Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы 050501 «Әлеуметтану»


Апта 3. 1 кредтит сағат



бет35/76
Дата04.10.2020
өлшемі0,56 Mb.
#63888
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   76
Апта 3.

1 кредтит сағат

3 дәріс.



Тақырыбы: Мемлекеттік және муниципалдық басқару жүйесі.

Дәріс мазмұны:

1.Мемлекеттік басқару. Мемлекеттік билік.

2.Мемлекеттік басқару жүйесінің қызметі.

3.Билікті бөлу принциптері. : «Билік», «басқару» ұғымдары. Басқару формалары

Билік өмірде ең кең таралған түсініктердің бірі. Билік адамзат қоғамының туумен пайда болды және оның дамуына ықпал жасады. Билік құбылыс ретінде – бұл қайсыбір адамдардың билік ету қабілеті, құқығы мен мүмкіндігі, әралуан құралдардың – құқықтың, беделдің, ерік – жігердің, мәжбүр етудің көмегімен адамдар тағдырына, мінез – құлқына немесе қызметіне шешуші әсер ету. Биліктің қоғамдық сипаты – билік қатынастарының тараптары әманда сана мен ерік – жігерге ие болатын адамдар , олардың әлеуметтік топтары, ұйымдары болып табыла Жергілікті өзін - өзі басқару дегеніміз – бұл жергілікті тұрғындар сайлаған басқару органдарының заң шеңберінде және толық өз жауапкершілігінде әрекет ете отырып мемлекеттік істердің басым бөлігін жергілікті тұрғындар пайдасына тиімді етіп шешу құқығы мен шын қабілеттілігі.

Жергілікті өзін - өзі басқарудың негізгі ерекшелігі – басқарушылар халықтың сайлауы нәтижесіндеанықталады және өздерінен жоғары тұрған мемлекеттік органға тікелей бағынышты болмайды. Жергілікті өзін - өзі басқарудың негізгі ұстанымдары, біріншіден, жергілікті жердің ішкі ісіне мемлекет араласа алмайды, екіншіден, жергілікті жердің басшыларын сол территорияның тұрғындары өздері сайлайды.

Жергілікті өзін - өзі басқарудың теориялық базасын құрайтын халықтың демократия құндылықтары мен бағамдары.



  1. Қоғамдық теория – мемлекеттік және қауымдық істерді бір – бірінен қатал шекту, алыстау қажеттігі.

  2. Шаруашылық теория – қауымның шаруашылық еркіндігінің басты орында екендігін мойындау қажеттігі

  3. Құқықтық теория - қауымның құқықтық еркіндігінің басты орында екендігін мойындау қажеттігі

  4. Саяси теория – қауымның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтен қашық болуының басты орында екендігін мойындау қажеттігі

  5. Мемлекеттік теория – Қауым істері дегеніміз – бұл жергілікті жерлерде атқарылуы үшін берілген мемлекеттікістердің бір бөлшегі ғана

  6. Мемлекеттік – қоғамдық теория – Қоғамның жергілікті де, мемлекеттік те істерді атқаруы қажеттігін мойындау.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Билік дегеніміз не?

  2. Муниципальдық басқару дегеніміз не?

  3. Муниципальдық басқарудың неше теориясы бар?

Әдебиеттер:

Бабосов Е.М. «Социология управления» Минск, 2004г.

Рой О. М. «Система государственого и муниципального управления» Питер, 2005г.

Шевелев В.Н. «Социология управления» Р-на-Д., 2004г.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет