Әлеуметтік қызметкердің педагогтік мәдениеті – клиентпен адами қарым – қатынасты дамыту мүддесінде, өз еңбегінің нәтижелігіне қол жеткізу үдерісі кезінде оның бойында адами факторды жандандыру мақсатында әлеуметтік сала маманында кәсіби іс- әрекеттегі педагог.
Әлеуметтік педагог этикасының кодексі – әлеуметтік педагогтың адамгершілік мінез-құлқы мен кәсіби іс-әрекетінің талаптары мен ережелерінің жүйесі. Оған: мінез-құлық пен қарым-қатынас мәдениеті; педагогикалық такт; клиенттің жасына, ұлтына, жынысына, дініне қарамастан оның жеке басын құрметтеу; клиенттің жеке ерекшеліктері мен өзінің педагогикалық мүмкіндіктері ескерілген кәсіби адалдық пен объективтілік; клиенттен және оның ата-анасынан алынған мәліметтерді құпия сақтау, өз іс-әрекеті мен оның салдары үшін этикалық жауапкершілік; клиентпен жұмыста оның мүдделерінің басымдығы және оған қарама-қайшы келетін әрекеттен аулақ жүру; егер жеткіліксіз немесе тіпті зиянды болып табылатын жағдайда әлеуметтік педагогикалық іс-әрекетті тоқтату.
Әлеуметтік педагогикадағы түзету -жанұядағы, білім мекемесі, тынығу орталықтарында және т.б. тәрбиелік іс-әрекет, баланың әлнуметтік дамуы мен тәрбиесі үдерісімен нәтижесін түзетуге бағытталған әлеуметтік-педагогикалық іс-шаралар жүйесі.
Әлеуметтік шебер-педагог – адамдардың әр түрлі санаттарымен әлеуметтік –педагогикалық жұмыстың мазмұны мен ерекшелігін терең білетін, ғылым немесе өнердің тиісті салаларымен жақсы таныс, жалпы және педагогикалық психологияны іс жүзінде талдағыш, әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің технологиясы мен әдістемесін кемелінде иеленген жоғары мәдениетті маман.
Әлеуметтендіруге дайындық – жоғары тұратын әлеуметтік топқа жақын мүшелердің тәртіпке бағытталған және болашақта оған қосылу есебінде өз тәртібін өзгерту.
Әлеуметтік ықпал – индивидтің, топтың, басқа қауымның білімін, мінез-құлық қалпын немесе эмоциясын ықпал арқылы өзгерту. Оның түрлері: міндеттеу (қысым көрсету, қолдамаса жазаға тарту); марапаттау ( қолдау көрсеткені үшін марапаттау –қысым көрсету құралы); легетимділік (заң жүзінде қолдау); ақпараттық және сараптамалық (сенімге негізделген және құзыретті көздердің ықпалынан); референттік (субьект ықпалына сәйкесуге негізделген).