Әлеуметтік педагогика


Әлеуметтік қызметкердің педагогикалық мәдениеті көріністерінің типтік деңгейлері



бет64/90
Дата25.09.2022
өлшемі1,49 Mb.
#150614
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   90
Байланысты:
аза стан республикасы ылым ж не білім министрлігі леуметтік п

18.3 Әлеуметтік қызметкердің педагогикалық мәдениеті көріністерінің типтік деңгейлері

Арнайы әдебиеттерде адамды сипаттайтын педагогикалық мәдениет деңгейлері аталып өтіледі. Әлеуметтік қызметкерге қатысты бұл деңгейлерді былайша анықтаймыз:


әлеуметтік педагогикалық мәдениет дамуының жоғары деңгейі әлеуметтік педагогикалық іс-әрекетке бейім, оны жүзеге асыру тәжірбиелерін терең меңгерген, педагогикалық өз-өзін жетілдіруге мүдделі және бұл тәжірибені күнделікті кәсіби іс-әрекетте белсенді шығармашылықпен жүзеге асыратын маманға тән. Мұндай маман өз тәжірбиесінде жоғары нәтижелерге қол жеткізеді, сондықтан клиенттер онымен қарым-қатынаста ризашылық сезімде болады.
Орта деңгей әлеуметтік педагогикалық іс әрекетке биім нақты тәжірбие жинақтаған педагогикалық өзін –өзі жетілдіруді үнемі жүзеге асыратын,өз тәжірбиесін кәсіби іс әрекетте белсенді жүзеге асыратын маманға тән.Мұндай әлеуметтік қызметкер жұмысының педагогикалық аспектісі клиентпен байланыс орнатуға көмектеседі және жетістіктерде байқалады.
Төмен деңгей әлеуметтік қызметтегі педагогикалық аспектінің маңызын сезінбеген, кәсіби іс-әрекетке жай қызмет ретінде ғана қарайтын маманға тән .Онымен клиент қарым-қатынаста қанағаттанбаушылық сезімде қалады.
Маманның «өзгерген» мәдениетінің әр түрлері бар. Ол маманның бұрын алған тәрбиесі және кәсіби дайындығының деңгейімен анықталады. Бұндай мәдениеттің көріну формалары әртүрлі: дөрекіліктің байқалуы, клиентті сыйламаушылық т.б. Бұндай әлеуметтік қызметкерлерді екі топшаға бөлуге болады: қоғамда және адамдармен жұмыс істеуде өзін-өзі көрсетуі үшін қарапайым тәрбие алмағандар (олардың кейбіреуіне әлеуметтік жұмыспен айналысуына мүлде болмайды); бұрыс кәсіби білім алғандар (олардың ұстаздарының өзі маманның өзгерген типі).
Кейде әлеуметтік қызметкердің мәдениетінің деңгейін анықтауға оның әлеуметтік жағдайы: жас маман, кәсіби әрекетте бейімделу кезеңінен өткен, тәжірибесі мол тағы басқаларды негіз етіп алады. Мұндай көзқараспен келісу қиын. Адамның мәдениет деңгейі оның жасы мен әлеуметтік жағдайы ескере отырып бағаланады. Мысалы оқу орны түлегі жас маман мәдениетін меңгереді, сондықтан осыған сәйкес бағалануы тиіс, бірақ оның кәсіби деңгейі өскен сайын оның мәдениет деңгейін бағалайтын өлшемдер де жоғарылай түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет