Әлеуметтік педагогика


Әлеуметтік қызметкердің жағымсыз өзгеруінің алдын-алу және жою жолдары



бет60/90
Дата25.09.2022
өлшемі1,49 Mb.
#150614
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   90
Байланысты:
аза стан республикасы ылым ж не білім министрлігі леуметтік п

Әлеуметтік қызметкердің жағымсыз өзгеруінің алдын-алу және жою жолдары

Әлеуметтік қызметкердің кәсіби өзгеруінің мәні мен мазмұнын қарастыру оның кәсіби өзіндік жетілуін, жағымсыз өзгерулердің алдын алу мен жою проблемаларын алға тартады. Бұл мәселелерді шешу мамандардың кәсіби мәдениетін көтеру және олардың кәсіби ұзақ жасауына жағдай жасайды. Маманның кәсіби ұзақ өмір сүруі оның кәсіби міндеттерді ұзақ уақыт бойы жоғары дәрежеде шеше алу қабілетінің сапалық сипаттамасы. Бұл кезеңде ол өзінің кәсіби қызметі бойынша жоғары нәтижені қамтамасыз ететін кәсіби құзіреттілікті, білік пен дағдыны және денсаулықты сақтайды.


Өмірлік маңызды проблеманы шешу үшін төмендегі бағыттар айқындалады:
- Маманның кәсіби өзін-өзі жетілдіруін ынталандыру;
- Болашақ маманды жағымсыз кәсіби өзгерудің алдын-алуға дайындау;
- Маманның жағымсыз өзгеруінің алдын-алуды қамтамасыз ететін кәсіби іс- әрекеттің барынша оңтайлы жағдайларын жасау;
- Маман тұлғасының жағымсыз кәсіби өзгеру құбылыстарын жою.
Маманның кәсіби өзін-өзі жетілдіруін ынталандыру.
Бұл бағытты жүзеге асыру үшін маманның адамгершілік кәсіби мәдениетін көтеруге арналған іс әрекеттерді жүзеге асыру керек. Оған жататындар:

  1. Әлеуметтік кызмет мамандығының әлеуметтік мәртебесін көтеру. Бұл проблема жалпы мемлекеттік және ортақ сипатта.

  2. Әлеуметтік қызметкердің жоғары жағымды әлуметтік мәдениетін қалыптастыру және оны сақтау, жоғарылату. Бұндай іс-әрекет мектептерде, оқу орындарында, әлеуметтік педагогикалық іс-әрекет орталықтарында маманның тәжіриебесі мен жеке мәртебесін ескере отырып жүргізетін кәсіби бағдар жұмысында іске асады.

  3. Жас әлеуметтік қызметкерлерге олардың кәсіби іс- әрекетке бейімделуі жұмыстың бас кезіндегі қиындықтары жеңуге, практикалық іс-әрекет тәжірибесін меңгеруге көмек беретін жұмыстар жүйесі.

  4. Маманның кәсіби құзіреттілігін жоғарылату.

  5. Іс-әрекетттің адамгершілік кәсіби мәдениетін дамытуға ықпал ететін ортаны құру.

  6. Кәсіби іс-әрекетте шығармашылықты, бастамашылықты ынталандыратын адамгершіліктік психологиялық ахуалды құру.

  7. Адамдардың әртүрлі категориясымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың жаңа технологиясын, формалар мен әдістерін енгізу.

Маманның ұзақ кәсіби өмір сүруін жоғарылатудың маңызды шешімі - оны жағымсыз кәсіби өзгерудің алдын-алуға дайындалу. Бұл проблема кәсіби білім мекемесінде шешілуі тиіс. Әлеуметтік қызметкердің жалпы кәсіби және арнайы дайындығын жүзеге асыра отырып, оқу орны кәсіби іс-әрекетті өзгертуші факторларды зерттеп, оның алдын-алу туралы нұсқаулар дайындауы тиіс . Басқаша айтқанда оқу орны болашақ маман бойында кәсіби іс-әрекет үдерісінде кездесетін өзгертуші құбылыстардың алдын алуға қажетті білік пен дағдыны, сапаны қалыптастыруы тиіс. Әлеуметтік қызметкерді дайындау кезінде мынаны ескеру қажет:
1. Болашақ маман бойында өзін-өзі басқару кәсіби іс-әрекет үдерісінде туатын әртүрлі жағдайларда өзіне ие болу, меңгеру дағдыларын қалыптастыру кажет.
2. Оқу кезінде болашақ маманға табысты іс-әрекет үшін қажет болатын эмоционалдық-психологиялық тұрақтылық пен беріктікті дамыту және қалыптастыру.
3. Маманға клиентпен жұмыс кезінде эмоционалды-психологиялық тұрақтылықты сақтауға қажетті нұсқауларды меңгеру. Әсіресе эмоционалды –еркі тұрақсыз, ерекше күтімді қажет ететін клиенттермен жұмыс істеу барысында маман өзінің эмоционалды жүйесін, психикасын түрлі бүлдіруші әрекеттерден қорғауға үйренуі тиіс. Бұл мақсатта психологтар мынаны ескеруді ұсынады:
- клиентпен өзара қарым-қатынаста сырттай қатысуға қол жеткізу, яғни клиенттен алған ақпаратты өзіне терең қабылдамауға үйрену;
- өзінің эмоциялық күйін меңгере білу, яғни ішкі терең жан толқынысына жол бермеу;
- клиенттің проблемаларына ішкі назар аударуды мүлде басқа нәрсеге аудара білу, бұл маманның терең эмоциялық күйзеліске түспеуіне көмектеседі.
Маманның жағымсыз өзгеруінің алдын- алуды қамтамасыз ететін кәсіби іс әрекеттің барынша оңтайлы жағдайларын жасау.
Бұндай жағдайлар әр мамандықта әртүрлі. Олар кәсіби іс-әрекетке өзінің қалыпты эмоционалды ерікті тұрақтылығын сақтай отырып, барынша тиімді өз-өзін көрсетуіне көмектеседі. Әлеуметтік іс-әрекеттегі мұндай жағдайларға жататындар:
1. Әлеуметтік қызметкердің өзін-өзі жетілдіруін ынталандыру,оны кәсіби педагогикалық мәдениетін көтеру.
2. Әлеуметтік қызметкердің мінез-құлқы және өз-өзін көрсетуіне, кәсіби іс-әрекеті мен оның нәтижелеріне деген жеке жауапкершілігін қалыптастыру, бұл маманнның кәсіби өз-өзін жетілдіруін ынталандырады.
3. Кәсіби іс- әрекет пен тәжірибе жинау барысында жағымсыз өзгерудің алдын- алу жөніндегі нұсқауларды тиімді қолдану, яғни:
а) клиентпен өзара іс-әрекет үдерісін басқару;
б) өз ойы мен іс-әрекетін клиенттің эмоционалдық күйіне емес, оның проблемаларының мазмұны мен шешу жолдарына шоғындыру.
4. Кәсіби іс-әрекет біткеннен кейін эмоционалдық шаршаудың алдын алу қабілеті. Бұл үшін мыналарды орындау қажет:
а) Кәсіби проблемаларды отбасына әкелмеу, аудармау. Яғни отбасы кәсіби іс-әрекеттің жалғасы болмауы керек;
б) Клиентпен жұмыстан кейін психологиялық демалуды ынталандыратын эмоцилналды жағымды жағдайларға көше алу қабілеті;
в) Үй жағдайында толығымен отбасы және жеке проблемаларға көшу, яғни барынша толық дем алып, рухани және дене қуатын қалпын келтіру қажет.
5. Еңбек және демалыс тәртібін сақтау. Жұмыс барысында жан және дене қалпын сезінуге білуге үйрену керек. Қажет жағдайда психологиялық шаршауды жою үшін үзілістер жасап отыру қажет.
6. Әлеуметтік қызметте жұмыс істейтін мекеме басшылығы оның іс -әрекетіне түсіністікпен қарап, қөмек көрсетуі қажет. Бұндай көмек әсіресе «психологиялық ыңғайсыз» клиентпен жұмыс істеу кезінде керек болады. Қажет жағдайда бұндай клиентті тәжірбиесі жоғары маманға ауыстыру қажеттілігі орын алуы тиіс.
7. Маманның іс-әрекеті мен оның нәтижелерін талдау кезінде оның жеке басына баға беру көзқарасынан аулақ болу керек. Мұндай талдаудың мақсаты маманның кәсіби іс-әрекетінің нәтижелілігін қалай жақсарту жолдарын анықтау.
Маман тұлғасының жағымсыз кәсіби өзгеру құбылыстарын жою
Бұндай іс-әрекет өте қиын, өйткені жағымсыз құбылысты жоюдан гөрі оның алдын алған жеңіл.
Жағымсыз кәсіби бұзылуды жоюда маңыздысы- диагностика, яғни адамның қаншалықты терең өзгеріске ұшырағанын және оның салдарларын анықтау және ол қызметтік міндеттерді орындауда қалай әсер ететінін білу. Тұлғаның өзгеруінің кейбір проблемалары оны жою туралы арнайы жекелеген бағдарламаларды жасауды және оны жүзеге асыруға көптеген мамандардың қатысуын талап етеді. Кәсіби өзгеруді жою үшін кей жағдайларда жұмыс орнын ауыстыру, ұзақ емделу қажет болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет