Әлеуметтік педагогика



бет80/90
Дата25.09.2022
өлшемі1,49 Mb.
#150614
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   90
Байланысты:
аза стан республикасы ылым ж не білім министрлігі леуметтік п

Әлеуметтік мәдениет (латынша – socium- жалпы,бірлескен +мәдениет) - қауымның әлеуметтік немесе демографиялық топтардың әлеуметтенуінің мәдени қалыптасуының нәтижесін сол ортаның ерекшелігіне орай (әлеумет) бейнелейтін белгілі бір әлеуметтік ортаның (белгілі бір қауымдастықтың) мәдениеті. Мүндай қауымдастықтың жасына (балалық,жастық және т.б),кәсіби бағытына,әлеуметтік немесе демографиялық бағдарына байланысты ерекшеленеді. Көбіне «субмәдениет (мәдениеттен төмен) синонимі ретінде қолданылады.
Баланың мәдени-әлеуметтік әлемі – жасы мен өмір сүрудің мәдени-әлеуметтік ортасын көрсететін баланың әлеуметтенуінің, мәдениетті игеруінің ерекшелігі.Ол баланың қоршаған болмысы (тіршілік ортасының) қабылдау ерекшелігін, оған көңіл бөлуі және онда өзін-өзі көрсетуі, жасына сәйкес оның тұлғасының әлеуметтік өзгеру үдерісін анықтайтын педагогикалық міндеттемесі. Өзінің мәні жағынан мәдени-әлеуметтік әлем баланың типтік реакцияларын, оның нақты әлеуметтік қарым-қатынасы мен мәдениетін сипаттайды.
Тәрбиенің әлеуметтенуі – қоғамның тәрбиелік әлеуметін, негізгі факторларын және олардың адам мен әлеуметтік топтарды тәрбиелеуге ықпалын зерттейтін ғылым.
Әрекет тәсілі – әрекеттің динамикалық құрылымының бөлігі, нәтиже алуға бағытталған әрекеттің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Дамытудың әлеуметтік жағдайы – әрбір жас кезеңі үшін маңызды болып саналатын дамудың ішкі үрдістері мен сыртқы жағдайлардың ерекше үйлесуін сипаттайтын адамның психикалық өмірі. Психикалық кезеңнің қарқындылығын және оның соңында пайда болатын жаңа сапалы өзіндік психологиялық туындыларды қамтамасыз етеді. Айтылымды Л.С.Выготский енгізген.
Әлеуметтік – педагогикалық деңгей – жеке тұлғамен, топпен олардың өзіндік ерекшеліктерін, әлеуметтік орта мен әлеуметтік – педагогикалық мақсаттарының жағдайларын есепке ала отырып ұйымдастырылатын тәрбие әрекетінің деңгейі.
Әлеуметтік –психологиялық деңгей – жеке оқшау топтар және қауымдастықтар ішінде (мысалы, шығармашылық немесе кәсіптік топтар) жүргізілетін тәрбие әрекеті деңгейі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет