Әлеуметтік жұмыс



бет8/8
Дата26.08.2020
өлшемі20,63 Kb.
#76925
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
МК анықтамалар
11 лекция СР техн, Әлеуметтік қызметтер туралы, МК 10 лекция, Мотивация 2 лекция
Әлеуметтік қызметтер — іс әрекеті адамның дамуын қолдауға және игілігін қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдар.


Әлеуметтік қызметтер — әлеуметтік қызмет көрсету түрлеріне сәйкес әлеуметтік қызметтің клиентке көмек көрсетуі.


Әлеуметтік диагноз — эксперттік бағалау, клиент жайындағы мәліметтер мен оның өмір сүру жағдайы жайлы мәліметтер жиынтығын, сонымен қатар көмек көрсету жоспарын өңдеуге қажет ақпаратты талдауды болжамдайды.


Әлеуметтік паналау орны — қиын өмірлік жағдайға тап болған адам тәулік бойы паналап, тамақтанып қажетті көмекті қамтитын әлеуметтік көмек мекемесі.


Әлеуметтік қызметкер — әлеуметтік қызмет қызметкері, клиенттерге кеңес берушілік, оңалтушылық, педагогикалық және әлеуметтік-тұрмыстық қызмет түрлерін көрсетеді.


Отбасылық терапия — отбасы мүшелерінің қарым қатынасы арасында пайда болған проблемаларды шешуде отбасына көрсетілер көмектің жолдары мен әдістерінің кешені.


Білім беру саласындағы әлеуметтік қызметкер — әлеуметтену үрдісінде балаға әлеуметтік және психологиялық проблемаларды жеңуге жәрдемдесетін маман.


Қиын өмірлік жағдай— нормалы тіршілігін объективті бұзушы болып табылатын немесе адамның қабылдауынша жеке басына қиын деп есептелетін жағдай (мүгедектік, жетімдік, жұмыссыздық және т.б.).


Проблема — әлеуметтік қызметін күрделендіретін, индивид өз тұтынушылығын өз бетінше жүзеге асыра алмайтын жағдай.


Кәсіби құзыреттілік – әлеуметтік жұмыс маманының мінездемесі, мамандығының талаптарына деген оның сәйкестік дәрежесі.


Кәсіби даярлық – кәсіби бағдарлық пен кәсіби білімі, біліктілігі мен машықтарының жүйесі және кәсіби бағдарлығының қалыптасуы, әлеуметтік жұмыстағы кәсіби жағдаяттар мен тапсырмалардың теориялық және практикалық шешімінің тәжірибесін меңгеру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет