Қазақстандағы әлеуметтік педагогиканың дамуы
Әлеуметтік педагогика мәселелері соңғы кезеңде Қазақстанда да қолға алынып, ғылыми ізденіс жұмыстары жүргізіліп және осы ғылым саласының нәтижелері жоғары оқу орындарында арнайы мамандықтар ретінде оқытылып, студенттерді осы бағыттағы білімдермен қаруландыруларда. Әлеуметтану қоғамның әлеуметтік өмірін зерттейді. Қоғамның әлеуметтік өмірі-жекелеген адамдар мен қоғамдағы бірлестіктер арасындағы өзара байланыс пен қарым-қатынас, әрекет. Қоғамдық бірлестіктерге түрлі ұйымдар:студенттік топтар, ұжымдар ұлттар және т.б жатады.
Қазақстандағы соңғы жылдары әлеуметтік педагогика, әлеуметтік психология туралы эерттеу жұмыстары жүргізіліп ізденістер жасалып жатыр. Қазақ халқының арғы тегі саналатын ру-тайпалардан қалған тасқа қашалған жазбалар мен көне ескерткіштерде тарих және ерлік тәрбиесіне қатысты ойлар көрініс табады. Бұлар атап айтқанда, түркі дәуірінде ерекше орын алатын Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк дастандары. Күлтегін - ежелгі түркілердің жаужүрек батыры, жауынгер болса, Тоныкөк - көнедегі талай оқиғалардың куәгері, ойшыл ғұлама болған. Тастағы жазуларда ерлік-ездік, соғыс-бейбітшілік, халықтық тұрмыс-тіршілігі мен тәуелсіздік баяндалған. Тұлға болып саналатын батырлардың үлгі-өнегесін әрбір жас ұрпақтың жеке тұлға ретінде қалыптасуына үлгі ету. Осы жазбаларда тарихты ұмытпау, бабалардың ерлігін мадақтау, ұрпаққа үлгі ету мақсаты қойылған. Бүгінде ол мақсат ешқандай әлсіремейді, қайта жастарды тәрбиелеудегі патриоттық тәрбие құралы ретінде көкейтесті мәселе деңгейінде қарастырады. Қорқыт-қазақ даласының ұлы ойшылдарының бірі, оның есімі бүкіл түркі жұртына ортақ. Оның «Қорқыт Ата кітабында» жалпы этнос, отан сүю, әдет-ғұрыпты сақтау, ізгілік орнату, өлім мен өмір проблемасы, өмір құндылығын бағалау, әлеуметтік, әлемдегі әділеттілік мәселелеріне тоқталған. Жастар, ұл мен қыз тәрбиесі, атаның өсиеті, ананың өнегесі, оны ұрпақ бойына дарыту, сондай-ақ, адамдарды әлеуметтік типтерге бөлуде ұрпақ тәрбиелеудегі әйелдің маңызды орын алатындығын айта келіп, олардың түрлеріне талдау жасаған.
Х-ХІ ғасырда өмір сүрген әлемдегі екінші ұстаз аталған Шығыс перзенті Әбу Насыр әл-Фараби философия, әдебиет, музыка, педагогика, психология саласында сан алуан ғылыми еңбектер қалдырған. «Қайырымдылық қала тұрғындарының көзқарастары» деген трактатында қала адамдарына жеке сипаттама берген. Түркістан маңындағы Жүгінек қыстағынан шыққын Ахмет Жүгінекидің «Хибатул хақайық», (Ақиқат сыйы) атты еңбегі барлық түркі тілдес халықтарға ортақ дүние болып табылады. 500-дей өлең жолынан тұратын шығармасының бірінші бөлімінде білімділіктің пайдасы, надандықтың зияны, екінші бөлімде сөйлеу мәдениетін дамыту, үшінші бөлімде өзгермелі дүние жайында тоқталған. Аталған еңбектің алғашқы екі бөлімінде жеке адамның қалыптасуындағы әлеуметтендірудің маңызы жайында жан-жақты ашық көрсетіп берген. Сондай-ақ, орта ғасырдан бергі өзекті мәселе болып келе жатқан Ахмет Жүгінекидің айтқаны білімділіктің пайдасы кең мағынада ұлттық педагогика маңыздылығымен үндескендігін көрсетеді.
ХV ғасырдағы қазақ халқының ойшыл жиһангері Асан Қайғы жырау-жер бетіне жақсылық орнатуды армандап, халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсартуды көздеген, жерұйықты іздеуші, философ. Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі Томос Мор (1478-1575жж.) «Утопия» еңбегінде «утопия аралында барлық балаға бірдей білім беріледі. Барлық адамдар кең көлемде ана тілінде оқытылады» деген ой-армандары Асан Қайғы бабамыздың «Жерұйық»сияқты үлкен арманшыл идеясымен ұштасып, ұзара логикалық байланыста сипат алады. Сондай-ақ, Асан Қайғы адамға, малға жайлы қоныс табу, осы жағдайда адамдарды еңбекқорлыққа баулып, өз елінің, жерінің қасиетін түсінуді үгіттейді. Оның бұл идеясын «географиялық детерминизм» ұғымымен қабылдаймыз. Бұқар, Шал ақын, Ақтанберді, Үмбетей, Доспамбет сияқты қазақ жыраулары азамат болу, адамға тән барлық құндылықтарды жинақтау, ғылым мен білімді игеру, адамгершілік, моральдық ұғымдарды толық меңгеріп, кейін ұрпаққа үйрену жайында жырлаған. Дулат Бабатайұлы адамның кісілік қасиеттерін игеру оның рухани қалыптасуына, ғылым- білімнің өлшеусіз пайдасының бар екендігін айқын білді. Оқыған адамның ой-өрісінің кең болатындығын, мәдениетінің жоғарлауына, ең бастысы, кісілікке тәрбиелейтінін айтқан. «Дулат Бабатайұлының тәлім-тәрбиелік идеялары» жайында ғылыми зерттеу жұмысы жазылады. Бұл ғылыми жұмыста жеке тұлға қасиеттілігіне философиялық, психологиялық түсінік бере келіп, осы орайда Дулат Бабатайұлы айтқан психологиялық сана-сезім, мінез-құлық, дағды туралы ой-пікірлері зерттеу нысанына алынып,талданған.
Д.Бабатайұлын жеке тұлғаны қалыптастыру мүддесін қозғаушы әлеуметтік тәлім-тәрбие хақында ой толғаған ақын ретінде танимыз. Біздің ағартушылық мәдениетініміздің жарқын бастауы болып табылатын араб-мұсылмандық дәуіріндегі ойшылдардың, қазақтың этностық қалыптасуындағы даналардың сабақтастық негізделген идеялары, қоғам құрамындағы мәдениет ерекшеліктері бойынша қалыптасуы, өмірлік әрекеттер негізделген әлеуметтену мәселесі жүйеленіп тұжырымдалады.
Достарыңызбен бөлісу: |