Әлеуметтік педагогика


Әлеуметтендіру көрініс ретінде



бет72/90
Дата25.09.2022
өлшемі1,49 Mb.
#150614
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   90
Байланысты:
аза стан республикасы ылым ж не білім министрлігі леуметтік п

Әлеуметтендіру көрініс ретінде – адамның жасы мен әлеуметтік дамуын есепке ала отырып, нақты қоғамдастық қатынастар жүйесіндегі әлеуметтік реакциясы. Көрініс арқылы адамның әлеуметтік даму деңгейін, әлеуметтендірілгенін байқайды.
Әлеуметтендіру нәтиже ретінде – жасы немесе даму деңгейіне сәйкес адамның әлеуметтік орнығуының сипаттамасы. Бала әлеуметтік даму барысында өз құрдасынан артта қалып немесе ауып кетуі мүмкін. Бұл қатынасты әлеуметтендіру нәтиже ретінде баланың өз құрдастарына қатынасы бойынша сипаттайды.
Әлеуметтік – педагогикалық зерттеудің мақсаты – әлеуметтік педагогикалық құбылыстардағы себеп – салдарлы байланыстар мен заңдылықтарды анықтау және солардың негізінде теориялар мен әдістемелерді даярлау.
Алғашқы әлеуметтену – отбасындағы жеке адам қамтамасыз етілген қоғамның құндылықтарымен және тәртіп (мінез-құлық) формаларымен танысу. Алғашқы әлеуметтену өркениетті өмірдің негізін құрайтын негізгі аттитюдтер мен әлеуметтік дағдыларды меңгерумен ұқсастырылады, байланыстырылады.
Қайта әлеуметтену – жеке адамның дағдарысқа, жарақатқа, өмірлік жағдайдың өзгеруіне байлансты оған таныс емес мәдениетке және қоршаған дүниеге енуге дайындығы. Мысалы, арнайы мектепте болып қайтқан жасөспірім. Арнайы құқығын қалпына келтіру мекемелерінде балалар жаңа әлеуметтік қоршаған өмірді, адамдармен қарымқатынастың жаңа жүйесін, жаңа әлеуметтік нормаларды меңгереді.
Әлеуметтенудің сатылары (кезеңдері) – еңбек еткенге дейінгі (ерте әлеуметтену мектепке дейін, оқыту сатысы), еңбектік (жоғары мектеп сатысы, еңбек ұжымы сатысы),еңбек еткеннен кейінгі. Адамның әлеуметтену сатыларын (кезеңдерің)бөлуге басқа да тәсілдер, көзқарастар бар, мысалы жасына орай: алғашқы балалық, балалық, бозбалалық, кәмелеттік.
Әлеуметтенуге қарсы жанама ықпалдар – балаларды әлеуметтендіруге қажет жетекші тетіктер мен тәсілдерді іске қосуға жағдайлары жоқ қажетті деңгейде ұйымдастырылмаған тәрбиелеуші ортаның әсер етуі.
Әлеуметтенуге қарсы тікелей әсерлер – баланың ең жақын қоршаған ортасында қоғамға қарсы нормалар мен құндылықтарды, сондай-ақ, әлеуметтенуге кері типті тұлғаны қалыптастыратын топтық ұйғарымдар және сыртқы мінез-құлықты реттеушілерді көрсететін әлеуметтенуге қарсы мінез-құлықтың, бағдарлар мен сенімдердің үлгілері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет