Әлеуметтік педагогика


Әлеуметтік-педагогикалық әрекет –



бет71/90
Дата25.09.2022
өлшемі1,49 Mb.
#150614
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   90
Байланысты:
аза стан республикасы ылым ж не білім министрлігі леуметтік п

Әлеуметтік-педагогикалық әрекет – адамның атқаратын әлеуметтік-педагогикалық мақсаты мен педагогикалық құралдары бар әрекет үдерісі және соған сәйкес нәтижеге қол жеткізу қызметі.
Әлеуметтік-педагогикалық диагноз - әлеуметтік дамудың индивидуалдық ерекшеліктерін, адамның қалыптасуын, оның қарым-қатынасындағы, іс-қылықтарындағы, әрекетіндегі тұлғалық сипатын анықтау.
Әлеуметтік педагог деонтологиясы - әлеуметтік педагогтың кәсіби этикалық қалыптары мен принциптері, оның іс-қылықтары мен қызметін анықтайды.
Әлеуметтік даму – қоғамдық өмірдегі әлеуметтік салада немесе оның жекелей компоненттерінде - әлеуметтік қарым-қатынастарда, әлеуметтік институттарда елеулі сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайтын процесс.
Әлеуметтік-педагогикалық қауіптілік туралы ғылым - әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет факторлары және олардың кәсіби дамымауына әсер етуі, шарасыз таңдау жағдайындағы әлеуметтік педагогтың кәсіби іс-әрекетінің ерекшелігі туралы ілім.
Әлеуметтік жүйе – негізгі элементтері адамдар, олардың байланыстары мен өзара әрекеттері болып саналатын бүтіндей құрылымды бейнелейтін әлеуметтік шынайылықтың құрылымдық элементі. Жүйе-бұл сыртқы жағдайлармен өзара әрекеттесу барысында өзінің өмір сүруінде өз құрылымын өзгертуге қабілетті, өзара байланыстар мен қатынастарда тұрып, біртұтастықты бейнелейтін, сапалы нақты элементердің жиынтығынан құралатын зат, құбылыс немесе үрдіс. Кез келген жүйенің өзіндік белгісі бүтінділігімен біріктірілуі.
Әлеуметтендіру (латын тілінен – қоғамдық) - әлеуметтіліктің тұлғалыққа өтуі, адамның санасын, дүниетанымын қалыптастыру (дара адамның тілді, көзқарастарды, әлеуметтік құндылықтарды, әлеуметтік жалпыға, топқа тиесілі мәдениетті меңгеру (мінез-құлық, шектеу ережелерін меңгеру); өмірлік іс-әрекет ортасындағы өзін-өзі көрсетуді, қарым-қатынас дағдыларын, әлеуметтік рөлдерді игеру. Әлеуметтендіру үрдіс, көрініс және нәтиже ретінде қарастырылады.
Әлеуметтендіру үрдіс ретінде – тұлғаның, әлеуметтік орнығуының ерекшеліктері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет