Әлеуметтік педагогика



бет74/90
Дата25.09.2022
өлшемі1,49 Mb.
#150614
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   90
Байланысты:
аза стан республикасы ылым ж не білім министрлігі леуметтік п

Әлеуметтік қорғалу – қоғамның әрбір мүшесіне оның маңызды әлеуметтік-экономикалық құқықтарын, оның ішінде қалыпты халықтың ұдайы өсуін қамтамасыз ету құқығын іске асыруды қамтамасыз ететін әлеуметтік және заңдық кепілдіктер жиынтығы.
Әлеуметтік инфрақұрылым – (латынша infra – астында + structura –құрылым, орналасу) – азаматтардың әлеуметтік сұраныстарын қанағаттандыру мен олардың әлеуметтік құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар мен мекемелер, олардың материалдық және нормативті-заңнамалық базасы.
Әлеуметтік қолдау – өмірлік сұраныстарын қанағаттандыруда көмек қажет ететін қоғамдағы «әлсіз» топтардың, жеке отбасыларының, балалардың талапқа сай өмір сүруді орнату және қолдауға, олардың өмірлік өзін-өзі анықтауына көмек көрсетуге бағытталған арнайы әлеуметтік шаралар кешені.
Әлеуметтік жұмыс – жеке ең алдымен, әлеуметтік жағынан жәбірленген тұлғалардың және қоғамдық топтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, олардың әлеуметтік қызмет етуіне қабілетін қайта келтіруге немесе жоғарылатуға бағытталған кәсіби әрекеттің біріккен, пәнаралық түрі; адамның әлеуметтік қажеттіктерін қанағаттандыру әрекеті түрлерінің жиынтығы (кәсіби және кәсіби емес, қызметтік және өз еркімен).
Әлеуметтік қызмет – әлеуметтік қызмет көрсететін меншік формасына бағынышсыз кәсіпорындар мен мекемелер; халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін кәсіпкерлік қызметпен айналысушы заңды емес тұлғалар; адамдардың өмірлік тіршілік әрекетінің барлық негізгі салаларын бейнелейтін белгілі бір жүйе ретінде әлеуметтік жұмыстың ұйымдастырушылық формасы; мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың халыққа әлеуметтік қызмет пен көмек көрсетуін іске асыратын арнайы шаралар жүйесі, мұқтаж азаматқа (отбасына, азаматтар тобына) күрделі өмірлік жағдайды жеңуге белсенді өзіндік қөмек ұйымдастыра отырып бағыттайды, сонысымен қоғамда әлеуметтік үйлесімділікті орнатуға және қолдауға септігін тигізеді. (анықтама В.А.Луковтікі).
Әлеуметтік өзара әрекеттестік – бір - біріне әсер етуге қол жеткізетін адамдардың күш жігері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет