Әлеуметтік педагогика


Әлеуметтік қызметкердің жеке тұлғасының кәсіби өзгерулерінің типті көріністері



бет59/90
Дата25.09.2022
өлшемі1,49 Mb.
#150614
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   90
Байланысты:
аза стан республикасы ылым ж не білім министрлігі леуметтік п

Әлеуметтік қызметкердің жеке тұлғасының кәсіби өзгерулерінің типті көріністері

Әлеуметтік қызметкердің кәсіби іс-әрекеті оның жеке тұлғасының жағымды, кейде жағымсыз өзгеруіне ықпал етеді. Маманның кәсіби іс-әрекетін негіздейтін барлық факторлар бағыт бойынша маманның жеке әлеуетінің дамуын да айқындап береді. Оның нәтижесінде кәсіби өзіндік жетілдіру және жағымды өзгеріс-жекелік және мінез-құлықтық пайда болады.


Маманның кәсіби өзгеруінің типті жағымды көрінісін анықтап өтейік. Ол жекелік және мінез-құлықтық сипатта болады.
Маманның мінез-құлықтық жағымды кәсіби өзгеруі. Ол адамның кәсіби міндеттерді орындауы салдарынан пайда болады, көп жағдайда ұйымдастырушылықты, тәртіпті, жауапкершілікті талап ететін жаңа қызметке тағайындалуымен тығыз байланысты. Мұндай мінез-құлықтық өзгерістерге: жағымды, мәртебелік, мінез-құлықтық және адамгершілік- мәдени көріністер жатады.
Мәртебелік мінез-құлықтық жағымды өзгерулер. Маманның мұндай өзгерісі оның қызметінің әлеуметтік деңгейімен, қазіргі социумдегі орнымен анықталады. Мәртебенің өзіндік түрлілігі әлеуметтік ортаға (мемлекет, жергілікті жер, әлеуметтік қауым және т.б) байланысты. Мысалы, адамды белгілі бір лауазымға тағайындау одан өмір сүру дағдысы мен мінез-құлқын өзгертуін талап етеді. Бұл жағдайда ол өзінің қызметіне сәйкес сыртқы келбетіне, жеке көлігіне, тұратын үйіне және т.б.қойылатын талаптарды орындауға міндетті болады.
Маманның жеке кәсіби өзгеруі - кәсіби өзіндік жетілуі. Бұл маман тұлғасының кәсіби маңызды қасиеттері мен оның педагогикалық техникасының дамуы кезінде көрінеді. Осы аталғандар кәсіби міндеттерді жоғары тиімділікпен шешуге мүмкіндік береді. Ол әлеуметтік маманның кәсіби іс-әрекетті .
Әлеуметтік қызметкердің кәсіби – мәдени өзгеруі. Бұндай өзгеру кәсіби сапалардың, еңбек мәдениетімен оның нәтижелігін дамытуға ықпал ететін белсенді шығармашылық іс-әрекеттің салдары болып табылады. Ол кәсіби іс-әрекет мәдениетінің жоғарылауымен, кәсіби шеберліктң және маман ретінде беделдін өсуі арқылы көрінеді.
Маманның жеке тұлғалық мінез - құлықтық өзгеруі жағымды өзгеріс ретінде. Ол кәсіби іс-әрекет ықпалымен өзгеретін адамға тән және оның адамгершілік кәсіби өзін-өзі жетілдіруде көрінеді.
Маманның жағымды адамгершілік өзгеруі.
Мұндай өзгеріс кәсіби міндеттерді орындау нәтижесінде жеке мәдениеттің, жауапкершіліктің, жинақылықтың, тәртіптіліктің байқалуы арқылы көрінеді.
Кәсіби қызметкердің өзгеше кәсіби өзгеруі оның шектеулі мамандануы бір ғана нәрсеге қызығушылығы кезінде көрінеді. Бұндай қызығушылық тұлғаның қасиеттері мен сапаларының жекелеген тұстарының дамуына көмектеседі.
Маманның жағымсыз бағыттагы кәсіби өзгеруі әртүрлі көрінеді. Оны мінез-құлықтық, жекелеген және нәтижесінде тұлғалық-мінез құлықтық сипаттағы кәсіби өзгерулер деп жіктеуге болады.Ол практик маманға да, жетекші маманға да тән.
Әлеуметтік қызметкердің жағымсыз көріністегі мінез-құлықтық өзгеруі форма және көріну аумағы бойынша түрлі өзгерістерге ие. Әлеуметтік қызметкердің тұлғасының мінез құлықтық өзгеруінің типтік түрлері мынадай:
А. Адамгершілік мінез-құлықтық өзгеру - басқаларға, олардың іс - әрекетіне әдепсіз қарым –катынас, өзінің қызмет жағдайын жеке бас пайдасына қолдану арқылы байқалатын әлеуметтік қызметкер мінез-құлқының адамгершілік өзгерулері, ол маманға да, басшы қызметкерге де тән.
Б. Әміршілдік мінез-құлықтық өзгеру –бұл кәсіби іс-әрекет кезінде әріптестерін өз ықпалына барынша көндіру арқылы көрінетін әлеуметтік қызметкер мінез-құлқы. Ол қатардағы маманға да, басшыға да тән. Мұндай мамандар өзінің ортасына байланысты мінез -құлық стилін өзгертіп отырады: жұмыс орнында, бастық алдында, отбасында және әлеуметтік мәртебесіне байланысты және т.б. Әрбір жағдайда мұндай адамның мінез-құлық стилі қатал әміршіліктен қорқып, сыйлауға дейін өзгеріп отырады.
В.Тұрпайы-бақылаусыз өзгеру. Бұл әлеуметтік қызметкердің кәсіби іс-әрекет кезінде өз әріптестерімен, бағыныштыларымен, отбасы мүшелерімен дөрекі және бақылаусыз сөйлеуі арқылы байқалады.
Бұндай адамның сөзінің сипат еркшелігі - оның жаргондарды, нормативті емес лексиканы қолдануы. Бұндай сөйлесу:1) жағдай сипатында: әріптестері және бағыныштарымен; тек қана жұмыста; тек қана жұмыс пен үйде; 2)ұдайы сипатта, яғни қоршаған ортамен есептеспеу.
Бұндай өзгеріс әскерилердің нақты бір санатына және әкімшілік бақылаусыз лауазымдағы адамдар, қалыптасқан жағдайға байланысты мәдениет деңгейі байқалатын мамандарға да тән. Сондықтан бұндай адамдарға баға беру кезінде «етікші сияқты», «жүргізуші сияқты» деген теңеулер қолданылады.
Маманның кәсіби өзгеруінің барлық формалары ортаға байланысты әртүрлі байқалады. Жағымсыз мінез- құлық өзгерулерінің барынша типтік ұстанымдары мыналар:
А. Дуалистік ситуативтік-мінез-құлықтық өзгеру - бұл әлеуметтік қызметкердің жағдайға байланысты екі түрлі мінез-құлық көрсетуі. Мұндай маман жұмыста сыпайы, байсалды, сыйластық қарым-қатынаста, ал үйде мүлде басқа: өте қатал, әміршіл, дөрекі, қарсы келгенді ұнатпайтын адам болуы мүмкін. Өзгерудің мұндай формасы жұмыста іскер, жинақы, салауатты, ал үйде ішімдікке құмар, тұйық болу арқылы көрінеді немесе бастықтар алдында өте сыпайы, өз бағынушыларымен карым –катынаста тұрпайы болуы мүмкін. Мұндай өзгеру маманға да жетекшіге де тән.
Б. Ситуативті мінез-құлықтық өзгеру. Ол маманның бойында ситуацияға байланысты байқалып отырады. Басқаша айтканда маман хамелеонды еске түсіреді. Мұндай адамның мінез-құлқы ортаға байланысты. Мұндай өзгеру нақты бір ситуацияға байланысты мінез- құлықтың, іс –әрекеттің, карым-қатынастың өзгеруі арқылы байқалады: бір жағынан сыпайы, мәдениетті бір жағынан тұрпайы, мәдениетсіз, келесі бір жағынан белсенді, бастамашыл, кейде самарқау және т.б.
В. Көрінудің күнделікті формасы-бұл адам өзгеруінің өте тұрпайы формасы. Ол қоршаған орта, басшы және жеке өзін-өзі сынау тарапынан маманың іс-әрекеті мен мінез-құлқына бақылаудың жоқтығы, жазаланбау бәріне мүмкіндік беру сияқты қарым-қатынастардың нәтижесі болып табылады. Бұл жағдайда өзін-өзі сынау, көбіне өз-өзін мақұлдау және өз-өзін қолдау тұрғысынан байқалады.
Маманның мінез-құлқы өзгеруінің алғы шарттары-маманның жағымсыз сапалық мінезі (мысалы билікқұмарлық, өзіне деген тым сенімділік, тым қаталдылық және т.б.) кәсіби мәртебе және кәсіби іс-әрекет жеке тұлғаның жағымсыз қылықтарының толығырақ ашылуына көмектеседі.
Маман тұлғасының мінез-құлықтық өзгеруінің аталған формалары таза күйінде кездеспейді. Адамның мінез-құлқында оның жеке мәдениеті, қоршаған ортасы жағдайларға байланысты әртүрлі жағымсыз сәттер болып тұрады.
Әлеуметтік қызметкер тұлғасының мейлінше типті жағымсыз сапалық өзргерулері. Бұл маман тұлғасының өзгеруі өз кәсіби іс-әрекетімен тіршілік әрекетіне қарым-қатынасында байқалады. Ол кәсіби тәжірибие нәтижесінде қалыптасады және оның субектілік мәртебесінің өзгеруін, эмоционалды- еріктік аумағының өзгеруімен сипаталады. Маман тұлғасының өзгеруінің мұндай түрлеріне жататындар:
А. Өз мамандығынан көңілі қалу. Бұл маманның оқу орнын бітіргеннен кейінгі қалыптасу кезеңінде, қызметке алғаш тағайындалғанда көбірек байқалады.Оның негізгі себептері: студенттің ЖОО-да оқуы кезінде қалыптасқан еңбек романтикасының жоқтығы, түлек дайындық деңгейінің кәсіби іс-әрекет талаптарына сәйкес болмауы; маманның кәсіби іс-әрекетінде кездескен қиындықтар және қызметтік міндеттердің табысты орындау қабілетімен байланысты проблемалар; материалдық қанағаттанбаушылық және оны кәсіби іс-әрекетке қарым –қатынаста сезілуі: «қанща төлейді сонша жұмыс істейді»және т.б.
В. «Мансаптық дағдарыс». Өзінің қызметтік өсу болашағына және өзіне сенімділікті жоғалтқан адамның жай күйі. Бұндай күй маманның өзіне, қоршаған ортаға, кәсіби іс әрекетіне қарым-қатынаста байқалады. Ол басшылық лауазымдағы және белгілі бір кезеңге дейін қызметтік сатымен тезірек көтерілген адамға тән. Жылдам қызметтік өсу кезінде маман бұл оның кәсіби іс-әрекетінің шынайы бағасы деп қабылдап, өзінің барлығын жасай алатындығына сенімі пайда болады. Қызметтік өсу тоқталған кезде оның бойында күйгелек, ашуланшақ, басқалардың пікірін сыйламаушылық , ұрысқақтық, өз іс-әрекетіне басшылыққа көнілі толмаушылық кездесіп отырады. Мұндай өзгеру беделі зор кәсіби іс-әрекетке нәтижелі болған маман бойында байқалады. Белгілі бір себептерге байланысты беделін жоғалту адамды осындай өзгеріске әкеледі.
Маманның эмоциялық-еріктік аумағының өзгеруіне сәйкес тұлғаның өзгеру түрлеріне жататындар:
А. Маманның «жанып кетуі». Бұл термин Еуропа мен Америка елдерінде жеке тұлғаның кәсіби өзгеруін сипаттау кезінде қолданылады. Ол үдеріс ретінде де, нәтиже ретінде де қарастырылады.Үдеріс ретінде - адамның өзінің клиенттеріне, олардың проблемаларына, өз іс-әрекетіне деген бірте-бірте суынуы. Осылайша ол тек орындаушыға айналады. Нәтиже ретінде- маман клиенттің жеке тұлғасына, кәсіби іс-әрекетке, оның нәтижесіне толық бойкүйездік танытады. Бұл жағдайда «жанып кету» салдарлары тек қана жұмыста емес үйде, өзіне және өз жақындарына әсер етеді.
Б. Маманның «күйіп кетуі». Кәсіби іс-әрекеттің жағымсыз факторлары әсерінен маманың өз кәсіби іс-әрекетіне жағымсыз көзқарасының қалыптасуы. Ол өз іс-әрекетімен оның нәтижелеріне клиенттің тағдырына деген самарқау қарым-қатынасы арқылы байқалады. «Күйіп кету» - «жанып кету» нәтижесі салдары болып табылады.
В. «Кәсіби шаршау». Кәсіби іс-әрекеттің жағымсыз факторларының ұзақ уақыт әсер ету нәтижесінде тұлғаның өзгеруі. Ол маманың жұмыс орнындағы жағымсыз жай күйі, тез шаршауы, еңбек нәтижесінің төмендеуінен көрінеді. Ол маманың ұзақ уақыт эмоционалды күйреуде жүруі, кәсіби тәжірибе әсерінен қатты қалжырауы және демалысқа, рухани, дене күшін қалпына келтіруге жеткілікті мән бермеуінен туады.
Г. «Ұдайы шаршау». Кәсіби іс-әрекет факторлары әсерінен үнемі шаршау сезімінің болуымен сипатталады. Ол ұзақ кәсіби іс-әрекеттің ықпалымен маманның эмоционалдық аумағының бұзылуы нәтижесінде туады. Бұндай адамның жұмыс істеуге зауқы жоқ, клиентке, өзінің іс-әрекетіне және оның нәтижесіне еш қызығушылығы жоқ, кәсіби іс-әрекет проблемаларына көңіл қоя алмайды, жұмыс орнындағы бүкіл нәрсеге селсоқ күйде болады. «Ұдайы шаршау» тек жұмыста ғана емес, одан басқа орындарда, үйде, басқа адамдармен қарым-қатынаста байқалады.
Д. «Жеке тұлғаның бұзылуы және бүлінуі» Бұл жеке тұлғаның кәсіби өзгеруінің өте қауіпті түрі. Ол маманның өмірлік іс-әрекетіне тікелей әсер ететін психикалық бұзылулармен негізделеді. Бұзылу ең алдымен адамның эмоционолды-еріктік аумағында байқалады. Оның жиі кездесетін көріністері: жалпы қобалжулық, клиентке, басқа адамдарға, жақындарына күйгеліктік қарым-қатынас. Бұл әлеуметтік қызметкердің кәсіби және басқа іс-әрекетіне жағымсыз әсер етеді. Бұндай өзгеруді жою мамандардың (медицина қызметкерлері: психолог, психиатр) мақсатты бағытталған жеке көмегін талап етеді.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет