Әлеуметтік адаптация – адамның қоғамда қалыптасқан мақсаттар мен құндылықтарды, қалыптар мен іс-қимыл стилін қабылдап, әлеуметтік ортаға (өмірлік іс-әрекеттік ортаға) белсенді бейімделуі.
Әлеуметтік ақпарат – әлеуметтік ағзаның орнықты жұмыс істеуі үшін қажетті ақиқат мәліметтер жиынтығы; қоғамның әртүрлі институттарының жағдайлары мен өзара іс-әрекеті, адамдардың нақты іс-әрекеттерінің олардың саналарының дамуымен байланысы және қоғамдық сананың қоғамдық практикаға қайта әсері туралы білім жиынтығы.
Әлеуметтік бақылау функциясы - әлеуметтік жүйенің орнықтылығы, әлеуметтік тұрақтылығы, жүйедегі оң өзгерістер үшін жағдайлар жасау. Ә.Б. - индивидтің мінез-құлқына көптеген реакциялар арқылы іске асырылады: ұйымдарға, топтар мен ұжымдардың мүшелеріне, ұйымдаспаған әлеуметтік өзара әрекеттің /мысалы тобырдың/ қатысушыларына мақсатты бағытталған және стихиялық әлеуметтік санциялар қолдануы, билік механизмі.
Әлеуметтік жанжал - әлеуметтік объектілердің қарама-қайшы әрекеттерімен сипатталатын, олардың қажеттілігі, мүдделері, мақсаттары, сол сияқты әлеуметтік статусы, рөлдері мен функцияларының қайшылықтарымен ескертілген әлуметтік іс-әрекеттердің түрі. Ә.ж. тұлғааралық, тұлғалық-топтық, ішкі және ұжымаралық, корпоративтік, партиялық, таптық, этникалық, аймақтық болып бөлінеді.
Әлеуметтік-педагогикалық инновация - әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттегі жаңа енгзілім, оқыту және тәрбиелеу технологиясы мен мазмұнына олардың нәтижелілігін көтеру мақсатында енгізілетін жаңашыл өзгеріс.
Әлеуметтендіру институты – адамдардың өмір сүру іс-әрекетін ұйымдастырудың тұрақты нышандары, ол белгілі бір әлеуметтік рөлдерді орындау үшін мінез-құлық нормаларын, құндылықтарын және үлгілерін бекітуші, белгілеуші және таратушы болып табылады. Оларға: мемлекет, шіркеу, саяси партиялар, жанұя, әртүрлі ұйымдар мен одақтар жатады. Бала үшін жанұя мен мектеп ең маңызды болып табылады.
Әлеуметтік институт – әлеуметтік практиканың салыстырмалы түрде тұрақты түрлері мен формалары, ол қоғамдық өмірді ұйымдастырады және қоғамды әлеуметтік ұйымдастыру аумағында байланыстар мен қарым-қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Оның іс-әрекеті: мінез-құлықтың белгілі бір (тиісті) түрлерін реттейтін арнайы әлеуметтік нормалар мен ұйғарымдарының жиынтығының болуымен; белгілі бір институттың іс-әрекетінің формальдық-құқықтық негізін заңдастыруға, іс-әрекеттің институционалдық типтеріне әлеуметтік бақылауды іске асыруға мүмкіндік беретін қоғамның әлеуметтік-саяси, идеологиялық және құндылық құрылымдарына оны интеграциялаумен; әлеуметтік бақылауды іске асыруды және нормативтік ұйғарымдарды табысты орындауды қамтамасыз ететін материалдық құралдар мен шарттардың болуымен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |