Әлеуметтік педагогика


Әлеуметтік педагогикадағы кірісу –



бет70/90
Дата25.09.2022
өлшемі1,49 Mb.
#150614
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   90
Байланысты:
аза стан республикасы ылым ж не білім министрлігі леуметтік п

Әлеуметтік педагогикадағы кірісу – өзге адамдарды тәрбиелеуге бағытталған коррекциялық мақсатты көздеп, оқушының, тәрбиеленушінің мүддесін қорғауға тікелей араласу. Мысалы, әлеуметтік педагогтың баланың құқын қорғау үшін оның тәрбиесіне араласуы; балалардың өзара қарым-қатынастарына кейбір адамдардың педагогикаға жат әрекет көрсетіп араласуы.
Әлеуметтік себепті назар аудару – оқу-тәрбие барысында ынта-ықылас қою, мінез-құлықтың еріктік сапасымен байланыс ты обьектілерге саналы түрде көңіл бөлу.
Әлеуметтік топ – екі немесе онан көп адамдар тобы, бір-бірімен ынтымақтасып, өзіндік қарым-қатынас моделін құрады.
Әлеуметтік педагогтың гуманистік құндылықтары – гуманды сипаттағы құндылықтар, әлеуметтік педагог тұлғасы мен әрекетін анықтайды. Мәселен, адам тұлғасының құндылығын қайталанбайтын индивидуальдық және шығармашылық мән екендігін саналы түсіну, тұлғаның жан-жақты дамитынын мойындау, тәрбиеленушіні өзін-өзі кутуге, қоғамда өз орнын табуға қалыптастыратын әлеуметтік-педагогикалық қызметтің маңызды мақсатын түсінуі; әлеуметтік педагогиканы, яғни өзі таңдаған кәсібін саналы және эмоцияналды қабылдауы, әлеуметтік педагог қызметінің шығармашылық сипатын түсініп, оның ауқымды нерв-психикалық күшті және өзін үнемі жетіл діруін талап ететінін білу.
Әлеуметтік қозғалыс – түрлі топтардың бірігіп жасайтын әрекеттері: ортақ мақсат; ортақ құндылықтар; мүшелердің іс-әрекетін реттейтін және шектейтін ортақ қалыптар; биресми көшбасшының рөлі әлеуметтік қимылға байланысты өзгеріске
Әрекет – адамның мақсатты бағыттағы (теориялық немесе практикалық) қызмет атқаруы, оның нәтижесі, шарты және қозғалыс тәсілімен реттелуі.
Әлеуметтік әрекет - уақыт пен кеңістікте шектелген әлеуметтік субьектінің әлеуметтік жағдайды қажетті арнаға бұруының нақты әрекеттік актісі. Ол басқа индивидтердің іс-қылықтарын өзгеруге бағытталып, мынаны ескереді: әрекет етуші адам; әрекет обьектісі, пәні; құралы немесе құралдары, әдістері, технологиялық әрекеттері; обьектінің реакциясы; әрекет нәтижесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет