6.2 Іс-әрекет түрлері, олардың тұлғаға прогрессивті
және регрессивті әсері
Іс-әрекеттің барлық құрылымы, жеке алғанда тек қана тұлғаның өз әрекетінен басқасы, оның дамуына тікелей және мейілінше ықпал етеді, оның қасиеттері (бағыттылығы, мінезінің сипаты, қабылеті); эмоциялық сферасы және кәсіби маңызы бар сапалары (белгілі деңгейді және іс-әрекет сапасын қамтамасыз етеді). Осы көрсетілген құрылымның жеке тұлғалық сапаға ықпалы көрінеді. Олар өз кезегінде, адамның іс-әрекетінің бейнеленуін (іс-қимылын) өзгертеді. Басқаша айтсақ, іс-әрекет құрылымының жеке тұлғаға ықпалы – бірінші орында болса, ал жүріс-тұрысы, яғни іс-қимылы – екінші сипатта болады.
Іс-әрекетті жүзеге асыру адамның білім, білік, дағдысын белгілі өзгеріске ұшыратады. Бұл өзгерістерді сипатына қарай «мінез-құлық, жүріс-тұрыс», бір сөзбен іс-қимыл деуге болады. Бұлар жеке тұлғаның практикалық іс-әрекетіндегі тиімсіз себептердің алдын алуға және оның дамуына көмектеседі. Адамның практикалық іс-әрекетіндегі бірінші ықпал мінез-құлқын, жүріс-тұрысын, ал екіншісі - тұлғалық сапаларын өзгертеді.
Жоғарыда айтылғандардың көрсетуі бойынша, кез келген іс-әрекет (бірсарындылықтан басқасы) жеке тұлғаны өзгеріске түсіреді. Ондай өзгерістердің ауқымы өте кең. Олар прогрессивті (неміс. progressiv – алға жылжу, жетістік – біртіндеп күшейеді, артады) немесе регрессивті (неміс. regressiv - қозғалыстың кері жүруі, бір нәрсе дамуының құлдырауы, кері кетуі, прогессивтілікке қарсы) сипатта болады. Адамның кәсіби іс-әрекетіндегі прогрессивті өзгеріске түсуі - бұл тұлғалық және мінез-құлық, жүріс-тұрысының, яғни іс-қимылының сапалы жетілуі, оның қызметтік міндеттерін сапалы орындау қабылетін, өзіне, іс-әрекет обьектісіне, өзінің кәсіби қызметіне, оның нәтижесіне және өзгелерге деген қатынасын жетілдіреді.
Регрессивті – бұл да маманның тұлғалық және мінез-құлық, жүріс-тұрысының өзгеруі, өзіне, іс-әрекет обьектісіне, өзінің кәсіби қызметіне, оның нәтижесіне және өзгелерге деген қатынасының кері ықпалын, терістігін білдіреді.
Адамның атқаратын іс-әрекеттері оның тек қана тұлғасын және іс-қимылын өзгерту бағытында ғана емес, қарқындылығына де ықпал етеді. Адам неғұрлым қарқынды түрде іс-әрекетке қатысса, соғұрлым оның тұлғасы мен іс-қимылы да өзгеріске ұшырайды. Сөйтіп, белгілі бір кезеңде, бұл адамның тұлғалық сапасын өзгертеді. Ол кәсіби деңгейі бойынша (осы іс-әрекетті атқару біліктілігі), өзіне, обьектіге және іс-әрекетке, өзгелерге қатысты мүлде басқа қатынас орнатады. Өзгерістің сипаты мен қарқындылығы, қарым-қатынасы және ондағы белсенділігі іс-әрекет түріне байланысты болады.
Іс-әрекет түрлері: кәсіби, педагогикалық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-реабилитациялық және т.б.
Кәсіби іс-әрекет – маманның арнайы ұйымдастырған және регламентке тәуелді іс-әрекетіне белгілі құралдарды қолдана отырып, қоғамдық маңызды нәтижені алуды алдын ала ойластыруы.
Педагогикалық іс-әрекет – ересек адамдардың қоғамдық-пайдалы әрекетінің ерекше түрі, жас ұрпақты экономикалық, саяси, адамгершілік және эстетикалық мақсатқа сай өзіндік іс-әрекетке дайындау.
Адамның әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеті өзіндік мақсаты, құралы, әлеуметтік жағдайды ескеруі және мәселелерді шешіп, нәтижеге қол жеткізуімен сипатталады.
Әлеуметтік іс-әрекет – бұл кәсіби іс-әрекеттің ерекше түрі, обьектінің (клиент) әлеуметтік мәселесін шешуге бағытталады. Әлеуметтік қызметкер субьект түрінде әрекет етеді; оның іс-әрекет обьектісі - әлеуметтік мәселелері бар, маманның көмегін қажетсінетін адам; құралдары – экономикалық, медициналық, психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық технологиялар, әдістер және педагогикалық техника.
Сонымен, кәсіби іс-әрекет жалпы іс-әрекетпен салыстырғанда өте күрделі, ол мақсатқа бағытталып ұйымдастырылатын, шартты сипатқа ие.
Достарыңызбен бөлісу: |