Әлеуметтік педагогика



бет79/90
Дата25.09.2022
өлшемі1,49 Mb.
#150614
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   90
Байланысты:
аза стан республикасы ылым ж не білім министрлігі леуметтік п

Әлеуметтік институт – қоғамда қабылданған нормалар мен құндылықтар жүйесін тұлғаның меңгеруі мен жеке адамның әлеуметтенуі жүзеге асатын әлеуметтік тәжірибиенің ерекше трансляторлары (отбасы, мектеп, еңбек ұжымдары, бейресми топтар мен бірлестіктер).
Әлеуметтік институт – белгілі бір әлеуметтік қажеттіктерді қанағаттандыруға арналған әлеуметтік рөлдер мен мәртебенің қалыптасуы (отбасы, білім беру мекемесі т.б.)
Әлеуметтік дағды – әлеуметтік мақсаттарға жету жолында басқа адамдармен лайықты байланыстар орната білу қабілеті. Әлеумекттік дағды мысалдарына түсінікті сөйлей білу, уақытты пайдалана алу және қаржыны тиімді жұмсай білу, адамдардың тілектестігін тудыра отырып оларға ықпал ету.
Әлеуметтік (ақиқатталған) тәжірибе – білім, ұстаным және мінез-құлық нормаларында, моральдық кеңестерде, салттарда, дәстүрлерде, ритуалдарда болуға тиістілер туралы түсініктерде белгіленіп жазылып қойылған адамдардың бірлескен тіршілік тәжірбиесі.
Жеке адамның әлеуметтік тәжірбиесі – адамның өмірді түсінуіне және оның түрлі көріністеріне қатынасына қарай таңбаланатын, оның нұсқаулары мен білімдерінің мазмұнын, біліктері мен дағдыларының даму деңгейлерін анықтайтын әрекеттің түрлерінде және тұлға аралық өзара әрекетке қатысу тәжірбиесі.
Әлеуметтік тәртіп – әлеуметтік өмір аясындағы адамдардың бір қалыпты әрекеті немесе мінез-құлқының жалпы нобай үлгілері.Әлеуметтік тәртіп болуы әлеуметтік өмірдің және оның үнемі дамуын белгілеп отыруды қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік қызметтер – өзінің қызметін және кәсіби міндеттеріне сәйкес адамға,отбасына немесе топқа олардың туындаған мәселелеріне қарай әлеуметтік жұмыстың, әлеуметтік көмектің, әлеуметтік қызметтің барлық түрін ұйымдастыратын маман.
Әлеуметтік дәйек (факт) – қоғамның өзі ақиқат шындық болып табылады, ал оның элементтері адамның мінез-құлқына,тәртібіне ықпал жасайды.Терминді Дюркгейм енгізген.
Әлеуметтік-мәдени сыпайылық – кейде «дәстүрлілік» деп аталатын дәстүрлі әлеуметтік және адамгершілік тәртіп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет