18.4 Әлеуметтік қызметкердің педагогикалық мәдениетін арттыру жолдары
Әлеуметтік қызметкердің әлеуметтік педагогикалық мәдениетін қалыптастырудың жолдары өте көп.
Бірінші жолы- маманның жалпы мәдениетін жоғарылатуға жағдай жасау. Себебі ол жеке тұлғаны анықтайды және оның педагогикалық мәдениетінің көрінуіне көмектеседі.
Екінші жолы- әлеуметтік қызметкердің жеке педагогикалық тәжірбиесін кеңейту және тереңдету. Оған енетіндер:
а) маманның медицина, психология, педагогика және әлеуметтік саладағы теориялық дайындығын көтеру. Бұл білімдер маманның педаогикалық дайындығын сипаттайды және жұмыстағы кәсіби құзіреттілігін анықтауға мүмкіндік береді;
б) маманға әлеуметтік салада практикалық қолдануға қажетті педагогикалық технологияларды, әдістер мен әдістемелерді, тәсілдер мен құралдарды меңгеру;
в) педагогикалық техниканы дамыту, бұл маманға әлеуметтік жұмыс кезінде өзінің педагогикалық мүмкіндіктерін толық жүзеге асыруына жағдай жасайды: өз-өзін басқарудың, адамға вербальды және вербальды емес әсер ету біліктерін, қарым-қатынас және сөйлуе мәднениетін жетілдіру;
г) әлеуметтік салада өзінің педагогикалық дайындығын жүзеге асыру тәжірибесін жинақтау.
Үшінші жолы- әлеуметтік жұмыс үдерісінде әлеуметтік педагогикалық дайындықты барынша белсенді қолдануға жағдайлар жасау .
Төртінші - әлеуметтік жұмыс үдерісінде педагогикалық аспектілерді жүзеге асыру барысында маманның өз дербестігін көрсете алуы.
Бесінші - өз тәжірибесінде педагогикалық дайындығын белсенді жүзеге асыратын жетекші мамандар тәжірбиесін зерттеу және қолдану.
Алтыншы- әлеуметтік қызметкердің педагогикалық және кәсіби өз-өзін жетілдірудегі табандылығы мен мақсаттылығын қамтамасыз ету.
Әлеуметтік сала қызметкерінің әлеуметтік педагогикалық мәдениетін дамытудағы басты роль оның өзіне қатысты . «Педагогтың кәсіби өзіндік білім алу мәдениеті» деген ұғым да бар (Г.М. Котжасперова). Өз бетінше білім алу мәдениеті болашақ әлеуметтік қызметкер бойында, оқу орнында білім алу, кәсіби беку жағдайында қалыптасады. Ол жас маманның қызметке бейімделу кезеңінде, оның кәсіби іс - әрекеті үстінде дами түседі.
Жоғарыда айтылған жолдардың бәрі әлеуметтік сала қызметкерінің педагогикалық мәдениетінің арттыру проблемаларын жекелей шеше алмайды, тек кешенді түрде және маманның өзінің қызығушылығы ғана оның әлеуметтік педагогикалық мәдениетін көтеру проблемасын шешуге ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |