, абыройын нығайтуға қабілеті бар адам мен бүкіл қоғамды қалыптастырамыз, бұлардың рухани саулығынын көрініс табуына әсер етеміз.
Қоғамдық өмірдің аса ірі салаларының өмір сүруі мен дамуын зерттеу - қоғамды тұтас әлеуметтік организм ретінде талдау мен сипаттау үшін аса маңызды. Қоғамның тұтастығы оның, мызғымастығында ғана емес. Қоғам тұтастықтығы өз ішінде бөлімдерге бөлінген, сондықтан қоғамның өзіндік құрылымы бар. Қоғамдық өмірді аталмыш салаларға бөлу бұл салалардың өмір сүру мазмұны мен ерекшеліктерін, олардың, объективтік арақатынасын және өзара тәуелділігін анықтап, қоғамды құрылымдардың тұтастығы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Олардың өзара әрекетінің сипаты туралы ғылыми түсінік арқылы бүкіл қоғамның дамуына саналы ықпал жасауға болады.
Марксизмнің қоғамды тұтас әлеуметтік организм ретінде қарау жөніндегі ілімі оның қоғамдық-экономикалық формация ұғымынан көрініс тапты. Бұл ұғым өзіндік экономикалық базисі, ерекше әлеуметтік құрылымы, саяси қондырмасы және рухани өмірі бар біртектес қоғамдарға ортақ, және мәнді ерекше белгілерді көрсетеді. Бірдей әлеуметтік-экономикалық формация әр түрлі елдерде өзінше ерекше көрініс табады, бұл олардың жанама белгілерімен, дәлірек айтканда, сол елдердің тарихи даму ерекшеліктерімен байланысты болады.
Қоғамдық-экономикалық формация өзіне тән өндіріс тәсілі, әлеуметтік құрылымы, саяси жүйесі және рухани өмірі бар нақты тарихи қоғам типі ретінде көрінеді. Сол немесе басқа қоғамдық-экономикалық, формация қоғамдық, дамудың әр түрлі деңгейінде тұрған және оның белгілерін әр түрлі дәрежеде белгілейтін қоғамдарды біріктіре алады. Бірақ бұл қоғамдардың ең мәнді белгілері бірдей, соның арқасында ортақ объективтік зандармен дамитын бір ғана қоғамдықэкономикалық формацияны қалыптастырады.
Қоғамдық-экономикалық формация ілімісынға алынғанымен, қоғам өмірінде және тарихи процесті талдауда елі де өз құндылығын жойған жоқ. Марксизмнің тұтастай әлеуметтік организм ретіндегі қоғам жөніндегі ілімі өте мұқият әзірленген және бұл туралы мейлінше нақты түсінік береді.
Марксизм әлеуметтануының маңызды ережесінің бірі - қоғам дамуының объективтік заңдары туралы ереже. Бұған ең алдымен қоғам дамуындағы өндіріс тәсілінің рөлін анықтайтын заң, өндірістік қатынастардың сипаты мен деңгейінің, өндіргіш күштердің дамуына сәйкес келу заңы, қондырмаға қарағанда экономикалық базистің анықтаушы рөлі заңы, қоғамдық болмыстың біріншілігі және қоғамдық сананың екіншілік заңы енеді.
Қоғамдық-экономикалық формация мен қоғам дамуының объективті заңдары туралы маркстік ілімдер - адамзат дамуын объективтік және заңды табиғи-тарихи процесс ретінде қарастырып, бір қоғамдық-экономикалық формация екіншісімен, прогрессивтімен ауыстырылатынын көрсетуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты К. Маркс пен Ф. Энгельс қоғамдық-экономикалық
1. формациялардың архаикалық, экономикалық, коммунистік типтерін атап көрсетті (Алайда, әдебиеттерде бұрынгы бес формация пайдаланылып келеді: алғашқы қауымдық құрылыс, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунист). Бұлардың әрқайсысы өзіне тән өндіріс тәсілімен, әсіресе өндірістікэкономикалық қатынастар жүйесімен ерекшеленеді. Сайып келгенде, осылар әрбір формацияның әлеуметтік құрылымынын, саяси жүйесінің және рухани өмірінің ерекшеліктерін анықтайды. Соның нәтижесінде олардың әрқайсысы белгілі сападағы қоғам типі ретінде көрінеді. Марксизм іліміне сәйкес қоғамдықэкономикалық формацияның алмасуы негізінде өндіріс тәсілдерінде ірге тепкен экономикалық алғышарттардың ықпалымен болады, онымен байланыскан осы
1 Маслов Н.Н. Политическая история СССР: предмет, содержание, задачи. М.: Знание, 1991. С. 23.
процестердің басқа да факторлары, сонымен бірге әлеуметтік-саяси, идеологиялық және рухани мәдениет саласына қатысты алғышарттары да әсер етеді. Шындығында бұл революциялық процесс, оның барысында қоғамның бір типі екіншімен алмастырылады. Әлеуметтік революцияныц материалдық алғышарты бар, ол шиеленісі тереңдеген ескі экономикалық қатынастардың қоғамның прогрессивті дамуындағы өндіргіш күштерімен сәйкес келмеу шарты. Дамушы өндіргіш күштер үшін ескі өндіріс қатынастары шеңбері тарлық жасайды, олардың дамуы баяулайды, соның салдарынан өндіріс тәсілінде дағдарыстық, жағдай қалыптасады. өндіргіш күштердің кең қанат жайып дамуы, қоғамдық өндірістің көтерілуі және осыған байланысты қоғамдық дамудың басқа да проблемаларын шешуді қамтамсыз ететін ескі өндірістік қатынастарды жанамен өзгертудің объективті қажеттілігі туады. Адамдардың қажеттіліктері мен мүдделерін барынша толық қанағаттандыратын, тарихи прогрессивті формацияға өтудің диалектикасы осы.
Әлеуметтанудың атасы атанған ойшылдар Э. Дюркгейм мен М. Вебер әлеуметтану ілімдерін өздерінің тың көзқарастары арқылы одан әрі дамытты.