Әлеуметтік педагогика



бет77/90
Дата25.09.2022
өлшемі1,49 Mb.
#150614
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   90
Байланысты:
аза стан республикасы ылым ж не білім министрлігі леуметтік п

Әлеуметтік өзгерістер – қоғам немесе оның жеке қырларының бір күйден екінші күйге көшу нәтижесін бейнелейтін үдерістер.Әлеуметтік өзгерістер белгілі бір уақыттағы нормалармен құндылықтарды қамтитын мінез-құлық үлгілері мен мәдениеттегі мәнді өзгерістерді бейнелейді.
Әлеуметтік дағдылар (міндеттер) – адамның өмір жолында меңгеретін және қоғамдағы өмірінде пайдаланатын әлеуметтік өзара әрекеттестіктің тәсілдерінің жиынтығы.
Әлеуметтік ауытқулар – ұқсас әлеуметтік жағдайларда белгілі бір бұқаралық, тұрақтылық және пара алушылықпен сипатталатын әлеуметтік нормаларды бұзушылық. леуметтік нормадан ауытқулар нақты өмірлік жағдаятпен әлеуметтік нормалар (белгілі бір тәртіпті қолдаушылар немесе тиым салушылар) арасындағы қайшылықпен шартты байланыста, өйткені оларды жеке адам тұрғысынан басқа жолмен шешілмейтіндей болады.
Адамның әлеуметтік құқықтары – адамның немесе нақты мемлекеттің азаматтарының ғана мемлекеттен белгі бір жағдайда белгілі бір материалдық игіліктерді алуға үміттенуіне мүмкіндік беретін конститутцияның құқықтарының жиынтығы.Оларға әлеуметтік қамтамасыз етілу құқығы, білім алу құқығы, денсаулығын сақтау және медициналық жәрдем алу құқығы, тұрғын үй құқығы, балалардың ерекше құқықтары және мүгедектердің құқықтары жатады.
Әлеуметтік мәселелер – кейбір адами құндылықтарды, адамның әлеуметтік амандығын бұзуға әкелетін, әлеуметтік реакцияға жетелейтін өмір жағдайлары. Олардың себептері орталық (жағдаяттың), тұлғалық (жеке ерекшеліктермен байланысты), әрекеттік (тұлға белсенділігімен, әрекетімен шартты байланысты) болуы мүмкін. Жеке адамдарға немесе қоғамға жағымсыз әсер ететін болғандықтан түзетуге мұқтаж деп танылған ерекше құбылыс.
Әлеуметтік байланыстар (дәнекерлер) - (әлеуметтану) нақты кеңістік пен уақытта белгілі бір әлеуметтік мақсаты бар жеке адамдар мен олардың топтары арасындағы өзара әрекеттесу байланыстары. Екі немесе бірнеше әлеуметтік құбылыстармен және осы құбылыстардың белгілері арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Бұл тәуелділіктің ортақ элементтері ретінде жағдаяттық факторлар мен жеке адамдардың тұлғалық ерекшеліктері, сондай-ақ, қоғамда мойындалған институционалдық әлеуметтік әрекеттерге және адамдардың өзара әрекетіне шектеулер қоятын әлеуметтік бақылау құралдарының жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет