Әлеуметтік педагогика



бет76/90
Дата25.09.2022
өлшемі1,49 Mb.
#150614
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   90
Байланысты:
аза стан республикасы ылым ж не білім министрлігі леуметтік п

Әлеуметтік-мәдени сала - кәсіби қызметкерлер күшімен жасалған мәдениет қоғамның барлық мүшелерінің игілігіне айналатын оның өмір тіршілік саласы. Әлеуметтік мәдени салаға кәсіби мәдениеттің әртүрлі салалары, өкілдері жасаған көпшілік ойын-сауық мекемелері, кітапханалар, мазмұнды демалыс орындары, сәулет өнері ескерткіштері және ортаның басқа элементтері кіреді.
Әлеуметтік-психологиялық ахуал – жеке тұлғаның жеке тұлғаның топ ішіндегі өнімді бірлескен әрекетіне және жан-жақтыдамуына оң әсер етуші немесе кедергі келтіруші психологиялық жағдаяттар жиынтығы.Жайлы әрі қолайлы ахуалдық маңызды белгілері: топ мүшелерінің бір біріне сенімі және талап қойәғыштығы; тілектестігі және іскери сын; өзінің бағыныштыларына басшылардың қысым көрсетуі; ұжым мүшелерінің оның міндеттері туралы жеткілікті деңгейде хабардар болуы.
Әлеуметтік – психологиялық құзіреттілік (латынша competens – сәйкес,қабілетті) – жеке адамның өзін қоршаған адамдармен тұлға аралық қатынастар жүйесінде тиімді өзара әрекеттесу қабілеті.
Әлеуметтік - психологиялық тренинг – мүгедектердің коммуниктивтік қабілеттерін, рефлекстерін, дағдыларын өзін және айналасындағыларын сәйкес теңбе-тең қабылдай алу білігін дамыту бағытында, тұлғаны дамыту мақсатында және топтық қарым-қатынастарды жетілдіру үшін топішілік өзара әрекеттерді арнайы әдістеме арқылы ұйымдастыру.
Кәмелетке толмағандарға арналған әлеуметтік-реабилитациялық орталық – қала немесе аудан аумағында қауіп-қатер тобындағы балалар мен мінезінде ауытқушылық бар және әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік бейімделгіш емес балалармен алдын ала сақтандыру және олардың құқығын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізетін кәдімгі амбулаториялық типтегі арнайы балалар мекемесі құрылымында стационарлық бөлім де немесе жетімханада болуы мүмкін. Әлеуметтік бейімделмеген балдарды және жасөспірімдерді қайта қалпына келтіру мақсатында орталық олармен диагностикалық, сауықтыру,түзету және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді, оларда танымдық, еңбек,ойын, денешынықтару әрекетіне тартады. Орталық өз жұмысында тәрбиеленушілердің отбастарымен, мектептермен және басқа оқу-тәрбие мекемелерімен өзара әрекет жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет