Әлеуметтік педагогика



бет75/90
Дата25.09.2022
өлшемі1,49 Mb.
#150614
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   90
Байланысты:
аза стан республикасы ылым ж не білім министрлігі леуметтік п

Әлеуметтік тәрбие – адам тұлғасының әлеуметтік дамуының, әлеуметтік қалыптасуының мақсатты бағытталған басқару үдерісі; отбасы мен қоғамда қалыптасқан адамгершілік қарым-қатынастарды, құқықтық, экономикалық, азаматтық және тұрмыстық қарым-қатынастарды меңгеру және қабылдау; жеке тұлғалық-әлеуметтік мәселелерді есепке ала отырып адамды бағытты тәрбиелеу және оның өмір сүретін ортасының әлеуметтік қажеттіліктеріне сай қалыптастыру.
Әлеуметтік қарсы шығу, әрекет жасау – адамның әлеуметтік нормадан ауытқуының табиғатын түсіндеретін теориялар.
Әлеуметтік әрекет (қимыл) – басқа адамдарға қатысты, олардың мінез-құлқын түсіну мен түсіндіруді ескеретін әрекет.
Әлеуметтік денсаулық – жеке тұлғаның өзіне, өзінің орнына және әлеуметтік, физикалық және психикалық сипаттамасының оңтайлылығын көрсететін қарым-қатынас.
Әлеуметтік қамтамасыз ету – адамдардың әлеуметтік, экономикалық, білімдік және т.б.қажеттіліктерін қанағаттандыруда адамдарға көмек беруге бағытталған төлемдердің, қызметтердің бағдарламаларының ұлттық жүйесі; қауым мен қоғамның ұжымдық жақсы тұрмысының хал ахуалы.
Әлеуметтік кеңістік – қоғамдық тіршілік қарекетін ұйымдастырудың әлеуметтік формаларының таралу салалары, адам қауымының өміріндегі әлеуметтік қарым-қатынастардың қызмет ету өрісі.
Әлеуметтік даму - қоғамдық өмір саласында немесе оның жеке бөліктерінде әлеуметтік қарым-қатынастарды, әлеуметтік институттардағы мәнді сандық және сапалық өзгерістер үдерісі; адамның әлеуметтік тәжірбиені меңгеру үдерісі.
Әлеуметтік ахуал (көңіл күй) – құндылықтарға, бағдарларға, әлеуметтік нұсқауларға, ниет-талаптарына негізделген, өмірлік мұратымен сәйкестендірілген өмірлік жағдаятты ұғыну және бағалау.
Әлеуметтік сапа – басқа адамдар мен тұтас қоғамның қажеттіліктері мен құндылықтарын жеке адамның сезінуі, осы қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған әрекеттермен қатарласа бірге ере жүреді.
Тұлғаның әлеуметтік қалыптасуы – үдеріс және нәтиже ретінде қарастырылады. Үдеріс ретінде тұлғаның әлеуметтік қалыптасуы адамның әлеуметтік кәмелеттікке қол жеткізген тұлға ретінде қалыптасуын анықтайтын әлеуметтік даму динамикасы; тәрбие, білім беру және өзін өзі тәрбиелеу үдерісінде іске асады. Тұлғаның әлеуметтік қалыптасуы нәтиже ретінде – адамның әлеуметтік қабілеттілігіне өзін қоғамда тұлға ретінде сезінуін, өз бетінше мақсаттар анықтап оларға жете алатын, өз абыройын сезіуінің дамығандығын, қоғамдағы өз орнына сенімділігін көрсеткен әлеуметтік дамуының деңгейі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет