Әлеуметтік педагогика


Әлеуметтенуге қарсы институттар



бет73/90
Дата25.09.2022
өлшемі1,49 Mb.
#150614
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   90
Байланысты:
аза стан республикасы ылым ж не білім министрлігі леуметтік п

Әлеуметтенуге қарсы институттар – жасөспірімдердің бейресми топтары, маскүнемдер қауымдастығы, сондай, адамгершілікке жат қылықтағы, күнделікті қарым-қатынастар бейнесі маскүнемдік, арамтамақ, жатыпішер, жанжалдар және төбелестермен сипатталатын отбасылары.
Тұлғаны әлеуметтендіру – әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды меңгеру үдерісінде қоршаған ортамен өзара іс-қимыл, сондай-ақ, өзі өмір сүретін қоғамда өзін-өзі дамытудағы табыстылығы, әлеуметтік белсенділігін әлеуметтік қарым-қатынас жағдайындағы іс-әрекетті жүзеге асыратын дайындығы. Әлеуметтендіру тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін ешкім жоспарламаған тосын жағдайларды да, стихиялық жиынтығын да, әлеуметтік топтарға индивидтердің ену процесін қамтиды.
Әлеуметтік кеңістікте тұлғаны әлеуметтендіруді жүзеге асыру – бір әлеуметтік топтан екінші әлеуметтік топқа ауысуда баланың бүкіл өмір салаларын мойындап, қазіргі мәдениеттің жоғары жалпы адамзаттық құндылықтарға бағыт беретін ортақ әлеуметтік кеңістік болып табылады.


Әлеуметтік диагностика – тұлғаның топтың әлеуметтік себептері мен мінез-құлықтарын оқып зерделеу. Қоғамдық өмірдің үдерістері мен құбылыстарының әлеуметтік себеп-салдарларын іздестіру. Әлеуметтік диогностиканың негізігі мақсаты – әртүрлі салаларды әрекеттер факторларының әлеуметтік мазмұнын анықтау, адаммен, топпен әлеуметтік, әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдіснамасы мен әдістемесінің жасаудың ғылыми негіздерін құру.
Әлеуметтік динамика – (латынша әлеуметтік + грекше dynamis - күш)- әлеуметтік құбылыстардың, прогресс себептерінің өзгеруі және бірізділігі. Прогрестің бағыттылығы қоғамдағы тұтас сақтау мен әлеуметтік тәртіпті қамтамасыз ететін тұрақты құрылымдарды зерттеуші әлеуметтік статистикаға қарама-қарсы болып келеді.
Әлеуметтік қамқорлық – әуелі өзара қарым-қатынастарға негізделген кәдімгі және түрлі төтенше мәселелері бар адамға әлеуметтік көмектер көрсетуді қамтамасыз ету.
Әлеуметтік қорғау – халықтың жеке топтарының құқықтық және экономикалық мәртебесінде туындайтын әлеуметтік қайшылықтарды барынша азайтуға бағытталған қоғамның тұрақтандыру жөніндегі реттеуші жүйесі. Мемлекет өз азаматтарын қалыптағы өмірдегі қауіп-қатерге әкелетін ауру, жұмыссыздық, асыраушының өлімі, қарттық, мүгедектік сияқты жәйттерден әлеуметтік тұрғыдан қорғайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет