Әлеуметтік педагогика


Арнайы білім беру мекемелерінің әлеуметтік педагогы



бет82/90
Дата25.09.2022
өлшемі1,49 Mb.
#150614
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   90
Байланысты:
аза стан республикасы ылым ж не білім министрлігі леуметтік п

Арнайы білім беру мекемелерінің әлеуметтік педагогы – арнайы білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілерімен және олардың ата-аналарымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс ұйымдастыратын маман. Оның қызметі оқушылардың оқудан тыс әрекетін, олардың тынығуын, жеке түзетушілік дамуы мен тәрбиесіне қолдауды ұйымдастыру, ата-аналарды балалармен тәрбие жұмысына жұмылдыру, әр түрлі санаттағы мұғалімдер мен ата-аналардың тәрбиелік әлеуетін үйлестіру.
Түзету (реабилитациялық) мекеменің әлеуметтік педагогы – мекемедегі тәрбиеленушілермен және олардың ата-аналарымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастыратын маман. Оның әрекеті тәрбиеленушілердің оқудан тыс әрекетін, тынығуын,ата-аналармен жеке, әдістемелік жұмысты ұйымдастыруға, ата-аналарды өз балаларымен бағытты әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жасауға жұмылдыруға, мұғалімдер мен ата-аналардың тәрбиелік әлеуетін үйлестіруге бағытталған.
Әлеуметтік педагогтың мәртебесі – әлеуметтік педагогтың мемлекет пен қоғамдағы орныққан құқықтық және қоғамдық хал-ақуалы.
Әлеуметтік мәртебе (жеткен әлеуметтік мәртебе) – басқа адамдардан және топтардан ерекшелендіретін қоғамдағы адамдар мен топтың жайы. Құқықтық, экономикалық, кәсіптік белгілермен сипатталады және оның өзінің кәсіби әрекетіне қатысымен анықталады: оқушылар, яғни өзіндік кәсіби еңбекке әзірге даярланушы; уақытша жұмыссыздар; үй шаруашылығымен ғана айналысатындар; ақысы төленетін белгілібір дәрістері жоқтар; зейнеткерлер.
Әлеуметтік құқығын қалпына келтіруге мұқтаж кәмелетке толмағандар үшін құрылған мамандандырылған мекемелер – қиын өмірлік жағдаятқа ұшыраған, ең алдымен жетім балалар мен ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларға арналған мамандандырылған мекемелер.
Әлеуметтік құқығын қалпына келтіруге мұқтаж кәмелетке толмағандарға арналған мамандандырылған мекемелердің типтері – өмірдің қиын жағдайына түскен балалардың құқығын қорғауда белгілібір әлеуметтік қызметтер орындауға мамандандырылған мекемелер. Оларға жататындар: кәмелетке толмағандар үшін әлеуметтік құқығын қайта келтіру орталығы; балалармен жасөспірімдерге арналған әлеуметтік жетімхана; ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету орталығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет